7


Открытый урок План конспект

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын қала. Күрделі сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру.

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, сыни тұрғыдан ойлап, өз ойларын еркін жетілдіру. Сөйлеу шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілік, өз Отанын сүю, өз елінің қалаларының өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог, СТО

Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең:

  • Сәлеметсіндер ме, балалар! Отырыңыздар.

  • «Амандасамыз»

    Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.

    Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шщапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір - бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен..., иықпен..., құлақпен..., тіземен..., маңдаймен..., өкшемен..., арқамен.

  • Балалар бізде бүгін ашық сабақ, біздің сабағымызға бүгін қонақтар келді, олар сендерді сырттай бағалайды.

    II. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Мен сіздерге әр оқушыға бағалау парағын беремін

  • Өткенді қайталаймыз, еске түсіреміз. Өздерің өздері бағалайды.

  • Семантикалық карта

    • Семантикалық карта (Интер тақта)

Сабақтың мақсат - міндеттерін айту.

Жаңа сабақ.

Негізгі сұрақ: Саған ұнайтын қаланың ерекшелігі неде?

- Сендер Қазақстанның қандай әдемі қалаларын білесіңдер?

-Алматы қаласында болып көрдіңдер ме?

Презентация бойынша түсіндіру. (Алматы қаласы)

Бүгінде ұшар басы мәңгілік қар жамылып, беткейіне жасыл түкті кілем төселген тау етегінде талайлардың сүйіктісіне айналған әсем қала жатыр. Ол - Алматы. Табиғатты бай, ауа-райы жайлы болғандықтан, қазіргі Алматыны адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Мұнда б.з.б VII-III ғасырларда Сақ тайпалары қоныстанған деседі

1854 жылы ресей империасы Верный әскери қамалын салды. 1867 жылы 11 сәуірде Верный қаласы болып аталды

1921 жылы 5 ақпанда Верный қаласы «Алма-ата» деп аталды. 1993 жылы Алма-Ата атауы Алматыға өзгерді. Қазақстандағы ең үлкен оқушылар сарайы - Алматы қаласындағы республикалық Оқушылар сарайы 1983 жылы салынған. Ғимарат бір мезгілде 2200 оқушы қабылдауға есептелген. 800 орындық көрермен залы, түрлі үйірмелер, спорт залдары, жүзу бассейні, обсерватория бар. Ал танымал бесжұлдызды «Интерконтиненталь» қонақ үйі кейіннен салынған зәулім ғимарат. Қаламызда күні кеше ашылған Метро. Алматының бағы қандай

Алмасының дәмі балдай...

  1. Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

Топқа бөлу

Мәтінмен жұмыс.

I - топ

        1. Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындату.

        2. Мәтіннен тәуелденіп тұрған сөздерді теріп жазу, талдау.

II - топ

              1. Мәтінді мазмұндау.

              2. Мәтіннен септеліп тұрған сөздерді теріп жазу, талдау.

III - топ

  1. Мәтінді аудару.

  2. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазу, талдау.

VI. Сергіту сәті

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

VII. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Көкшетау ( ... ).

2.Астана - болашағы үлкен қала ( ... ).

3.Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі ( ... ).

4.Қалаға көп қонақтар келмейді ( ... ).

5.Мен Көкшетау қаласында тұрамын ( ... ).

- Ал, қазір әр топ өз шығаршалығымызды көрсетеміз.

VIII. Синквейн (бес жолды өлең)

  1. Зат есім. Алматы

  2. Сын есім. Әдемі, жаңа

  3. Етістік. Гүлденеді, дамиды, өзгереді

  4. 4 сөзді сөйлем. Астана - жаңа жас қала.

  5. Синонимін табу. Елорда

IX. Бекіту:

«Сандар сөйлейді» ойыны:



1854 жылы 1993 жылы

Алматы

1997 жылы

1921 жылы

X. Қорытынды:

  • Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қала қандай?

  • Бұрын Алматы қаласы қалай аталды?

  • Алма-ата деп қай жылы атанды?

XI. Үйге тапсырма:

  • 4 тапсырма 124 бет

XII. Рефлексия.

Бүгінгі сабақ бойынша «Блоб ағашы» арқылы сендер қандай сатыдасыңдар?

Өздерінді дәлелдеңдер. Нені түсіңдің?

Открытый урок План конспект













XII. Бағалау.

  • Өздерің бағалау парақтарыңызды беріңдер.

  • Кім өзіне қандай баға қойды?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал