- Учителю
- Сөзмерген сөз сайысы (5-6 сынып оқушыларына)
Сөзмерген сөз сайысы (5-6 сынып оқушыларына)
ЖББ А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп
«Сөзмерген»
сөз сайысы
Тақырыбы: «Ана тілің - арың бұл»
Өткізген:А. М. Кожасова
Жәнібек, 2014 жыл
«Сөзмерген» сөз сайысы
Тақырыбы: «Ана тілің - арың бұл»
Мақсаты: Оқушыларды сайыстыра отырып, шешендікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қазақ тілінің әдемілігіне, байлығына көз жеткіздіру.
Әдісі: сайыс
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Қатысушыларды екі топқа бөлу.
«Сұңқар» тобы (5-сынып) «Тұлпар» тобы (6-сынып)
Негізгі бөлім.
Жүргізуші:
Менің тілім - даналықтан жаралған,
Менің тілім - балалықтан нәр алған.
Менің тілім мәңгілікке асқақтап,
Биіктердің биігі боп саналған!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Тіл апталығы аясында өткізілгелі отырған «Ана тілің - арың бұл» тақырыбындағы «Сөзмерген» сөз сайысына қош келдіңіздер!
Тіл - асыл ойдың бұлағы!
Тіл - өрісі кең әлем!
Тіл - еліміздің іргетасы!
Тіл - баға жетпес мұра!
Ендеше бүгін біздер сол дара да дана тіліміздің кемеріне жетіп, оқушылардың қаншалықты тіл білгірі екендігіне көз жеткізетін боламыз. Қатысушы топтарды қарсы алайық!
5-сынып оқушыларынан құралған «Сұңқар» тобы
6-сынып оқушыларынан құралған «Тұлпар» тобы
Сайыс ережесімен таныс болсақ. Сайыс үш кезеңнен тұрады:
1) Мықты болсаң - тауып көр (Тұрақты тіркестерді табу)
2) Жүйрік болсаң - шауып көр (Мақалдарды табу)
3) Ойлы болсаң - озып көр (Берілген сөзді анықтау)
Әр кезеңнің сұрағына әр топ кезектесіп жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда қарсыласқа жол беріледі. Әр жауаптың бағасы - 5 ұпайдан.
Сайыс ережесі түсінікті болса, бастайық! Іске сәт, оқушылар!
1-кезең: «Мықты болсаң - тауып көр»
Қой аузынан шөп алмас - момын, жуас адам
Қамшының сабындай - қысқа
Тайға таңба басқандай - анық, айқын
Жүрегінің түгі бар - батыл, өжет
Тіл қату - сөйлеу
Бармағын тістеді - өкінді
Қолы ашық - жомарт, мырза
Сау басына сақина тілеп алу - өзіне бәле тілеу
Көзі ілінбеу - ұйықтамау
2-кезең: «Жүйрік болсаң - шауып көр»
Талаптыға нұр жауар
Туған жерге туың тік
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Аяз би, әліңді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3-кезең: «Ойлы болсаң - озып көр»
Қорамсақ - садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар оқсалғыш
Саптама - ішінен киіз байпақ киетін, қонышы жуан, қара санға жететін қазақы былғары етік
Адырна - садақтың керме қайысы
Шыбыртқы - үш-төрт өрім қамшы
Қасаба - қазақ қыз-келіншектері киетін бас киім
Жүргізуші: Сайыс кезеңдері аяқталды. Ендеше қорытындысын білейік!
(Сайыс қорытындысын шығару. Сайыскерлерді марапаттау.)
Тарайды үні ғасырларға, жылдарға,
Биіктігі асқақ-асқақ шыңдарға.
Мен қаламын мәңгілікке тірі боп,
Ана тілім - қазақ тілі, сен барда!
Саңлақ сара жандардың қалдығының, дана ұрпақтың барлығының белгісіндей болған туған тіліміз - қазақ тілі жасай берсін деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!