- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
С А Б А Қ №19
Тақырып: Жамбыл Жабаев.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін
тереңдеті,толықтыру.Өлеңдерінің мәнін ашып,меңгерту,жатқа айту.
Жамбылға арнаған атақты қылқалам шеберлерінің суреттерімен
таныстыру,әндерін үнтаспада тыңдау;
2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуне ықпал ету,ойлау шеберлігін,сөйлесу,жазу мәдениетін жетілдіру,білімге деген құштарлығын арттыру;
3.Тәрбиелік: патриотизмге, Отанды сүюге,адамгершілікке баулу,поэзия,саз өнер,бейнелеу өнері дүниесіне сүйіспеншілігін арттыру;
Сабақтың типі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, мәнерлеп оқу, аудару, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Жамбылдың суреті,кітаптар көрмесі, Ә.Қастеев «Жамбыл»суреті,
Черкасский «Жамбыл» суреті, атақты адамдардың Жамбыл туралы сөздері, домбыра, үнтаспа т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, ән-күй, қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Үй тапсырмасын тексеру: І.Жансүгіров «Құлагер» атты поэмасын мәнерлеп оқу.
I. Ой туғызу - побуждение.
Балалар,қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған бірнеше эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы екенін айтыңдар.
(тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады) - «өлең- сөздің пірі», «поэзия алыбы», «Қазақтың Гомері», «жүз жасаған бәйтерек».
- дұрыс, бұл сөздер ұлы Жамбыл ақын туралы. Бүгінгі сабағымыз Жамбыл атамызға арналады.
Сабақтың түрі - интеграциялық сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөздері:
Ұлы Абайдың құрдасы, көзі тірісінде Гомер аталған алып атамыз - Жамбыл.
«Ұлы жамбылдың дауысы 90 жасында шырқап,ақындық дарынның бұрғысына қарағанда еселеп шарықтап кетуі дүниежүзілік даналардың өміріне де кездескен емес» - дейді қазақ жазушысы Ғабит Мүсірепов.
Сабағымыздың мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірімен шығармашылығы туралы мағлұматтарды толықтыру,оқулықта берілген өлеңдерін оқып,аудару. Жамбылдың Ұлы Отан соғысындағы шығарған өлең-жырларын атап өту, тарих пәнімен байланыстырып,Жамбылдың бейнесін сипаттаған қазақ және өзге ұлт суретшілердің жұмыстарын көріп,оларды сипаттап, оларды сипаттап,бейнелеу өнері пәнімен байланыстыру.
II.Сабақ тақырыбының мағнасын ашу - осмыление.
Топпен жұмыс. Оқушылар алдын ала дайындап әкелген тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.
1 топ - әдебиетшілер ( Жамбылтану) тобы - бұл топ оқушылары Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған мәліметтермен таныстырады. 88- 47 бетте берілген ақынның өлеңдерін оқып, мазмұны бойынша түснік береді
2 топ - музыка өнерін зерттеушілер тобы - бұл топ оқушылары Жамбылды тек қана ақын емес әнші,композитор,айтыскер ақын екенін көрсетуі қажет.
3 топ - тарихшылар тобы Ұлы Отан соғысындағы орны ақынның шығармашылығының орны туралы мәліметтер беру.
III. Оқушылардың ой -пікірлері - рефлексия
1.Инсерт стратегиясы
2.Венн диаграммасы
Бағалау.
Үйге тапсырма: 88 - 89 бет. «Шағым», «Әкеме» атты өлеңдерді жаттап келу.