7


  • Учителю
  • Самопазнание на тему Менің үйім1-сынып

Самопазнание на тему Менің үйім1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Мектеп: Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: 8.11.2016ж

№ 9- сабақ

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы: 1 «а», «ә», «б», «в»

Тақырып: ІІ тарау Ынтымақты отбасы

Менің үйім

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, мейірімділік, татулық

Сабақтың мақсаты оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын жеткізу арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға риясыз сүйе білуге үйрете отырып, отбасы ұғымы туралы түсінік беру

Дамытушылық: оқушыларды отбасы мүшелеріне сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы татулық қасиетін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке, жаншырлыққа, татулыққа тәрбиелеу





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына мән беру , оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Қажетті заттар: А-4 ақ қағаз, стикер қағаздар мен түсті қарындаштар

2.Үй тапсырмасын тексеру

І тоқсанда өткен тақырыптарға шолу жасап келу

3. Дәйексөз

Отан -отбасынан басталады

Мақал-мәтел

Ескерту: даналық сөздің мағынасын ашып түсіндіріп кету

4.Әңгімелеу

  • қасиеттер ен құндылықтардан тұрады?

  • Өз отбасыларың туралы әңгімелеп бер

5. Шығармашылық іс- әрекет, топтық тапсырма

1- тапсырма Отбасы татулығы

Аңыз әңгіме

Баяғы өткен заманда бір үлкен отбасы болыпты.

Отбасында көп адам , тіпті, бір қауы ел бірге тұрыпты Ол отбасында адамның көптігіне қарамастан олар тату -тәтті өмір сүріпті. Бұл жағдай елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген болммайды екен.

Бұл жайлы елдің патшасы да естиді.Патша естігенінің ақ-қарасын білу мақсатында осы елге келеді. Ауыл тап-таза, барлығы жеткілікті,тыныштық пен береке орнаған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа толыпты. Осының мәнісін білгісі келген патша ауыл ақсақалына келіп татулық пен бірлікке қалай қол жеткізгендерін сұрайды.

Сонда ақсақал біраз үнсіз отырып қағаз бетіне жүз рет «сүйіспеншілік», «бірлік», «кешірім» деп жазып береді.

Үш сөзді оқыған патша таңғалып :

  • Осы -ақ па?- деп сұрайды.

  • Иә жақсы отбасы осы үш сөзден ақ құралады- деп сәл ойланып тағы да «шыдамдылық» деген қасиетті де қосып қояды.

  • Отбасының татулығы , бірлігі қайдан келеді екен?

  • Ол кімдерге байланысты? Әр бір адам оған жауапты ма?

  • Отбасыңда қандай бала ,аға, іні, әпке, қарындасың?

Сендердің отбасыларыңда қандай

Балалар суретке қарап отбасы мүшелерінің арасындағы ізгі қарым-қатынас туралы әңгімелеу

2-тапсырма

Оқушылар өз отбасыларының мүшелері туралы әңгімелейді

3- тапсырма

Суретте берілген гүл, ара, күн, ай, кітап жеміс ағашына қарап олардың әрқайсысын өз отбасы мүшесіне теңейтінін айтып беру

6.Топпен ән айту

Ақ мамам

Еркелеймін шаттанам,

Жарқын күлкің бақ маған,

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келшң,келші ақ мамам.

7.Үйге тапсырмасы.

«Ғажайып» өлеңін оқып келу

















































</















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал