7


  • Учителю
  • Конспект по начальная военная подготовку на тему 'Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы'

Конспект по начальная военная подготовку на тему 'Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Жаңақала мектеп - гимназиясы» КММ








ТАҚЫРЫБЫ:

ІV - тарау. Атыс дайындығы.

§ 5. Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы.

(10 - сынып)

Өткізген: АӘД оқытушы-

ұйымдастырушы Молдағалиев М.Е.



2015- 2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: ІV - тарау. Атыс дайындығы. § 5. Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету. Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын ұғындыру.

Дамытушылық: шабуылға деген батырлығын, ержүректілігін әскери іске қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке, төзімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, көрсету баяндау

Сабақтың көрнекілігі: автомат пен пулеметқа арналған плакаттар және АӘД, әскери іс оқулығы, әскери терминдердің түсіндірме сөздігі әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік педагогикалық журналдар, АК-74 оқу қаруы (макеті), слайд

Өтетін күні:

Сынып: 10

Орны: оқу кабинеті

Пәнаралық байланыс: физика

Сабақтың оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Күтілетін нәтижесі: оқушылар автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуді біледі. Оқушылар автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын біледі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі 3 мин

Үй тапсырмасын тексеру, қорыту 7 мин

Жаңа сабақ 20 мин

Дәптермен жұмыс 3 мин

Cергіту сәті 3 мин

Жаңа сабақты бекіту 7 мин

Қорытынды 2 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың оқу құралдарын сырт көрінісін тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту 7 мин

Өткен сабақтарды қорыту.

  • автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?

  • автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?

  • жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезін де автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?

  • автоматтың (пулеметтің) керек - жарақтарын тексеру қалай жүргізіледі?

  • жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?

  • автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?

  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?


ІІІ. Негізгі бөлім - 20 минут.

ІV - тарау. Атыс дайындығы. § 5. Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы.

Қаралатын сұрақтар:

  • Автоматты жартылай бөлшектеп, жинау реті;

  • Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

  • Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы.

  • Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.


Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.


Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

1). Оқжатарды бөлектеу.

2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу.

3) Сүмбіні алу.

4) Автоматтан - ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен - жалын сөндіргішін бөліп алу.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.


Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.

Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.

Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.

Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу.

Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Автоматқа ұңғылы-тежеуіш компенсаторды, пулеметке - жалын сөндіргішті қосу.

Сүмбіні қосу.

Пеналды дүм ұясына салу.

Оқжатарды автоматқа қосу.


Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты АВ немсе ОВ-ға келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталады. Егер дереу оқ ату міндеті туса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.

Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы оқсауыт астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойықында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұралуына кедергі жасамайды.

Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтіпегін босатады да, автоағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.

Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп, ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз осьінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың дөңесіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.

Бекітпе жақтауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, оқсауыттар оқжатар серіппесі әсерінен жоғарғы оқсауытпен бірге оқжатар қабырғасының йілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.

Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы механизм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық осін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.

Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады.

Оқсауыттар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғарғы оқсауыт бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.

Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда, ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).

Автоматты атыс жүргізу үшін ауыстырғышты АВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басу керек, егер ол оқталмаған болса, ағытқыш ілмекті де басу керек.

Ауыстырғышты АВ-ға қойғанда - ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. ағытқыш ілмек өз осьінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмекпен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрады.

Ағытқыш ілмектің құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып, соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен оқсауыттың капсюлін қиратады. Оқсауыттың капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады.

Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен қозғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ камерасынан өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқыға шығарады - бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағытқыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық тежеуіш компенсатордың артқы камерасына түсіп, кеңейеді де, компенсациялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққабұрады. Дәрілік газдардың бір бөлігі алдыңғы және артқы камераның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камера саңылауынан шыққан газдардың алдыңғы камераның алдыңғы қабырғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыс дыбысын бәсеңдетеді.

Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, оқсауыт сыртқа лақтырылады.

Бұдан әрі шүріппе автоағытқыш дөңесінің жоғарғы бөлігіне қойылады да, онда бекітпесі бар бекітпелі жақтауы бұрынғы орынға қайтып келгенше ұсталады. Бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты оқсауыт салғышқа жібергеннен кейін ұңғы арнасы жабылады және бекітіледі, ал бекітпе жақтауы алға қарай жылжи отырып, автоағытқыш дөңесін шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады. Шүріппе ұрыстық шүріппе әсерінен айналады да, шүріппені баяулатқыш саңылауына соғады; баяулатқыш алдыңғы шығыңқыны шүріппе соққысына қалдыра отырып, артқа айнналады; бұл соққылардан соң шүріппенің алға жылжуы сәл бәсеңдейді, бұл ұңғыға бекітпесі бар бекітпе жақтауы соғылуынан соң оның бастапқыға жақын жағдайға келуіне мүмкіндік береді және осы арқылы ұрыс шоғырын арттырады. Баяулатқыш шығыңқысының алдына соғылған соң, шүріппе соққышқа соққы береді. Ату басталады. Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы қайталанады. Ағытқыш ілмек басылып, оқжатарда оқ таусылғанша атыс жүреді.

Атысты тоқтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқтатылады, бірақ автомат (пулемет) одан әрі атыс жүргізуге дайын болып оқталып тұрады.

Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы.

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ОВ) қойып ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты «ОВ» жағдайына қойған кезде - ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмнің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс істейді, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесі бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.


ІV. Дәптермен жұмыс 3 мин: автоматты жартылай бұзу, жинау сонымен қатар автоматтың атуға дейінгі және атыс кезіндегі механизмнің қызметі аясында жазу.


V. Сергіту сәті 3 мин: Ән: «Қазақстан бақытты» әнін шырқау.


VІ. Жаңа сабақты бекіту 7 мин:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

  • Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.

  • Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

  • Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы.


VІІ. Қорытынды бөлімі 2 мин:

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.

Үйге тапсырма: ІV - тарау. Атыс дайындығы. § 5. Автоматты бұзу және жинау, оқтауға дейінгі механизмдердің жағдайы, оқтау және ату кезіндегі механизмдердің жұмысы. АӘД оқулығы 10-сынып, 163-168 беттер.

Алматы "Мектеп" 2014 ж.

Қосымша тапсырма: АК, РПК -74 қаруының ұрыстық сипаттамасын жаттау.

Оқушыларды екі қатарлы сапқа тұрғызу.

Сабақта алған бағаларын жариялау.

ҚР мемлекеттік әнұранын шырқау.

Оқушылармен әскери қоштасу. Сабақты аяқтау.

«Алғашқы әскери дайындық»

пәнінің оқытушы- ұйымдастырушысы: М.Е. Молдағалиев




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал