7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Адамға пайдалы заттар'

Сабақ жоспары 'Адамға пайдалы заттар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы

Искра орталау мектебі

Менрембаева Гулюм Улубековна

Сабақтың тақырыбы:

Адамға пайдалы заттар

күні:


Пәні:

қазақ тілі

Сыныбы:

7 сынып

Мақсаты:

Оқушылармен «Денсаулық - зор байлық» деген модульді жалғастыра отыра, «Адамға пайдалы заттар» тақырыбына байланысты мәлімет беру, ерекшеліктерін ұғындыру.

Сабақ міндеттері:

1 Тақырыптың маңызын ашып, түсіндіру. Грамматикалық тақырыптарды жаттығу арқылы бекіту.

2. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, жазба тілінің деңгейін көтеру.

3.Оқушыларды салауатты өмір салтын жүргізуге тәрбиелеу.

Сабақ қадамдары:

1.Жаңа сабақты игеру;

2.Тұжырымды ой айту;

Күтілетін нәтиже:

1. Топтық жұмыс барысында оқушылар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз ойларын айта алады. Бірлесе отырып ортақ шешім қабылдайды.

2.Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.

3.Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір-бірін оқыту дағдылары артады.

Түйінді идея:

Нақты ойлау арқылы ой қорыту, ортақ қорытындыға келу.

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Сабақ әдісі:

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, миға шабуыл,ой шақыру, диалогтік оқыту, жұптық, топтық жұмыс, ой толғаныс, кері байланыс.

Көрнекілігі:

Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, кестелер;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ.Үй тапсырмасы;

III.Жаңа сабақ;

ҮІ. Тапсырмалар

Ү. Рефлексия.

YІ. Үйге тапсырма

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің рөлі

Қолданған модульдер:

Оқушының рөлі

Сабақ барысы

а)Сәлемдесу

ә)Көңіл-күйді көтеру

Оқушыларды сурет бойынша 2 топқа бөлу. Топтарға бағалайтын парақшалар беріледі.

б)Кезекшімен сұхбат

Ынтымақтас-

тық атмосферасын қалыптастыру

Оқушылардың топтағы қарым-қатынасын жақсарту

Оқушылардың белсенділігі артады

Үй жұмысын тексеру

в)Миға шабуыл - сұрақ-жауап әдісі арқылы.

-Балалар біз сендермен «Денсаулық- зор байлық» модулін жалғастырамыз. Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек, есімізге түсірейікші?

1)Тиімді, жақсы тамақтану;

2) Спортпен айналысу;

3) Таза ауада серуендеу;

4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.

г) - Балалар, қалай ойлайсыңдар неліктен сендерге көкөністер мен жемістердің суреттері ұсынылды? Олар адамға пайдалы ма?

Оқушылардың қызығушылығын ояту

Миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалды еске түсі-

реді, қорытындылайды.

Жаңа сабақ

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгін біздің тақырыбымыз «Адамға пайдалы заттар» деген тақырыппен танысамыз. Сабақта мәтінмен танысып, тақырыпты меңгереміз. Жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы тапсырмалар орындап , грамматиканы еске аламыз. Сонымен қатар дәрумендер бізге не үшін керек, оларды қандай тамақтан алуға болады, соны анықтаймыз.

1. Керекті сөздермен таныстыру.

  • Құрамы- состав

  • Әсіресе- в основном

  • Дәрумендер- витамины

  • Көмірсутегі- углеводы

  • Ақуыз - белок

  • Қабық- кожура

  • Ағза- организм

  • Пайдалы- полезные

Сөздермен жұмыс: оқу, сөз тіркестер құрастыру, жазып алу.


2.Мәтінмен жұмыс. Мұғалім оқып, оқушылар тізбектеп оқиды. Аударма жұмысын жасау.


3.Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар-ды орындау.

ІІІ деңгей:

Мәтіннен минералды теріп жазу.

ІІ деңгей:

1.Мәтінге 3-4 сұрақ құрастырып, айтады.

І деңгей:

1..Мәтіннің мазмұнын айтады.


4. Сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңдар.

  • Дәрумендер негізінен алманың қабығы мен қабықтың астындағы жұмсақ етінде болады. (дұрыс)

  • Алманың минералдық құрамы бай емес. (бұрыс)

  • Алмада көмірсүтек жоқ, ал ақуыз бар. (бұрыс)

  • Балық фосфорға бай. (дұрыс)

  • Адамның ағзасы дәрумендерді қажет етеді. (дұрыс)

  • Алманың ішіндегі фруктоза, глюкоза және сахарозаның пайызы көмірсүтектен көп. (бұрыс)

5. -Ал, балалар, бізде қандай дәрумендер бар?

А, В, С, Д, Е

-Енді осы кестеге қарайықшы. Осы кестені толықтырайықшы.

Дәрумен аты

Кездесетін жері

А

Бауырда, сүтте, жұмыртқада, қызыл, сары жемістерде

В

Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқа, салаттарда.

С

Сүтте, көкөністерде, жемістерде, бүйректе.

Д

Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сүт, сары майда кездеседі.

Е

Жұмыртқада, көкөніс, астық дәндерде, сүтте, өсімдік майында.



Енді осы кестегі сөздерді септіктерін анықтаңдар.


6. -Енді балалар, маған осы тақырыпты бекіту мақсатында сендердің ойларыңызша адамға пайдалы және пайдасыз тамақтың тізімін жасаңдар.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану

Мұғалім жұмыстарын тексеріп жүреді


Әр кезең сайын оқушылар ба-ғалау парақшасына бірін-бірі бағалап отрады


Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету


Ой толғаныс


Оқушылар жаңа тақырыпты ашу үшін сыни тұрғыдан ойланды.

Топтық жұмыс барысында дарынды оқушы белсенділік танытады


Қандай да болмасын проб-леманы шешу үшін өз білім-дерін шығармашылықпен қолданады.


Оқушылар постер жасап, қорғайды.

Бір-бірін оқытады,бірлесіп ойланады,талдайды, ортақ шешімге келеді


Бағалау

Кері байланыс

7. Жаңа сөздерді жаттап келу. 199 бетте мәтін бойынша диалогты құрастырып, жаттап келу.

Оқушыларды бағалау, парақтар арқылы бағасын айтып кету.

Рефлексия:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Оқушылардың өз-өздерін бағалағаннан кейін, мұғалім жиынтық баға шығарады.

Мұғалім кері байланыс жасайды

Оқушылар өзара бағалайды.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал