7


  • Учителю
  • С. Сейфуллин 'Сыр сандық' өлеңі

С. Сейфуллин 'Сыр сандық' өлеңі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ІІІ тоқсан



18.12.2015 ж



45 мин



Пәні: әдебиет



7а-сынып



Сабақтың тақырыбы:






С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі



Сабақтың мақсаты:



  1. Сәкен өмірі мен шығармашылығын тану.

  2. Ақын туындысы арқылы оқушылар адал дос пен амал досты ажырата білу.

  3. «Сыр сандық» өлеңіне мазмұндық, құрылымдық талдау және айшықты сөздерді табу.




Күтілетін нәтиже:

  1. Сәкен өмірі мен шығармашылығын таниды.

  1. Ақын туындысы арқылы оқушылар адал дос пен амал досты ажырата біледі.

  2. «Сыр сандық» өлеңіне мазмұндық, құрылымдық талдау және айшықты сөздерді табады.



Негізгі идея:




Адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу, адалдыққа үйрету.



Сабақтың әдіс-тәсілдері:



Миға шабуыл

Топтық жұмыс

Топтық-жеке жұмыс (дәптермен жұмыс)

«Екі жақты түсіндірме күнделігі»

«Кел сырласайық» әдісі

Кері байланыс



Сабақтың барысы:



1Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

2 Үй тапсырмасын сұрау кезеңі (8мин)

«Туған жер» тақырыбына шағын көркем шығарма жазу

Қорытындылау сұрақтары

1.Мағжан туған өлке?

Солтүстік Қазақстан обл, Сасықкөл мекені

2 Арыстанмын, айбатыма кім шыдар,

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар.

Ақынның кай өлеңінен үзінді?

«Мен кім?» олеңінен

3 «Сағындым» өлеңіндегі сағынышы......

Анасы, жары, туған еліне арналады.

  1. «Сағындым» өлеңіндегі басты кейіпкер?

Мұғалім тарапынан мадақтау..

Ұяшықтар ашылып, Сәкен суреті көрсетіледі

Ия, балалар:

«Өмірде жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

«Қазағың кәне?»-десе, «Мінеки»-деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын»-деп С. Мауленов жырлағандай Сәкен кім? Құлақ түрейік...

Өздерің тыңдағандай жаны сұлу,сырбаз, сыршыл ақын Сәкеннің «Сыр сандық» өлеңімен танысамыз.(15мин)

Ақынның бұл өлеңі 1926 ж «Досқа жазылған хат» деген атпен шыққан. Олең ақын өміріндегі 1923 ж Қызылжар қаласындағы болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде Сәкенді танымайды, шақыртқанына келмейді.

Сонда көңілі қалған Сәкен ақын «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп аяғын сындырған доссымағым ұлық болсам шырқ айналар, соқыр тауық болғаны ма ?»-дегенді ойлапты. Сәкен туралы деректерден....

Олай болса ақынның өлеңімен кеңінен танысайық

4.Әдеттегідей топтасып алайық (берілген сөздерден сөз құра)

5. Топтасып болсақ тақтаға назар аударып, орындауға кірісеміз

І топ

1-7 өлең шумақтарын мәнерлеп оқу, мазмұндық талдау

ІІ топ

8-14 өлең шумақтарын мәнерлеп оқу, мазмұндық талдау.

ІІІ топ

15-21 өлең шумақтарын мәнерлеп оқу, мазмұндық талдау.

Жұмыс бағдаршам арқылы бағаланады.

6. Дәптермен жеке жұмыс (8мин)

1 топ. Өлеңнің тақырыбын, идеясын, жанрын анықтау.

Тақ: адал достық пен амал достықты айыра білу

Идеясы: адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу, адалдыққа үйрету

Жанр түрі: Лирика (көңіл-күй)

2топ. Өлең құрылысына талдау.

Шумақ саны: 21

Тармақ саны: 84

Бунақ саны: 2

Буын саны: 7-8

Ұйқас түрі: шалыс ұйқас

3топ. Өлең тіліне талдау, айшықты сөздерді табу.

Эпитет: нағыз дос, сымбатты тау, құзды шат, аққан су, сылдыраған бұлақ, алтын жазу, қымбат жасау, асыл сым, алтын сарай, мұз бұлақ, берік қойма.

Көп мағыналы және омоним сөздер: қол, кілті, беті, жасау.

Жұп аралық бағалау.

7. «Екі жақты түсіндірме күнделігі » таратылады.(7мин)

Үзінді

Оқушы пікірі

Нағыз достар бір-ақ қалып,

Шындап берік сүйіскен.

Бір-біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен


Досыңмын деп ант береді,

Жем іздеген жанама.

Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос санама.


«Мадақтау Сэндвичьі» арқылы бағаланады.

8. «Кел сырласайық» (3мин)

1 Дос қадірін калай түсінесің?

2 Жақсы досты қалай табу керек деп ойлайсын?

3 Достық үшін кез келген ісін кешуге бола ма?

Жылы шырай арқылы марапаттау.

9. Кері байланыс: (2мин)

Сабақтан алған әсерім........



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал