7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі тақырыбы: 'Тұрлаусыз мүшелер'

ҚАзақ тілі тақырыбы: 'Тұрлаусыз мүшелер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тұрлаусыз мүшелердің өзіндік белгілері мен анықтамасы туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтау, сөйлем мүшелері туралы білімдерін тиянақтау.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке , тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Көркем, әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық, бағалау парақшалары.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету, ойын.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірліктерін қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық: Армысың , алтын күн!

Армысың , жер ана!

Армысың, көк аспан!

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Мұғалім: Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, қазақ тілім - дей келе, бүгінгі қазақ тілі сабағымызды бастайық.

2.Үй жұмысын тексеру: 81 - бет. №5 - жаттығу.

3.Өткен сабаққа шолу. Жұмбақ шешу.

Беделі зор бас қала,

Бәйтерегі жас қала,

Ол қай қала?( Астана)

  • Бүгінгі сабағымызда Астана қаласына, яғни Астана қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасаймыз.

  • Астанаға тез барғыларың келе ме?

  • Пойызбен бе, әлде ұшақпен бе?

  • Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.

Оқушылар билеттің артындағы сұрақтарға жауап береді.

  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  • Бастауыш дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

  • Баяндауыш дегеніміз не? Сұрақтары қандай?

  • Бастауыштан кейін қай кезде сызықша қойылады?

  • Айдос бормен жазды деген сөйлемдегі бастауышты көрсет.

  • Әсем қазақ биін биледі деген сөйлемдегі баяндауышты көрсет.

  • Шырша - мәңгі жасыл өсімдік деген сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты көрсет.

4.Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын айту. Күннің жадын жазу.

Көркем жазу сәті. Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық.

Дәптерімізді ашайық,

Көркем етіп жазайық - дей отыра көркем жазу сәтін бастайық.

«Астана » деген сөзді бір жолға жазып шығу.

а)Бәйтерекке саяхат. Берілген сөйлемдерді оқып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Қар жауды. Бүгін жалақтап қар жауды.

ә)Есіл өзеніне саяхат.

Оқулықпен жұмыс: №1 - жаттығу

Тапсырмасы: сөздерді оқу. Қайда? Сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жазу.

б)Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің ескерткішіне саяхат.

Жаңылтпашты оқып жатқа жазу.

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

Тапсырмасы: бастауыштың астын бір рет, баяндауыштың астын екі рет сызып, тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызу.

Сергіту сәті.

В)«Астана» халықаралық әуәжайына саяхат

Тақтамен жұмыс. 5 - жаттығу

Тапсырмасы: берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазу. Сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу.

5.Бекіту кезеңі.

Г)Түнгі бәйтерекке саяхат.

Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.

Айгүл мектепте биледі. Ара гүлге қонды. Қонақтар төрге отырады.

6.Сабақты қорытындылау.

Д)Қазақстан темір жолына саяхат.

  • Сонымен тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

  • Ал Астанаға саяхат ұнады ма?

7.Бағалау - рефлексиялық кезеңі.

Е)Пойызға отыру. Талшыққа қайту.

Оқушылардың өздігінен бағалау парақшасын толтыру.

Үйге тапсырма: 82 - беттегі 4 - жаттығу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал