7


  • Учителю
  • Поурочный план по казахскому языку 3 класс на тему 'Наша семья'.

Поурочный план по казахскому языку 3 класс на тему 'Наша семья'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



3 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз № 9. 1 тоқсан № 9.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Сөйлесім әрекеттерін /оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым/ жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін жетілдіру. Әр оқушының білім сапасын сабақ және модуль сайын тексеріп, арттырып отыру.

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын 3 жақта қолдануды жалғастыру. Оқу материалдарын өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып, әр түрлі әдістерді қолданып, тілдесім әрекеттерін жандандыру.

  3. Тәрбиелік: Ата-анаға құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдерінің шынайы болуына бағыт беріп, мысалдар арқылы қосымша жұмыстар жүргізу. Оқушыларға адами қасиеттерді олардың санасына және жас ерекшелігіне сай қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: суреттер көрсетіп әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер, тақырып бойынша суреттер, тақта, кітап.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын, оқушыларды түгелдеу.

  1. Жаңа сабаққа дайындау: 1-тапсырма, 21-бет. «Отбасы» тақырыбына берілген сурет пен мәтін бойынша жеке жұмыс ұйымдастыру. Ол жұмысты өз отбасы туралы әңгімемен жалғастыру. Айтылым әрекетін жандандыру. Өз отбасының фотосуретін әкеліп, сынып алдында айтқызу. Сұрақтар беріп, жұмысты жандандыру.

5. Жаңа сабақ: Біздің отбасымыз.

  1. Жаңа сөздер мен сөз тіркестері:

Кімдікі? - чей?, көзілдірік-очки. /жаңа сөздер мен сөз тіркестерді хормен айту/.

  1. Жаңа материалды тексеру.

Дәптерлеріне күні, тақырыбын жаздырту.

2-тапсырма, 22-бет. Қандай? Неше? Кімдер? Кім? Қайда? Нешінші? Сұрақтары негізінде тапсырманы орындау. Сұрақтардың мағынасын тексеріп, орынды қолдануға баулу. Тапсырманы оқушыларды екі топқа бөліп орындатуға болады.

3-тапсырма, 22-бет. Қисынды ойлау қабілетін жандандыру мақсатында орыс тілінде берілген мәтінмен жұмысты ұжымдық жұмыс ретінде бастап, жеке жұмыс ретінде жазылым әрекетімен жалғастыру.

4-тапсырма, 22-бет. Кімдікі? Сұрағының мағынасын түсіндіріп, тапсырманы сыныпта практикалық жұмыспен жалғастыру.



Сергіту сәті: Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз дем алайық.

Сабақты бекіту:

5-тапсырма, 23-бет. Сатылап сөйлем құрау әдісін пайдаланып, оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасату. Әр оқушыға бөлек-бөлек тапсырма беру.



Үйге тапсырма: 6-тапсырма, 23-бет. Сөзжұмбақты шеш.

Оқушылардың білімін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал