7


  • Учителю
  • Конспекты урока по казахскому языку для 5 класса

Конспекты урока по казахскому языку для 5 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Авторы: Жаныспай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Биманова Файруза Флорисовна.

Мекен - жайы: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Жаныспай ауылы.

Сабақтың тақырыбы : Астана қаласы (6- сынып)

Мақсаты:

1.Сабақты тарих сабағымен және Қазақстан тәуелсіздігінің 20- жылдығымен байланыстырып, оқушыларды Астана қаласымен таныстыру, сөздік қорларын молайту.

2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

3.Жаңартпа технологияларды пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылық сезімдерін ояту.

Түрі : дәстүрлі сабақ

Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат, сабаққа даярлау.

Сабақ барысы

1.Өткен сабақты еске түсіріп, оқушыларға сұрақ қою.

1.Көсемші есімдер дегеніміз не?

2.Қандай көсемші есімдерді білесіңдер?

3.Мысал келтіріңдер

2.Жаңа сабақ

Сабаққа қатысты жаңа сөздер

тұрғын - житель

орталық - центр

ғимарат - здание

бой көтерді - выстроились

қасиетті - священный

танымастай - неузнаваемо

ұлт өкілдері - представители наций

болашақ - будущее

(интерактивті тақтадан жаңа сөздерді көрсетіп, таныстыру)

3.Мұғалімнің сөзі. Балалар сендер Қазақстанның неше астанасы болғанын білесіңдер ме? Тарихқа үңілетін болсақ, Қазақстанның тұңғыш астанасы - Орынбор қаласы , екінші астанасы- Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болған.( слайд арқылы осы қалаларды көрсету )Ал 1997 жылы 20 қазанда Ақмола Қазақстан Республикасының астанасына айналды.

Астана - біздің мемлекетіміздің бас қаласы. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Астана қаласы солтүстік Қазақстан аймағынды орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Астана - болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

Астана - тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы. Ал биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығы? Дұрыс айтасындар, биыл тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы.(слайд арқылы оқушыларға Астана қаласын көрсету)

. 4.Оқулықтағы Астана туралы мәтінді аудару.

5.Электронды оқулықтан Астана жайында қосымша материалды тындап, электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

1- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді орыс тіліне аудару.

Керекті сөздер:

қонақтар, көрікті, орталығы, орталығында, балықтар, солтүстігінде.

Жаңа астана Қазақстанның ...орналасқан. Астананың...жаңа ғимараттар көп. Қалаға ұшақпен, поезбен көп...келеді.Олар жаңа Астананың...жерлерін тамашалайды. Жас қонақтарға «Думан» ойын-сауық...қатты ұнайды.Балалар судағы... мен дельфиндердің ойынын ұзақ тамашалайды.

2- тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беру.

1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.

а) орталығында

в) шығысында

с) батысында

д )солтүстігінде

2.Жаңа астана қалай салынып жатыр

а )тез

в) көп

с) аз

д) тездеп

3.Бұрынғы астана Алматы қаласы ненің баурайында

а) Көкшетаудың

в )Қаратаудың

с )Алатаудың

д) Биік таудың

4.Қызылорда,Орынбор қалалары да... болған

а) астаналарда

в )астана

с )астанаға

д) астанада

5.Астана солтүстікте, ал Алматы оңтүстікте...

а )бар

в) жоқ

с) орналасқан

д) орында

6.Астана бұрынғы...қаласына 1997 жылы көшіп барды

а) Қостанай

в )Ақмола

с) Целиноград

д) Қараөткел

7.Астананың тұсаукесер тойы қай айда болды

а) шілдеде

в) тамызда

с )мамырда

д) маусымда

8.Астана - Қазақстан Республикасының нешінші астанасы

а) бірінші

в) алтыншы

с) екінші

д) төртінші

9.Астананың орталығында нелер көп

а) ғимараттар

в) дүкендер

с) өзендер

д) қонақтар

10.Жаңа астанаға қандай қонақтар көп келеді

а) шетелмен

в) шетелдік

с) шетелден

д) шетелдің

11.Балалар «Бәйтерек» пен «Думанды»...көреді

а) жаңа

в) көреді

с) жақсы

д )жас

12.Қонақтар үшін «Астана», «Есіл» сияқты қандай қонақүйлер бар

а) жайлы

в) жайлау

с) жайында

д) жай

13.Қалада президент...орталығы жұмыс істейді

а) әдеби

в) мәдени

с) әдебиет

д )мәдениет

14.Қалада Өнер... мен Л.Гумилев атындағы университет бар

а) академия

в )академиялық

с) академиясы

д) акдемиясында

15.Темір жол вокзалы мен...әуежай қонақтарға ұнайды

а) жақсы

в) жаңа

с) жаңадан

д) дүкен

Дұрыс жауаптары

1)д 2)а 3)с 4)в 5)с 6)в 7)д 8)д 9)а 10)в 11)с 12)а 13)в 14)с 15)в

6. Интерактивті тақтадан оқушыларға Астана туралы «Менің қалам» атты видео көрсету.

Сабақты бекіту.Оқушыларға сұрақ қою

1.Қазақстанның неше астанасы болған?

2.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінді орналасқан?

3.Есіл өзеннің бойында қандай ғимараттар бар?

4.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?

5.Астана қаласында неше астам ұлт өкілдері тұрады?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал