7


  • Учителю
  • Сабақ 'Ротаның тәулітік нарядының атқаратын қызметтері' 10 сынып

Сабақ 'Ротаның тәулітік нарядының атқаратын қызметтері' 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ Бекітемін:



Сабақтың тақырыбы: Ротаның тәулітік нарядының атқаратын қызметтері, құрамы және қарулануы. Рота бойынша күндізгі кезекшінің міндеттері, өзінің кезекті міндетін атқаратын күндізгі кезекшінің бекетін жабдықтау және жарақтандыру. Тікелей бастықтары келген кездегі, «Жиын» белгісі берілгенде, дабыл және өрт болған жағдайдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері. Бос ауысымдағы күндізгі кезекшінің әрекеттері. Күндізгі кезекшінің телефон бойынша мәлімдеме беру тәртібі. Ротаға басқа ротаның әскерилері келген кездегі және ротаның аумағынан мүліктерді шығару кезіндегі күндізгі кезекшінің әрекеттері.

Сыныбы: 10

Өткізілетін күні:

Сабақтың мақсаты:

Әскери тәртіп, сарбазға берілетін тәртіп жаза, ротаның тәулітік нарядының атқаратын қызметтері туралы мағұламаттар беру, кезекшілікті атқару жолдарын үйрету. Оқушылардың белсенділіктерін дамыту. Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауаптар т/б.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

Көрнекілік құралдар: Электронды оқулық, т.б.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі - 12 минут.

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, взвод командирінің рапортын қабылдау, амандасу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

2. Мемлекетіміздің гимнін орындату.

3. Үй тапсырмасын тексеру.


II. Негізгі бөлім - 25 минут.

  1. Тәуліктік наряд әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің (бөлімшенің) жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы жарғыда белгіленген тәуліктік наряд қызметі бойынша басқа да міндеттерді орындауға арналған.

Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы былайша қарастырылады:

  • бөлім бойынша кезекші;

  • кезекші көмекшісі;

  • қарауыл;

  • парк бойынша кезекші;

  • кезекші фельдшер;

  • асхана бойынша кезекші;

  • шабармандар;

  • ТЖ кезінде наряд.

Ротаның тәуліктік нарядына:

  • рота бойынша кезекші;

  • рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.

Рота бойынша кезекшінің мінедеттері:

  • рота бойынша тәуліктік кезекші жауынгерлерден тағайындалады. Ол өзінің қол астында күзетуде тұрған қару-жарақтың, тапаншалар тұрған шкафтардың (жәшіктердің), оқ-дәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің және жауынгерлер мен сержанттардың жеке заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік кезекші, рота бойынша кезекшіге бағынады.

Тәуліктік кезекшінің бөлмесіндегі керекті құрал-жабдықтар:

  • телефондар, селектор;

  • сағаттар;

  • жарықтандырудың резервтік көздері;

  • медициналық қобдиша;

  • өрт сөндіру құралдары;

  • тәуліктік күзет құжаттамасы жазылған стенд болуы тиіс,т.б.

Тəуліктік кезекшінің құжаттарының ішінде тəуліктік кезекші мен рота бойынша кезекшінің нұсқаулықтары, дабыл берілген жағдайдағы жəне өрт қауіпсіздігінің нұсқаулықтары, əскери бөлімнен тыс тұратын ротаның əскери қызметшілерінің тізімі мен тұрғылықты мекенжай- лары туралы мəлімет əскери бөлімнің сызба-үлгісі, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларына арналған киім үлгілері, аумақтық тазар-

ту үшін ротаға бекітілген учаскесінің сызба-үлгісі, қару-жарақтар мен оқ-дəрілерді беру, науқастар мен сейілдемеге шыққандарды тіркеу кітабы жəне т.б. болуы керек.

2. Электронды оқулықпен жұмыс.


III. Қорытынды бөлім - 8 минут

  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар

  • Ротаның тəуліктік наряды не үшін тағайындалады?

  • Ротаның тəуліктік наряды қалай қаруланады?

  • Ротаның тəуліктік кезекшісі кімге бағынады жəне неге жауап

береді?

- Рота бойынша тəуліктік кезекшінің орны қайда жəне қалай жабдықталады

3. Үйге тапсырма (түсінгендерін айту).

4. Сабақты қорытындылау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал