7


  • Учителю
  • ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ИБРАЕВА БАЯН ЗАКИЕВНА

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: М. Жұмабаев туралы білімдерін кеңейту. Поэманы жан-жақты талдау, тарихи мәліметтер беру. Сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу;

ә) Дамытушылық: Поэма мазмұнын талдау арқылы іскерлік дағдыларын дамыту. Топпен жұмыс жасау қабілетін арттыру, өзіңдік көзқарасын дәлелдеуге, талдап түйіндеуге, өз пікірлерін қорғай білуге үйрету;

б) Тәрбиелік: Еліне, жеріне, отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлаудың «Алты қалпағы», топпен жұмыс, Венн диаграммасы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: АКТ, интерактивті тақта, слайд.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Сәлемдесу;

ә) Сыныптағы оқушыларды түгендеу;

б) Оқушылар зейінін сабаққа аудару;

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- М. Жұмабаевтың өмірі мен қызметі, «Батыр Баян» поэмасын оқып келу.

-Топқа бөлу. Қалпақ ішінен түрлі-түсті қағаздарды таңдап алу арқылы топқа бөлу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім: Кәне ,балалар, үйге берілген тапсырманы оқып келген болсаңыздар бүгінгі екінші сағатында поэмаға жан-жақты талдау жүргізіп көрейік. Ол үшін тақтаға назар аударайық.

Қызығушылықты ояту. «Батыр Баян » фильмінен үзінді көрсету

Сұрақ-жауап:

М: Балалар, бұл фильмнен қандай әсер алдыңдар?

О: Туған жеріне, еліне деген шынайы сүйіспеншілікті аңғардық.

М: Ендеше, бұл поэманы «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен жан-жақты талдап, әртүрлі қырынан қарап көрейік.

М: Алдымен әр топтың орындайтын тапсырмаларын таныстырып өтейін.

І топ Ақ қалпақ-сіздер поэмадағы Баянның жағымды ісін сөз етесіздер.

ІІ топ Қара қалпақ-поэмадағы теріс, жағымсыз іс-әрекеттерді баяндайсыздар.

ІІІ топ Қызыл қалпақ-поэмадан алған әсерлеріңізді, сезімдеріңізді жеткізесіздер.

ІV топ Жасыл қалпақ-поэманың басқа пәндермен байланысы.

V топ Сары қалпақ-поэмаға композициялық талдау жасайсыздар.

VI топ Көк қалпақ-поэмада бір кейіпкерге өлең арнау немесе хат, эссе жазу.

М: Фильмнен үзінді көріп, поэма мазмұнымен таныс болғандықтан талдау жасайық.

І топ «Ақ қалпақтылар»

Біз поэмадағы оң іс-әрекеттерге Баянның жағымды ісіне оның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін жатқыздық. Себебі: Баян етігімен су кешкен, еңку-еңку жер шалған елінің батыры, жерінің еркесі. Қазақта талай батырлар болғанымен Баянның орны ерекше. Ол туған елі үшін өзін де құрбан етеді. Өзінің отанына деген шынайы сүйіспеншілігін ту еткен батыр, өз бауырын еліне жасаған сатқындығы үшін ашу үстінде құрбан етеді. Өз мүддесінен гөрі ел мүддесін жоғары қойған батыр інісінің өлімінен кейін психологиялық күйзеліске түседі.

ІІ топ «Қара қалпақтылар»

Біз бұл поэмадағы жағымсыз іс-әрекетке батырдың жаугершілікте алып келген қалмақ қызына батырдың қандай сезімде болғаны айтылады.

Ер Баян жас сұлуды алып келді,

Сұңқардай бабындағы сұқсыр көрген,

Қан жауып екі көзін қандыбалақ

Ілмекке қоныр қазды көңіл бөлген.

Марал бар оққа ұшпайтын, тым сақ бірақ,

Кезінде кез келсе де қандай мерген.

Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,

Ер Баян қарындас қып ерік береген.

Алайда ар алысқан жүрегімен

Теңізде алысқандай күшті сеңмен...

Осылай іштен күйген Батыр Баян- деп, поэмада айтылады. Міне, осы жолдардан-ақ батырдың жат аруға қандай сезімде болғанын аңғаруға болады.

Тартқанда сыңбадың-ау, сұм садағым!

Қайтейін, арымадың арда күшім!

Жоқ әлде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін,-

дейді, біз бұл жолдардан батырдың сезім бұғауынан босанып, өз іс-әрекетіне себеп іздеп інімді елдің намысы үшін өлтірдім деп айтқанынан көруге болады. Батыр ашуға бой алдырмағанда ондай қадамға бармас еді.

ІІІ топ «Қызыл қалпақтылар»

Бұл поэмадан батыр Баянның туған жерге, елге деген шынайы сүйіспеншілігін аңғардық. Екі арыстың да қалмақ қызына деген шынайы сезімдері болғанын байқадық. Ер Баянның адамгершілік, азаматтық қасиеті інісі Ноян мен қалмақ қызының еліне де, өзіне де жасаған опасыздығы үстінде ашылады. Інісі Ноян қалмақ қызының арбауына түсіп, ел намысын, Алаш намысын таптағанына ызаланды. Сонымен қатар Баянның ерлік істері поэманың екінші тарауында айтылады. Баянның қанды шайқастағы көзсіз ерліктерін бейнелейтін тұстары оқушыны толғандырмай тұрмайды. Батыр соңғы демі қалғанша жаумен жалғыз өзі шабысады.

Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен,

Аузынан көбік болып бұрқырап қан,

Оң-солға алдаспанды сілтегенде

Бұлақтай қалмақ қанын бұрқыратқан,-

деген жолдардан есіл ердің ерен ерлігін көреміз. Ерлігіне тәнті болып, үлгі тұтамыз.

ІV топ «Жасыл қалпақтылар»

Біз поэмадан әдебиеттен өзге де тарих және география пәндерімен байланысын көреміз.

Географиямен байланысты дейтін себебіміз поэма ең алдымен жерді, табиғат сұлулығын суреттеуден басталады. Бурабай, Көкше, Арқа сұлулығын сөзге тиек етіп, әрі қарай Обаған бауры Жолдыөзектен әрі асып, Іле Қытайға беттейді. Сарыарқа- ежелден даңқы шыққан шежірелі өлке. Сарыарқа-Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи, тарихи аймақтың бірі. Сонымен қатар, физикалық-географиялық аудандастыру жөнінен 9-шы аймақтың біріне кіреді. Бұл жер туралы аңызда аз емес. Мысылы: Өте ертеде қазақтар далада көшіп-қонып жүргенде таудың бір шыңында бір тау бүркіті өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзбен қарап отырады екен. Сұлтандар осы бүркітті өлтірейін десе оқтары тимейді екен. Кейбіреулері ұясына шығайын десе шыға алмапты. Бұл жұмбақ жер Көкшетау тауы, Оқжетпес шыңы. Ал тарих сабағымен байланысты дейтін себебіміз ол көренеу көзге көрініп-ақ тұр. Себебі поэма сонау қазақ халқы басынан кешкен жаугершілік заманында «Ақтабан шұбырынды» қырғынымен елді даналықпен, ерлікпен басқара билеген Абылай хан жайлы. Абылай небәрі жиырма жасында ел экономикасының әлсіздігіне, халық санының аздығына қарамай, елді жерді көсемдікпен, шешендікпен билеген көреген билеуші, небәрі жиырма тоғыз жасында Әбілмансұрмен бірге Ресей елінде келіссөзге қатысып даналықпен тапқырлықпен көзге түскен ресмей тұлға. Биылғы жылы Елбасының жарлығымен қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өткелі отыр.

V топ «Сары қалпақтылар»

1.Оқиғаның басталуы: Абылайдың қалмақпен соғысуға бет алуы.

2.Оқиғадағы байланыс: Ер Баянның қалмақ қызын алып келуі.

3.Оқиғаның дамуы: Ноян мен қалмақ қызының бір-біріне ғашық болуы.

4.Оқиғаның шиеленісуі: Ноянның жат аруға еріп, жау еліне аттануы, Ер Баянның екі ғашықты өлтіруі.

5.Оқиғаның шарықтау шегі: Ер Баянның қалмақтармен шайқасы.

6.Оқиғаның шешімі: Батыр Баянның қазасы.

VI топ «Көк қалпақтылар»

Поэма кейіпкерлеріне өлең жазу немесе хат пен эссе жазу:

Ер Баянның ерлігі Алашқа аян,

Ары менен намысы арпалысқан.

Туған жері, еліне болып саян,

Жауыменен шайқасып майдандасқан..

Халқымыз нақыл сөзде айтқан екен,

«Батыр туса- ел ырысы»деген екен

\ Баянның ерлігі үлгі болып,

Ел есінде мәңгілік қалған екен.


Сабақты бекіту: «Көкшетау» поэмасы мен «Батыр Баян» поэмаларын салыстыру:





Семантикалық карта толтыру.

Көркемдегіш сөздер

Поэмадан мысалдар

Ассонанс


Метафора


Эпитет


Теңеу




Сабақты қорытындылау:

- Иә, балалар, әр топ өз пікірлеріңізді айттыңыздар. Қалай десек те Баян ел бағына туған ерең Ер. Туған жерді сүю, оған қалтқысыз еңбек ету, нағыз ердің қолынан келер ерлік іс. Бүгінгі сабақты «Ер ел үшін туады, Ел үшін өледі» деген даналық сөзбен аяқтайық.


Үйге тапсырма: «Батыр - ел ырысы» шығарма жазу.


Бағалау:

Топтық бағалау:

І ші топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ V топ VI топ І топты бағалайды.

Северный орта мектебі


Сабақтың тақырыбы:

М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы.



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Ибраева Б.З







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал