7


  • Учителю
  • Открытый урок Тәуелсіздікті асқақтатқан-спорт ( 9 класс)

Открытый урок Тәуелсіздікті асқақтатқан-спорт ( 9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:«Тәуелсіздікті асқақтатқан- спорт»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, спорт туралы алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.

Міндеттері:

1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, спортқа деген сүйіспеншілігін аттыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Қазақстанның мерейін көтерген спортшыларымызды мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, асық

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, мұғалімдер,қонақтар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Тәуелсіздіктің мерейін биіктеткен- спорт!» Қош келдіңіздер!

ІІ. Негізгі бөлім. Тіл дамыту.

«Шаттық шеңберіне» тұрып бір-біріне сәттілік тілектерін айтады.

Мұғалім сөзі: Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз көп жетістіктерге қол жеткізді. Осы жыл елімізге ерекше жыл болды. Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Қазақстан - бар қазақтың киелі туған жері,

Қазақстан - қазағымның туған елі.

Кен байтақ Қазақстандай жерде туған

Қазақтың Тәңірі берген несібесі!





Астана - бәйтеректің қаласындай,

Астана - бұл қазақтың панасындай.

Елге ғана осындай даласы бар

Астанадай жас қала жарасымды - ай!





Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,

Қазақстан - бұл біздің ардағымыз.

Кең байтақ Қазақстандай жерде туған

Біздің сірә, барма екен арманымыз?!





Күн шуағы өзіңнен нұр береді,

Туған жерім сол нұрмен түрленеді.

Кең байтақ Егеменді туған жерім,

Елбасының еңбегімен гүлденеді.





Ақорда - Алашымның астанасы,

Бәйтерек - ең үлкен баспанасы.

Даласында Сарыарқаның самал ескен,

Мұның бәрі қазақтың байлығы екен.





Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.





Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.





Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымыз да ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.





Қазағымның тарихы жатқан аңыз,

Ел болдық егеменді мақтанамыз.

Төбеміз көкке жетті қуаныштан,

Жаңғырды ата дәстүр, салт-санамыз.





Жиырма бес егеменді елімізге,

Тәуелсіздік шықты енді төрімізде.

Әлемнің тыныштығын ойлап жүрген,

Ел тізгіні Елбасы өзіңізде.





Спортта жүлде алды қыз бен ұлың,

Ойналып әнұрның, желбіреді көк туың.

Қазақстандық көбейді чемпиондар,

Шарықтап әнің, асқақтап шықты үнің.





Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Ата-баба айтып кеткен өсиет,

Қазақ елі - Мәңгілік ел боп қаламыз.

Қазақстанның екінші әнұраны. Ән Атамекен.





Оқушыларды 2 - топқа бөлу. Әр қатарға асық салынған қалта тастау. Асықтағы әріптерден әр топтың аты шығады.

1 - топ: Ханталапай

2 - топ: Тоғызқұмалақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі.,

Елбасы Н Назарбаев дәстүрлі жолдауында халық денсаулығын Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы сәттіліктердің бір бөлшегі ретінде атап көрсеткен болатын.Яғни дені сау адам- мемлекет байлығы.Сондықтан бәсекегі қабілетті ұлт қалыптастыру,азаматтардың денсаулығын нығайту үшін елімізде спортты қолдау үшін көп көңіл бөліп жүр. Қазақстан жерінде өткен Азиада елімізді бүкіл әлемге танытты.





















Екі топқа берілген тапсырма.Бірінші топ конверттің ішінен Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жетістіктерін теріп алып постер жасайды.

Екінші і топ конверттің ішінен Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі спорттағы жетістіктерін теріп алып постер жасайды.

Бірінші топ.

1991 жыл-тәуелсіздік алған жыл.

1991 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

1992 жыл Рәміздер қабылданды.

1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

2006 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны қабылданды.

1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

1999 жыл-Астана қаласы ЮНЕСКО-ның Әлем қаласы сыйлығымен марапатталды.

2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

Екінші топ.

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылды.

1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алғалы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты.

1992 жылғы XXV(он бесінші) жазғы Олимпиада ойындарында «Біріккен команда» ретінде өнер көрсетті.

1994 жылы XVII(он жетінші) қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, 1 алтын, шаңғышыВладимир Смирнов алған болатын.

1996 жылы Атланта қаласында өткен XXVI( жиырма алтыншы) жазғы Олимпиада ойындарында Василий Жиров (бокс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын,

1998 жылы Наганода өткен ХVІІІ(он сегізінші) қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 2 қола алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды.

Сондай-ақ 2000 жылы Сиднейде өткен XXVII (жиырма жетінші)жазғы Олимпиада ойындарында Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов (бокс), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика) алтын,

Ал 2004 жылы Грекияда өткен XXVIII( жиырма сегізінші)жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын

2008 жылы Бейжіңде өткен XXIX(жиырма тоғызыншы )жазғы Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика) алтын

2012 жылы Лондонда өткен XXX(отызыншы )жазғы Олимпиада ойындары</нда Қазақстан 7 алтын алды.





















Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Солдатсай шаңғы трассасы, Табаған фристайл кешені, Шымбұлақтағы тау шаңғысы базасы,«Астана-арена» стадионы

«Астана», «Евразия», «Динамо» және «Каспий» спорт кешендері, «Қазақстан» спорт сарайы, «Жас батыр» спорттық мектеп-интернаты, Ұлттық теннис орталығы - Астанадағы спорттық ғимарат.

Постерларын қорғайды.

Слайд бойынша Қазақстан туралы әңгімелеу.

Қазақстан Республикасы - Еуразия деп аталатын құрлықта орналасқан ел. Жерінің аумағы бойынша дүниежүзінде 9-орында тұр.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол-тәуелсіз Қазақстан.Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды.

Біздің еліміз бірқатар аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды.

Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет.

Оның жері кең-байтақ .Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан асады.

Қазақстанның ұлан - байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар. Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті - Н.Ә.Назарбаев. Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы - тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.

Біздің туымыз-тәуелсіздік, тілегіміз-бейбітшілік, тыныштық.

Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, аман сақтау - әрбір азаматтың борышы.

Ән Үш қаңырым.Орындайтын Зинько Данил.

Мұғалімнің сөзі. Слайд. Біздің спортшылар.

Қазақстанның мерейін көтерген, көк туын желбіреткен белгілі спортшылар өте көп. Олар: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов, Әлия Юсупова, т.б. Еліміз олармен мақтанады.Біз қазір сендермер карусель ойынын ойнаймыз.Бір-біріңе сұрақ қойып









1.Саған спорт ұнай ма?

2.Иә, маған спорт ұнайды.

3.Сен спортпен айналысасың ба?

4.Иә, мен спортпен айналысамын.

5.Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

6.Мен волейболмен шұғылданамын.

7.Қандай қысқы спорт ойындарын білесің?

8..Қысқы спорт ойындары хоккей,шанамен сырғанау,шор-трек.

9.Қандай жазғы спорт ойындрын білесің?

10.Жазғы спорт ойындары жүгіру, жүзу, волейбол, футбол.

11.2012 жылы Лондонда қандай олимпиадалық ойын болды?

12.XXX жазғы олимпиада ойындары болды.

13.Лондонда Қазақстан неше алтын алды?

Ән Спорт

.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал