- Учителю
- Ж. Нажімеденов. Сен ақылды болсаң екен, Жаманыңды көрмесем.
Ж. Нажімеденов. Сен ақылды болсаң екен, Жаманыңды көрмесем.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Әдебиет
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы: 17.04.2015
4.Тоқсан: ІV
5.Мұғалім: Дусалиева Марико
Сабақтың тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен», «Жаманыңды көрмесем».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің сюжетін меңгерту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу
Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портреті, шығармалар жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
-
Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы
-
«Қозыкүрең»
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
-
Ақынның өмірі жайлы мәлімет.
-
1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» ауылында туған.
-
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде оқыған.
-
Мәскеудегі М. Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты бітірген.
-
Еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған
-
Оның «Менің Қазақстаным» өлеңін күллі қазақ даласы әнге қосыла айтады.
-
«Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бар.
2.Өлеңді мәнерлеп оқу.
3.Өлең құрылысына талдау.
VІ. Түсінік тексеру:
-
Сұрақтарға жауап беру.
-
Өлеңге өздерің тақырып қойыңдар.
-
«Жақсы жанның ұнатқаны - тілегім», «Қауіптенем жамандарға ұнаудан» деген өлең жолдарын түсіндіріп ой бөлісіп көріңдер.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
Салыстыру арқылы дәлелдеу.
Жаман
-
Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?
Білемін
Мен үшін жаңалық
Білгім келеді
VІІІ.Сабақты қорыту.
-
Бағалау:
-
Үй тапсырмасын беру: Реферет жазу, жаттау.