7


  • Учителю
  • Конспек тақырыбы Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы' (10 класс)

Конспек тақырыбы Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы' (10 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ипов Жандос КаировичСолтүстік Қазақстан облысыЖамбыл ауданы«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ АӘД мұғалімі        Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы       Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғы
предварительный просмотр материала

Ипов Жандос Каирович

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ

АӘД мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысы



Сабақтың мақсаты: 1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары және әскери ұжымның қызметі мен өміріндегі жарғылардың мәні туралы түсінік беру.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызмет, тәртіптік жарғысы, гарнизондық және қарауылдық, саптық жарғылардың басты талаптары мен жауапкершілік білімдерін жетілдіру.

3. Отанды қорғауда әскери қызметшілердің жеке басының өз еліне, халқына қызмет етуіне моральдық жауынгерлік қасиеттерді оқушы бойында қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілік: оқулық, плакат, сызбалар, тест сұрақтары

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Бөлімшенің екі қатарлы сапта тұру.

2. Бөлімше командирінің мәлімдемесі.

3. Бөлімшемен сәлемлесу.

4. Бөлімшенің сырт бейнесін тексеру.

5. Бөлімшенің сап даярлығын қадағалау.

6. Бөлімшені сынып бөлмесіне кіргізу.

Үй тапсырмасын тексеру:

1. Бөлімшенің саптық даярлығы. 2.Жеке сарбаздың саптық даярлығы. 3. Оқушыларды 2 топқа бөліп викториналық сұрақтар қою. Мұғалім сұрақтарды оқып отырады. Оқушылар дәптерлеріне дұрыс деп шешсе+ деген таңба, ал мұғалімнің сөйлеміне келіспесе - таңбасын қояды. 4. Тест сұрақтарын 2 топқа беру.

І топқа сұрақ:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні.
-1992 жыл 9 мамыр (-)1992 жыл 7 мамыр(+)

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нышандары.
- 2005 жылы 7 қаңтардабекіді(-)2006 жылы 7 қаңтардабекіді.(+)

3. ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікТуының авторы.-ШәкенНиязбеков(+) М. Алтынбаев (-)

4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы.-Ә.Жақсыбеков(-) Н.Ә.Назарбаев(+)

5. Мемлекет басшысы кімдер сайлайды?
- Парламент депутаттары(-)ҚР-ның азаматтары(+)

6. Мотоатқыш, танк, инженерлік, байланыс, РХБ қорғау бөлімдері.-Әуе қорғаныс күштері.(-)Құрлық әскерлері.(+)

7. Кіші офицерлер құрамы. - Майор, подполковник(-)Лейтенант, капитан(+)

ІІ топқа сұрақ.

1. Әскери Ант

-1991 жылы 25 тамызда ҚР Президентіжарлығыменбекіді. (-)1992 жылы 25 тамыздабекіді.(+)

2. ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттікЕлтаңбасының авторы.-Шота Уәлиханов (+)

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің әнін жазған-Жұмекен Нажмеденов(-)Шәмші Қалдаяқов(+)

4. Адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім.-Интернационализм(-) Патриотизм(+)

5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы - 1996 жылы 18 шілде №3068 жарлығымен бекіді.

6. «Қанатты жаяу әскер» деп - Ракеталық әскерлер (-)Аэроұтқыр(десант) әскері (+)

7. Заң шығаруды жүзеге асыратын жоғарғы орган. - Сенат (-)Парламент (+)

Тест сұрақтарын тексеру - бағалау.

1. ҚР Қарулы Күштерінің Жарғыларын атаңыз.

А) Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық қызмет жарғысы, Саптық жарғы;

Б) Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы;

В) Ішкі қызмет жарғысы,Тәртіптік жарғы,Қарауылдық қызмет жарғысы,Саптық жарғы.

2. ҚР Қарулы Күштерінің жарғылары қашан қабылданды?

А) 10.10.1993; Б) 27.11.1998; В) 30.08.1995.

3. Кемелік әскери қызметтегі аға офицерлер құрамын атаңыз?

А) 3-ші дәрежедегі капитан,2-ші дәрежедегі капитан,1-ші дәрежедегі капитан;

Б) Майор,подполковник,полковник;

В) 1-ші дәрежедегі капитан,2-ші дәрежедегі капитан,3-ші дәрежедегі капитан.

4. Сержанттар мен старшиналар құрамына кімдер кіреді?

А) кіші сержант,сержант,кіші старшина,бас старшина.

Б) 2-ші дәрежелі старшина,1-ші дәрежелі старшина,аға старшина,бас старшина;

В) кіші сержант,сержант,аға сержант,старшина.

5. Жоғары офицерлер құрамын атаңыз.

А) генерал-лейтенант,генерал-майор,генерал-полковник,армия генералы,ҚР Маршалы;

Б) генерал-майор,генерал-лейтенант,генерал-полковник,армия генералы,ҚР Маршалы;

В) контр-адмирал,вице-адмирал,адмирал,армия генералы,ҚР Маршалы.

6. Сарбаз үшін тікелей бастық кім?

А) рота командирі;

Б) взвод командирі;

В) бөлімше командирі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негізіндегі әскери заңдар жиынтығы. Заңда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынасты анықтайды, соныменбірге әскери өмір, күнделікті қызмет, тұрмыстық барлық жақтарын қатаң және нақты белгілейді. Жарғылар ережесі ҚР-сы азаматтарының адамгершілік принциптерімен тығыз байланысты.

Әскери жарғыларға: ішкі қызмет жарғысы, тәртіптік жарғы, гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, саптық жарғы жатады. Бұл жарғыларда әскери тәртіп пен әскери қызмет негіздері баяндалады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылары ҚР-сы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 жарлығымен бекіді. Әскери жарғы ережесін қарулы күштердің барлық бөлімдері, кеме, басқа да әскерлері мен әскери құрамалардың орындауы міндетті.

Осы жарғылардын ішінен Қазақстан Респуликасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік жарғысын өтеміз. Әскери тәртіптің түсінігі мен мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтау жөніндегі міндеттерін,көтермелеу, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалар түрлерін, командирлердің(бастықтардың) оларды қолдану жөніндегі құқықтарын, қызметтік тексеру жүргізу,тәртіптік комиссиялардың жұмыс тәртібін, әскери қызметшілерді әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту тәртібін, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру және оларды қарау тәртібін айқындайды.

«Тәртіптік жарғы»- деп - әскери тәртіп мәнін, әскери қызметшілерге қойылатын негізгі талаптарды түсіндіріп баяндайды. Әскери тәртіптің мәні жауынгерлердің міндеттері мен талапты орындауы. Көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрі, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады.

Әскери тәртіп дегеніміз - әскери қызметшілердің заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен және командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарымен белгіленген ережелерді қатаң және нақты сақтауы.

Әскери тәртіп дегеніміз- барлық әскери қызметшілердің ҚР Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің бұйрықтарын тәртібін, ережесін қатаң және дәл сақтау.

Әскери тәртіп ерекшелігі- қызметтен тыс ортада таратылады, басқа тәртіпке қарағанда неғұрлым жоғары талап қояды. Әскери тәртіпті бұзғаны үшін заң алдында қатаң жауапқа тартылады, т.с.с.

Әскери қызметші міндеті- өзін-өзі көпшілік ұстау. Азаматтардың ары мен абыройын қорғау, командирлерге құрмет көрсету, әскери антты, жарғы талаптарын жақсы білу, шыдамдылықпен өзін-өзі ұстай білу, т.с.с.

Командирлердің ерекше мүмкіндігі- өзінің бағынушыларына бұйрық беру, бұйрықтың орындауын тексеру, командирдің бұйрығы барлық бағынушы үшін заң. Бұйрық талқыланбайды, тек орындалады.

Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні:1)Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға;2) әскери анттың, жалпыәскери жарғылардың, командирлер(бастықтар) бұйрықтарының талаптарын нақты орындауға;3) әскери қызметтің қиындықтарынан табандылықпен өтуге;4)қырағы болуға, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға; 5) командирлерге(бастықтарға) және бір-біріне құрмет көрсетуге, әскери сәлемдесу мен әскери сыпайылылық ережелерін сақтауға;6) әділ болуға, әскери істі адал зерделеуге және сеніп тапсырылған қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, әскери мүлікті сақтауға;7) өзін абыроймен ұстауға, өзі лайықсыз қылық жасамауға және басқалардың оны жасауына жол бермеуге,азаматтардыңар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға жәрдемдесуге міндеттейді.

Жаңа сабақты бекіту.

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары қай жылы шықты?2. Әскери тәртіп дегеніміз не?3. Әскери қызметші міндеттері.4. Командирлердің ерекше мүмкіншіліктері.

Қорытынды.Оқушылар білімін бағалау.Үйге тапсырма беру, оларды орындауға нұсқау беру







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал