- Учителю
- Өзін өзі тану пәніен дөңгелек үстел Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі!
Өзін өзі тану пәніен дөңгелек үстел Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі!
"Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі!" (дөңгелек үстел)
Мақсаты : Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету, ұл, қыздарымыздың бойында адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу.
Күткен нәтижелеріміз:
-Қазақ қызының бойына тән ішкі және сыртқы сұлулықтың, тәлімдік қасиеттердің ұлттық сана, салт-дәстүрмен байланыстылығы туралы түсінік алды.
-Оқушылардың инабаттылығы мен әдемілігін қатар ұстаудың маңызы туралы ақпараттармен таныстырылды, оларды өмірдегі жағдайлармен салыстыра бағалай алды.
Көрнекілік:интербелсенді тақта, ролик,нақыл сөздер.
Қатысушылар: 7-10 сынып оқушылары.
Мұғалім:
- Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
дөңгелек үстел басындағы талқылайтын тақырыбымыз "Ибалы ұл,
инабатты қыз-өмір көркі!"
Дөңгелек үстел мынадай бөлімдерден тұрады:
I бөлім тренинг баяу музыка
II бөлім бейнежазба
III бөлім ұлдарға, қыздарға арналған сұрақтар
Мұғалім: Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыз.Жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.
Балалар, қазақта мынандай тілек бар екен. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын! Адам бойындағы жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Даладан қоқыс жәшігінен немесе дәретханадан бала тауып алу жиілеп кетті. Жамбыл облысында бір емес екі жае түршігерлік оқиға болды. 3-қаңтарда 22 жасар әйел баласын дәретханаға тастап, араға он күн салып кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткен қыз көлікте босанды.Жаңа туған шақалақты қыздың анасы көліктен лақтырып жіберді.Бұл неткен қатыгездік деп есімізді жинағанда Ақтау, Атырау тас жолы бойында шарана табылған.Өз баласын өлтіретін ұрпақ қайдан келді. Санаға маза бермеген сан сауал бүгінгі біздің «Ибалы ұл, инабатты қыз-өмір көркі» атты дөңгелек үстелімізге арқау болмақ.
II бөлім бейнежазба
Оқушылар өз ойларын ортаға салды.
III бөлім ұлдарға, қыздарға арналған сұрақтар
Ұлдарға сұрақ:
1.Қыздың көркі дегенді қалай түсінесің? (ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине сыртқы келбеті)
2.Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай кезінен бастап , бағып жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса, өскенде солай қалыптасады)
3.Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені, өтірік айтқаны)
4.Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? ( қылықты, әдепті болса, сыпайы, биязы болса)
Қыздарға сұрақ:
1.Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні сыйламайтыны)
2.Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, адамгершілігі мол)
3. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)
4.Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?
( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне , отанына қызмет етуі тиіс. Ол үшін тәртіпті, саналы, адамгершілігі мол болуы керек)
Бейнежазба «Барлық бала бақытты»
Қорытынды:
Аң жортар аяғымен, жер еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк еркесі
Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,
Адам бол ! Болма адамның көлеңкесі-деп Абай атамыз айтқандай, сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да инабатты ұл-қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамыз.
Психологиялық кеңес
қызықты өмір сүру үшін...
-
ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе
тоқы;
-
икемің бар іспен айналыс , мысалы (ән айту , би билеу , шеберлік істер );
-
әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс;
-
ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің;
-
ата - анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр;
-
әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс;
-
әр күні кешке " мен бүгін не істедім?" деп өзіңе есеп беріп үйрен ;
-
күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар 1 топқа бөлініп отырады.
1- жүргізуші: Саламатсыздар ма, қадірменді көрермендер. Бүгірні
дебаттық клуб басындағы талқылайтын тақырыбымыз-
«Өмір -сен қымбатсың»!
Бүгінгі талқылатантын тақырып мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. Өз өмірім -өз қолымда
3. Өмір жайлы....
4. Өмір -театр
2- жүргізуші.
Ғашықпын, өмір саған көктем үшін.
Қорқыныш, үрей үшін, от дем үшін.
Ғашықпын өмір саған азды -көпті.
Дәміңнен бұйырғаны жеткені үшін,- дегендей өмір адамзат баласына
бір -ақ рет беріледі. сол қамшының сабындай қысқа өмірде
өкінбейтіндей, мағыгалы өмір сүру қажетү
1- жүргізуші. Иә, өмір,өмір, өмір....
Аллаһ адамға өмірді тек бір рет қана береді, сол арқылы адамның бұл
өмірдегі жасаған жақсылығына, адамгершілігіне, кішіпейілділігіне,
өзі алданса да ешқашан өзге адамды алдамай, адал болса ғана өмірде
шынайы бақытқа жеткізеді. өмірде басыңа қандай қиыншылық түссе де,
соған төтеп беріп, шыдамды, сабырлы болып сол қиын кезеннен шыға
білсең бұл да сенің жеңісің.
1. Таныстыру.
бүгінгі пікірталасымызға қатысып отырған топтар өздерін таныстырып
кетсе. сөз кезегі топ басшыларында.
2- жүргізуші.
Өмір құлып, кілтін тапсаң ашасың
Өмір өрт ол, қорқақ болсаң қашасың.
Өмір деген сабырсызға қыс мәңгі.
Өмір көктем болсаң егер ұстамды.
1-жүргізуші. Өмір -өзен, адамның көңіл күй сезімі де-өзен, уақыт та
-өзен, тағдыр да -өзен.
Сол бір өзенде сансыз қасірет пен қуаныш қатар ағып жатады, онда
мұрат та, жауапкершілік те, өмірдің ащысы мен тұщысы да бар.
Өмір. Бұл ұзақ жол. Бұл жолда әркім әр түрлі қиындықтар мен
қызықтарға, бар мен жоққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға
кездесіп отырады. өмірде барлық адам бір жолмен жүрмейді, олар
бірдей емес. Әркімнің өмір жолы әр түрлі. Десе де, әркімге өз өмірі
қымбат. Қымбат боа тұрса да, кейде адам өз өмір жолында кездескен
қиындықтарға төзе алмай әдепсіз жат әдеттерге беріледі.
-Ал, ол қандай жат қылық?
2- жүргізуші.
Кезекті келесі бөлімге берейік. «Өз өмір -өз қолымда».
«Суреттегі ой»
Әр топқа әр түрлі сурет таратылып беріледі. сол сурет бойынша
оқушылар өз ойларын айтады.
1 топқа -иығына темекі асынып алған қаңқа, иығына арақ асынып алған
қаңқа.
2-топқа- иығына щприц асынып алған қаңқа, өзін -өзі өлтірген адам
суреті.
-Міне, өздерің айтқандай, темекі, есірткі, ішімдік адам өміріне өте
қауіпті дерт. Осы қауіпті дерттің соңы неге апарады?
-Әрине, өлімге апарары анық.
Сонымен зиянды әрекеттерден бойымызды аулақ салсақ, біздің өміріміз
ұзақ та, мәнді болмақ.
М.Мақатаев «Өмір жайлы»
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем,
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Жалғыз ұлы қан майданнан келмеген.
Жесір келін бір де бала көрмеген
Жетім шалды бала орнына тербеген.
Өмір жайлы не білемін мен деген
Өмір жайлы сұрай берме сен менен.
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Өміріне кегі кеткен өлмеген.
Жалғыз айып тағылғанда көлденең.
Ақиқаттың әппақ туын бермеген.
Содан сұра, содан сұра өмірді,
Нені көрді, нені сезді, не білді?
Неге ақылды ақымақтан жеңілді.
Жабырқаулы, біреу неге көңілді?
Содан сұра, содан сұра өмірді.
2-жүргізуші.
Келесі бөлімге кезек келеді. Келесі бөлім «Өмір жайлы»
1. «Өмір жайлы не білеміз?»
2. «Өмірге деген сендердің қөзқарастарың қандай?»
3. «Менің өмір сүрудегі мақсатым не?» осы сұрақтар төңірегінде ой
қозғасақ.
1- жүргізуші. «Өмір мен де ғашықпын».
Келесі кезекте әр топ өздерінің өмір жайлы шығармаларынан ой
қозғаса.
2- жүргізуші. Өмір -театр дейді емес пе? Күлесіз, жылайсыз,
қуанасыз.... Басты кейіпкерде өзінің жүргендейсің. Ал кейбіреулер
оны роезбен теңестіреді. Ал енді біреулер өмірді өземен теңейтеді.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның
мәні юолу керек.
Келесі бөлім «Өмір -театр»
Кезекті көріністерге береміз.
Проблемаларды жою. Оқушылар үнтаспадан баяу әуен тыңдайды. Оларға
қағаз таратылып беріледі. Сол қағаздағы айтылған проблемаларға
байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады.
Оқушылар осы проблемаларға байланысты әр түрлі сөйлемдер айтылады.
иОқушылар осы проблемаға сәйкес тез арада сурет салады.
1. темекі адамның ағзасын улайды.
2. Есірткі пайдалану адам өміріне қауіпті.
3. Өз-өзіне қол жұмсағандар -аманатқа қиянат жасағандар.
4. Арақ адамның қас жауы.
Барлығы сурет салып болған соң әр оқушы салған суретті бүктеп
қоқысқа тастайды. Тастап тұрып «Мұндай нәрселерден бойымды аулақ
саламын» дейді.
Топ жетекшісі: Өмір деген жұмбақ дүниенің ащысы мен тұщысы қатар
жүреді екен. Сол өмірді жетік танып, білу де мүмкін емес сияқты.
Бірақ менің түйгенім өмірден өз орныңды тауып, не үшін өмір сүріп
жатқаныңызды біліп, жаныңа қолтықтан демеп демеушіңізді тапсаң, бұл
өмір әрбір адам баласы үшін қызықты болмақ. әрине, Алла тағала
жақсылық пен жамандықты береді дейді. Алайда, өміріміздің
көшбасшысы өзіміз болғандықтан жақсылыққа да, жамандыққа да баратын
өзіміз. Біз бұл қысқа ғана өмірге келген қонақпыз, сол қамшының
сабындай ғана өмірді бағалап, ғашық көзбен қарап, өмір сүре білу
қажет деп ойлаймын.
Бір -бірімізге жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді айтып,
бүгінгі пікірталасымызды аяқтайық.
2- жүргізуші. Психологиялық ойын -«Жүректен жүрекке».
Ойынның шарты бойынша жансыз жүректі жандандыру.
Қорытынды.
Бүгінгі дебаттық клубта «Өмір -сен қымбатсың!» атты
пікірталасымызды аяқтау отырып, адам баласына бір -ақ рет берілетін
өмірді мәнді де, сәнді, бақытты да, қызықты өткізулеріңізге
тілектеспіз.