7


  • Учителю
  • Урок по самопознанию на тему: «Адам мен қоғам»

Урок по самопознанию на тему: «Адам мен қоғам»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Мектеп:Телжан орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім: Тлеукабылова Жанар Бахытжановна

Сынып: 9 Оқушылар саны: 6

Тақырып: Адам мен қоғам Сабақ №27

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық, аянбай қызмет ету, ізгілік.



Сабақтың мақсаты: Адамның қоғамдағы орны туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:1Адамның қоғамдағы орны ұғымын тереңдете келе,шынайылық қасиеттерінің мәнін ашу..

2.Оқушылардың бойына қоғамда ізгілік қарым-қатынас жасау қасиеттерін дамыту.

3. Оқушыларды елі үшін, қоғам үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.

Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,

таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...

Мен - Нұрмын »

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар.Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық.

Ресурстар:



АКТ, оқулық, жұмыс дәптер және қосымша дәптер, плакат, түсті маркерлер.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 №26 Эссе: Жан әке, шертем сезім домбырасын.

</ (4 оқушыға оқыту)

2.2 №27 Сұрақ:

-Қоғам дегенді қалай түсінесіңдер?

-Адам мен қоғамның өзара байланысы туралы не айта аласыңдар?





















3.Дәйексөз

Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу - елдіктің белгісі.

Х. Досмұхамедұлы

3.1 Дәйексөзді оқыту.

3.2 Сұрақтар:

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

- Дәйексөздің тағылымы қандай? Адамның қоғамдағы орны туралы не айта аласыңдар?

3.3 Дәйексөзді қосымша дәптерге жазу.



4. Әңгімелеу. Бауыржан Момышұлының әңгімесінен...

Айнабұлақ!Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған - бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ...

Біз де сүйек,еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегіміз де - қауіп қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарақ, - ана сүтін ақтап, туған елді,Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы- махаббат, өмір тасы - халық, ел намысы - ер қолында, ер намысы - ел қолында. Біз - намысты елдің ұлымыз, жеңілмес күшіміз сонда.

Сұрақтар:

4.1 Ел намысы - ер қолында, Ер намысы - ел қолында дегенді қалай түсінесің?

4.2 -Әңгімеде Б. Момышұлының қандай қасиеттері байқалады?

- Осы әңгімеде елге деген сүйіспеншілік байқала ма?

4.3 Өз елдеріңе деген сүйіспеншілікті қалай көрсетер едіңдер?

















5. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс

5.1 «Адам» және «қоғам» сөздері жазылған қиықшалар арқылы топқа бөлу.

5.2 Тапсырманың шартымен таныстыру.

Өзі таңдаған мамандығы бойынша қоғамға қызмет ету кодексін құру.

5.3 Жұмысты берілген уақытта орындау (7 мин)

5.4 Жұмыстарын қорғау.

5.5 Мұғалімнің қорытындылайды.

.

















6. Топпен ән айту.Өміріңе немқұрайлы қарама

Сөзі: С. Сейтжан

Әні: С. Дәрібаев

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!



Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.



Тұсау салып, бас тартқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.











7. Үй тапсырмасы

7.1 № 27 Көрнекті және белгілі тұлғалар туралы баяндама жасап келу. (Қызметі, қоғамдағы орны туралы. Мысалы: Б. Момышұлы, Н. Назарбаев, Тереза ана....

7.2 № 28 берілген сөйлемдерді аяқтайтын ойды оқушылар өз түсініктері бойынша толықтырып, жазып келу.(жұмыс дәптеріндегі 36 беттегі тапсырма)















8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, тыныштықты сақтай отырып, бүгінгі өткен сабағымызды еске түсірейік.

Әрқайсымыз туған жерге, қоғамға деген сүйіспеншілік сезімімізді жүрегімізде сақтап, Отанымыздың гүлдене беруіне өз үлесімізді қоса білейік. Енді көздеріңді ашыңдар. Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал