- Учителю
- С. Сейфуллин 'Көкшетау' поэмасы, сабақ жоспары
С. Сейфуллин 'Көкшетау' поэмасы, сабақ жоспары
Lesson Planner Template
Сабақты жоспарлау
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы. Сыныбы: 10. Юнит: Тарихи тұлғалар. Сәкен Сейфуллин
Тақырыбы: С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының тарихи негіздері . Мұғалімдер: Алмагүл Социалқызы Шималова - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Асқар Қантайұлы Қосыбаев - Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі.
Мазмұны
Пәнге тән түсініктер.
Зерттеу сұрағы.
Іс-әрекет (Нұсқаулық пен іс -әрекеттер тәртібін өзгертуге немесе қайталауға болады)
Ресурстар
С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын әдеби, тарихи тұрғыда талдау, географиялық тұрғыда толықтыру;
-
Көзқарас
-
Мінез
Негізгі концепция- шығармашылық
Ғаламдық мәнмәтін - жеке және мәдени көзқарас
Тарихи тұлғалардың
жеке және мәдени көзқарасы, мінезі олардың шығармашылығына әсер етуі мүмкін.
Кіріспе. Мұғалім сөзі:
Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғанды әсем.
Ту ұстап,тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда тайғақ кешіп» болдың көсем,-деп, Сәбит Мұқанов жырламақшы, бүгінгі сабағымыз С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасын талдауға арналады.
Ұйымдастыру:
-
Сынып 3 топқа бөлінеді. Ол үшін оқушыларға сандар беріледі, олар сол сандар бойынша топтасады. І топта 3 санына бөлінетін сандар, ІІ топқа 4 санына бөлінетін сандар, ІІІ топқа 5 санына бөлінетін сандары бар оқушылар отырады.
-
Топ ережесі шығарылады;
-
Оқушылардың алдарына А-4 қағаздары таратылып, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір картасы» салу керектігі айтылады;
Қызығушылықты ояту кезеңі (10 минут):
Топтарға тапсырма:
І топқа:
Тарихи тұлға дегеніміз кім?
ІІ топқа:
Сәкен тарихи тұлға деп атауға лайықты ма?
ІІІ топқа:
Сәкен өз шығармаларында қандай тарихи тұлғалардың өмірін суреттеуге тырысқан?
-
Бурабай туралы бейнефильм көрсетіледі;
Сол бейнефильмге байланысты сұрақ қойылады.
(Бейнефильмде Жекебатыр тауына байланысты қызықты мәлімет берілген).
Сұрақ:
-
Бейнефильмнен қандай көріністі тамашалаңыздар? Аталған жер атауы қандай шығармада кездеседі?
( Оқушылардың жауаптары тыңдалады).
-
Сәкеннің «Көкшетау» поэмасының ерекшелігі неде деп ойлайсыздар?
/Көкшетау табиғатын суреттеуден басталады, аңыздар желісіне құрылған/
-
Көкшетаудың көркем табиғаты ақын шығармашылығына қалай әсер етті?
Көкшетаудың көркемдігін суреттеу үшін жоғарыдағы суреттер пайдаланылды.
Мағынаны тану кезеңі:
«Bilimland» сайтынан Көкшетаудың табиғатын суреттейтін үзінділер тыңдалады, сол үзінділер бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:
-
Ақын Көкше табиғатының қандай ерекшелігіне назар аударып отыр?
І топқа:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
ІІ топқа:
Сексен көл Көкшетаудын саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек канша жұтса, тоясың ба?
ІІІ топқа:
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Көкше табиғатының ерекше жаратылысына байланысты бейнефильмнен үзінді көрсетіледі;
«Bilimland» сайтынан үзінді тыңдалады:
Абылай батырларын алды жиып,
Үлеске олжаларын салды жиып.
Сол жерде бір сұлуға талас болды,
Бере алмай біреуіне бірі қиып.
Ондағы Абылай кім?
-
Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасалады;
Үш топ класстер арқылы Абылай бейнесін, Адақ бейнесін, қалмақ қызының бейнесін талдайды. Ол бейнелердің бойындағы қасиеттерін поэма эпизодтары арқылы дәлелдейді.
-
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен» жұмыс жүргізіліп, «Адақ» сөзінің мағынасы анықтады;
«Адақтап» -жекеленіп бөліну, аулақтану дегенді білдіреді.
-
Бұл бейнелер оқушы үлгілері арқылы дәлелденеді.
Абылай дәуірі жайлы сөз тарих пәнінің мұғаліміне беріледі;
1-тапсырма: Берілген ақпараттың ақиқат не жалған екенін анықтау;
2-тапсырма: Кейіпкерлердің тарихтағы орны, қарым-қатынас, сол замандағы тарихи оқиғалар мына кесте бойынша анықталады:
3. Баянауылдағы «Сәкентас» тауының тарихы туралы айтылады;
.
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1141-qazaqadebieti
http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1141-qazaqadebieti
Рефлексия (5 минут):
Осы поэмаға әдеби тұрғыдан қалай баға беруге болады?
Бұл шығарманың тарихилығы неде?
Аталған поэманы географиялық тұрғыда қарастырудың маңыздылығы бар ма?
Бағалау:
Топтар бірін-бірі бағалайды;
Қорытынды жасалады.
Рефлексия: сабақ барысында түрлі ресурстарды, әсіресе «BILIMLAND» сайтындағы материалдарды қолдану пәннің мзмұндылығы мен оқушылардың пәнге деген арттыруда зор үлес қосады. Сайттағы қазақ тіліндегі интерактивті ресурстар - мемлекеттік тілдің тиімді дамытудың негізгі құралының бірі. Осы сайтты тиімді пайдалану мұғалімдердің АКТ құралдарымен жұмыс істеу мүмкіндігін жеңілдетті.