7


Күшейтпелі шырай 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Талдықорған қаласы

Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп- гимназиясы

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

ДЮСЕМБИНОВА НАЗИРА ЕРМУХАНҚЫЗЫ

7 - сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні сабағының қысқа мерзімді жоспары

( 13-14 жасар балалар)



Титул беті

Құзырлықтар каталогы

Тақырып:

Күшейтпелі шырай



1

Базалық құзырлылық:

оқу іскерлігі

1.

1





Құрамды құзырлылық:

Ақпаратқа сызбалық талдау беру

Пән: қазақ тілі

Сынып: 7

Оқытушы:

Дюсембинова Н.Е.

1.1.

1







Әдіс, амал, құрал:

Топтастыру әдісі, сұрақ -жауап, пікір -болжам, бағалау





Дидактикалық дәреже: жоғары

Оқу орны: №19 ОМГ МДШО

Базалық оқулық:

7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығы. С. Исаев, Г. Қосымова «Атамұра» - 2016 жыл. 35 беттер



Мақсатты әлеуметтендіру

1.

«Табиғат»

Оқушының тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Сабақтың мазмұны:





.

2



«Қоғам»

Жеке интеллектуалдық әлеуетін көрсете алу

3

«Мен»

Шығармашылық қабілеттерін арттыру.







Күшейтпелі шырайды меңгерту, салыстырмалы шырай түрінен ажырата білуге үйрету.



Сабақтың мақсаты:

Күшейтпелі шырай туралы түсіндіре отырып, басқа шырай түрінен ажырата білуге үйрету. Сын есімнің шырай түрлері туралы білімін тиянақтау және оқушылардың өз бетімен іздену, есте сақтау, ойлану дағдысын дамытып, топтық жұмыс арқылы ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;

Оқу нәтижелері



  • Күшейтпелі шырайды меңгереді;

  • Жаттығулар арқылы күшейтпелі шырайды салыстырмалы шырай түрінен ажырата білуге үйренеді.

Блум таксономиясына сәйкес тапсырма

ның деңгейі



Оқу тапсырмалары



Уақыт

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті



Қызығушылықты ояту

  1. Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Кезекшінің көмегімен топқа бөліну.

- Бүгінгі ауа-райы кешегіден қандай?

- Бүгінгі көңіл күйің кешегіден қандай?

- Қандай киімдерді ұнатасың ?

- Күзгі жапырақ түсі қандай? т.б.



Үй тапсырмасын сұрау:

Табиғи әдіс бойынша «ТКО (Тыңдау, Көру, орындау) » жаттығуы

Сын есімнің асырмалы шырайын қайталау мақсатында үйден әкелген заттарға салыстыру мәніндегі сөйлемдер құрастырып айту, көрсету, орындау. Сұрақтарға жауап беру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша өзара сұрақтар қояды. (жұптық жұмыс)

Оқушыларды топқа бөліп өз орындарына отырғызамын.









Үйден орындаған тапсырмасын тексеру арқылы оқушының өткен тақырыпты қаншалықты меңгергендігін бақылау.

Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімін тереңдету.





Оқушылар топқа бөлініп өз орындарына отырады.









Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімін тереңдетеді.



Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап беру арқылы жақын арадағы даму аймағын орнатады.

5

мин





5 мин

«Білу»



1. Презентация арқылы жетелеу сұрақтарын қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашу :

- Балалар, біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не өте кем екенін көрсетсе ол қандай шырай түрі болады?



- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?

2. Сұрақ қоя отырып сабақтың мақсатын ашу:

Балалар, ендеше сабағымыздың айқындап алайық! Бүгінгі сабағымызда алдымызға қандай мақсат қоямыз?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Берілген сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындарды қойып көріңіздер:

Биік

Жақын

Тәтті

Әдемі

  • Енді, мына сапалық сын есімдердің алдына өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, орасан, ыңғай, кілең, шымқай, тіпті деген күшейткіш үстеулерді тіркеп көріңіздер!

  • Күшті

  • Жақсы

  • Жүйрік

  • Терең

  • Биік

  • Қызыл

  • Керемет

  • Не байқадық балалар? Күшейтпелі шырай қалай жасалды?

1) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады.

Мысалы: биік-біп-биік;жақын-жап-жақын.

Күшейткіш буындар негізгі сын есімдермен дефис арқылы жасалады.Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.

2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, орасан, ыңғай, кілеңсияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.

Мысалы; өте күшті,тым биік, орасан зор, аса терең т.б.

Бұл сияқты күшейткіш үстеулер сын есімдердің алдынан келеді де, бөлек жазылады.

Интерактивті тақтадағы слайдта көрсетілген суретке назарын аудару.



Оқушыларды сұрақпен жетелеу арқылы сабақтың мақсатын ашқызамын.









Оқушылар назарына слайд ұсынылады.



Оқушылар сурет арқылы сабақтың тақырыбын ашады.







Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, сабақтың мақсатын қояды.







Оқушылар слайд бойынша ауызша жұмыс істейді.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға шеңбер жаасап отырған оқушылардың ортасына отырып түсіндіреді.

10

мин

«Түсіну»





-Енді балалар, күшейтпелі шырайдың жасалу жолдарын толық түсіну үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

52 - жаттығуға қарайық! Сөйлемдерді оқып, құрамындағы күшейтпелі шырайды көрсетіңіздер. Олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер

Оқушыларға тапсырманы орындату арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Оқушылар тапсырманы орындау үстінде күшейтпелі шырайдың жасалу жолдарын түсінеді,



Ой сергіту











«Өзгертуді тап!» ойыны

- Оқушылар жұптасып мынандай тапсырмалар беремін:

- Жұптарыңызға қарама қарсы тұрып, бір біріңізге ғ секундтай мұқият қарап алыңыздар.

- Енді сырт айналып, бір біріңізге арқаларыңызды беріп тұрасыздар.

- Сыртқы пішініңізге болар болмас өзгерту енгізіңіз.

- Екі жақ та өзгертулерін аяқтағанда, бір бірлеріңізге қараңыздар да, өзгерулерді табыңыздар.

Оқушыларға тапсырмаретімен айтып отырамын. Оқушылардың дұрыс орындауын бақылаймын. Соңында оқушыдан қандай өзгеріс тапқанын сұраймын.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, өзара сыйласымдылыққа, бір бірімен араласуға үйренеді. Әрі сергиді.



Қолдану

53-жаттығу (ауызша). Топпен жұмыс. «Ең тапқыр» ойынын ойнайық. Берілген күшейтпелі шырайларды қатыстырып, ең қызық мәтін құрастырыңдар.



Топқа қиықша қағаздар таратылады.

Өте ауыр, ең тамаша, тым әлсіз, тіпті қысқа, сап-сары, қап-қатты, орасан зор, ап - алса, әп-әдемі, кіп-кішкентай.



Жаңа тақырыпты оқушыларға меңгерту мақсатында осы әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып жарысады, тапсырма орындайды

5 мин

Талдау

Семантикалық карта. Топен жұмыс

54-жаттығу. Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар (жазбаша).Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында тақтаға әр топтан оқушы шығартып тапсырма орындайды

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып жарысады, тапсырма орындайды

5

мин

Жинақтау

«Кім көп біледі?» Төмендегі күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып жазса, сол озып шығады. Олар қандай сөз табы болады?



Тап- (5 сөз) (таза, тар тамаша, тақыр ,тұйнақ)

Ап - (6 сөз) ( арық,аппақ, аз,аласа,алыс,ашық)

Жап- (7 сөз) (жарық,жасыл жаңа,жақын , жаман,жақсы,жайлы)

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма қағаздарын таратады

Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын кағазға жазау арқылы жеткізу

5

мин

Бағалау

Оқушылар табыс критерийлері бойынша бір- бірін бағалайды.

Бағалау парағы.Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Серпінді доп

53-жаттығу

54-жаттығу

«Кім көп біледі?»

Баға















Мұғалім бағалау парақшалары мен бағалу шкаласын таратады

Топ болып және жеке бағалау парақшасын бағалау шкаласына қарап толтырады

2

мин

Кері байланыс

Шығу парақтары

«Бес саусақ» тәсілі бойынша кері байланыс орнату.

Оқушылар парақтарға алақандарын қойып, , оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң, олар сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарға жазады:

Бас бармақ: Басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек: Бірлесу: Мен топта қалай жұмыс істедім? Кімге көмек бердім? Кімді риза еттім?

Ортан терек: Ойлану. Мен бүгін қандай тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек: Шынайылық. Сабақ саған ұнады ма?

Кішкентай бөбек. Көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?



-Балалар, бүгінгі сабақты кім аяқтағысы келеді?

Түйсікті бол, білімді де таңдай біл,

Жақсы атқарып, іс тетігін аңдай біл.

Жарайтын мен жарамасты байқастыр,

Керексіз бен керек істі жайғастыр.

(Ж.Баласағұни)

-Сау болыңдар!



Мұғалім топтарға парақшаларды таратады.

Оқушылар парақшаларды толтырып, өз пікірлерін білдіреді.







































































Түйсікті бол, білімді де таңдай біл,

Жақсы атқарып, іс тетігін аңдай біл.

Жарайтын мен жарамасты байқастыр,

Керексіз бен керек істі жайғастыр.

(Ж.Баласағұни)



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал