7


  • Учителю
  • С.Бегалиннің Бала Шоқан тақырбына арналған сабақ жоспары

С.Бегалиннің Бала Шоқан тақырбына арналған сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Жазушы туралы мәлімет алады, шығарманың мазмұнын түсініп, идеясын ашады;

ә) Тәрбиелік: Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік бере отырып, Шоқанға деген қызығушылығы арта түседі, өнерді бағалауды үйренеді;

б) Дамытушылық: Топтасып жұмыс істеуді, өзінше ой қорытады, қосымша ақпараттарды қолданып, таным қабілеттерін дамытады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: Шоқан Уалиханов, Сапарғали Бегалиннің портреттері, интерактивті тақтадан слайд шығару

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау



ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта біз ұлы тұлға, ғалым Шоқан Уалиханов туралы, оның балалық шағы жайлы жазылған С. Бегалиннің «Бала Шоқан» атты шығармасымен танысамыз.

С. Бегалин (1894 - 1985) Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Дегелең ауылында дүниеге келген. Шығармалары «Сәтжан», «Қыран туралы аңыз», «Ермектің алмасы».

Сұраққа жауап алу.



Шоқанның апасының Мысыққа деген көзқарасы неге өзгерді? (Оқушы пікірі)

Кейіпкерлерге мінездеме беру:



Кейіпкерлер туралы қысқа мінездеме



1 Шоқан қайырымды, әділ, уәдеге берік, өнерді құрметтейді.

Мысықты үйіне әкеліп тамақ берді. Киім береді. Інісінің жаман әрекеттеріне тосқау салады. Мысықтың өнеріне қызығады

2 Мысық Өнерлі, зерек, мүсін жасайды, көргенін пайымдай алады



3 Жақып Тентек, үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді



Сөздікпен жұмыс: Мүсінді неден жасайды?

Мүсін - бір заттың пішінін металдан, балшықтан, гипстен жасау.



ІV. Енді шығарманы оқушыларға сұрақ - жауап беру арқылы пысықтау

1. Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтін бір досы бар

Ол - төре баласы - Шоқан

2. Шыңғыс Құсмұрын еліне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екі бөлмелі кеңсе үйін салғызды. Күзетшілері кімдер еді?

Сол үйдің жазғы - қысқы күзетшісі - сары баланың әке - шешесі

3. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете, аяңдатып жетіп келді. Ә дегенен тосырқап қалған сары бала балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойды. Орнынан түрегелді. Шоқан не деді?

- Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді, - деп Шоқан сары балаға жылы амандасып, күлімсірей қарады.

4. Мысық Шоқанға бұрынғы үйірлігіне сеніп, ойыншықтарын тегіс көрсетті.

- Сен, немене, мені жатырқап қалғанбысың? - деді Шоқан Мысықты өзіне тарта сөйлеп.

- Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?

Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың, - деп ойыншықтарын көйлегінің етегіне тыға бастады.



5. Бұрынғыдай емес, Шоқанға бойы үйренген Мысық тартынбай келеді. Бұлар үйге таянғанда, алдарынан кім шығады?

6. Иә, мен кетемін. Бағана айтқаным қайда, ұрсады, сабайды деп. Осыны айтып, Мысық есікке қарай шегіншектей бергенде не болды?

7. Бауырсақты бір - бірлеп жеп, қымызды имене жұтып отырған Мысыққа Шоқан не айтты?

8. Қандай әйелдің қасында отырған Жақып қолына шыбыртқы ұстап, әлі де Мысыққа өшіге қарады?

9. Шоқанның бұл күнгі ертіп келуінде қандай себеп бар еді?

10. Мысықтың өне бойына қайтадан көзі түскен сары бәйбіше оның кіші көйлегенің жағасы дал - дұл болып жыртылып тұрғанын көрді де, әлгі жұмыскер әйелге не айтты?

11. Көк қаршыға шегір көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта бір қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген Мысық онан көзін алмай, қорқып қарайды. Мысықтың бағадан бері көзі түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол не еді?



V. Сабақты бекіту.



Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді:

1. Сен істей ғой, шебер болсаң!

2. Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы.

3. Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші

4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы

5. Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?

6. Жолбарыстай, балалардай

7. Кесек денелі



VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал