- Учителю
- Т.м.артыкова, а.с. жаканбаева, м.х.толеуова алматы атамұра 2011
Т.м.артыкова, а.с. жаканбаева, м.х.толеуова алматы атамұра 2011
6 сынып қазақ тілі 19.02.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Аңшылықтың түрлері
Сабақтың мақсаты:
-
Аңшылықтың түрлері, жабайы аңдардың ерекшелігі туралы оқушылардың білімдерін толықтыру. Сын есімнің шырайларынан өткенді қайталау.
-
Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілдері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты және жабайы аңдарды сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Өмірдегі әділеттілік пен әділетсіздіктің қатар жүретінін үйрете отыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім игеру сабағы.
Сабақтың тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: биология,
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Жаңа сөздерді жаттап келу;
-
Ереже жаттау;
-
3 - тапсырма 120 бет. Мәтінен септік пен жіктік жалғауы бар сөздерді теріп, жалғауларын ажыратыңдар.
-
Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
Жаңа сабақ:
-
Грамматикалық тапсырма орындау:
Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Бөренелерді, аңдар, көктемде
-
Сөздік жұмысын жүргізу:
Аңшылық / охотоведение
Әуесқойлық / увлечение
Ерекшеліктер / особенности
Кәсіптік / профессиональный
Берілген жаңа сөздерді тізбектеп оқып, бірнеше сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру.
-
Жазбаша жұмыс:
1 - тапсырма 121 бет. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.
Үлгі: кәсіптік аңшылық
Кәсіптік аулау
Кәсіптік аңшылықты меңгеру
-
Сергіту сәті:
Жаңылтпашты жаңылмай айтуға үйренейік.
Қырда қырау, қызыл ала бұзау.
Тауда тарғақ, тарғыл ала торпақ.
-
Сабақты бекіту:
2 - тапсырма. Кесте бойынша аңшылық туралы айтып беріңдер.Аңшылық
(жануарлардың, аңдарды аулау кәсібі)
Кәсіптік
(профессиональный)
Спорттық - әуесқойлық
(спортивный)
Ғылыми
(научный)
Аңдар мен құстардан өнімдер алу
Аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулау
Аң шаруашылығында аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу
-
Үй тапсырмасы:
-
Жаңа сөздерді жаттап келу;
-
Ереже қайталау;
-
3 - тапсырма 122 бет. Сурет бойынша аңдарды сипаттаңдар.