7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен 'ЭКСПО - 2017'тақырыбына сабақ жоспары. 6 Сынып

Қазақ тілінен 'ЭКСПО - 2017'тақырыбына сабақ жоспары. 6 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6 сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Экспо - 2017

Сабақтың мақсаты:1. Экспо туралы мәліметтер алып, алған білімдерін тереңдету.

2. Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін, ой- өрісін дамыту.

3, Ұқыптылыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру.

  1. Үйтап. тексеру.

  2. Қорытынды жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Сабақтың эпиграфы мекн тақырыбымен таныстыру.

«Бұл Қазақстан үшін үлкен құрмет және қуанышты оқиға. Астанада «ЭКСПО - 2017» көрмесін тұрғызамыз, өз экспозициямызды заманауи технологиямен қамтамасыз етеміз. Бұл әдемі нысан жаңа Елордамыздың ең үздік бренді болады»

Н.Ә.Назарбаев.

Яғни, EXPO-2017 Астанада. Жалпы Бас қаламызда 2017 жылы ЭКСПО-ға байланысты көрме болмак.

2. Мәтіндермен жұмыс. Әр топ өз мәтіндерін оқып, аудармашылар қызметіне жүгііп, о. тіліне аудару. А)Эйфель мұнарасы

ЭКСПО -1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. "Темір ханым" деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара париждің символы.

Ә)Шанхай қаласы - ЭКСПО 2010

"Жақсы қала - жақсы өмір".

2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. Көрме тақырыбы "Жақсы қала-жақсы өмір". Көрменің жалпы ауданы -

5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 миллион адам қатысқан екен. Ұйымдастырушыларға 12 млрд.доллар пайда әкелінді.Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.

Б) Монреаль қаласы ЭКСПО -1967 жыл

1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер. Франция Жак-Ив-Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді. 1967 жылғы АҚШ Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. "Адамдар планетасы" тақырыбындағы көрмеге 50 миллионнан астам адам келген. Салыстырып көрелік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 2 млн болатын.

  1. Сергіту сәті.

  2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңдар. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар дайындаңдар.

Дүнижүзілік Экспо кестесімен таныстырып, осы көрме бізге не береді деп сұрақ қойып, ой бөлісу.

ІV. Қорытынды жасау.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Астана» тақырыбына тақпақ жаттап келу.


6 сынып Қазақ тілі

Мәтіндермен жұмыс. Әр топ өз мәтіндерін оқып, аудармашылар қызметіне жүгііп, о. тіліне аудару.

А)Эйфель мұнарасы

ЭКСПО -1889 жылғы Бастилияны алудың жүз жылдығына арналып өткізілген ЭКСПО кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. "Темір ханым" деп атап кеткен мұнараға көрме күндерінің өзінде 2 миллион адам көтеріліпті. Бүгінде бұл мұнара париждің символы.

Ә)Шанхай қаласы - ЭКСПО 2010

"Жақсы қала - жақсы өмір".

2010 жылдың 1 мамыр мен 31 қазан аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. Көрме тақырыбы "Жақсы қала-жақсы өмір". Көрменің жалпы ауданы -

5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 миллион адам қатысқан екен. Ұйымдастырушыларға 12 млрд.доллар пайда әкелінді.Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.

Б) Монреаль қаласы ЭКСПО -1967 жыл

1967 және 1986 жылдардағы Канададағы халықаралық көрмелер. Франция Жак-Ив-Кусто экспедицияларының олжаларын қалың жұртшылыққа көрсетсе, Кеңес Одағы Юрий Гагариннің Жерді айналып шыққан ғарыш капсуласын әкелді. 1967 жылғы АҚШ Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды. "Адамдар планетасы" тақырыбындағы көрмеге 50 миллионнан астам адам келген. Салыстырып көрелік: сол жылдары Канаданың халқы небәрі 2 млн болатын.

  1. Сергіту сәті.

  2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазыңдар. Мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар дайындаңдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал