7


  • Учителю
  • Қазақ тілі Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, мағыналары

Қазақ тілі Сұраулы сөйлем, жасалу жолдары, мағыналары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің түрлері. Хабарлы сөйлем, оның мазмұны



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай төрт түрлі болатыны жөнінде түсінік беру. Хабарлы сөйлемнің мазмұнын, оған қойылатын тыныс белгісін түсіндіру, меңгерту.

Дамытушылық: Оқулықтағы жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы өз бетінше ізденуге, пікірлерін білдіруге дағдыландыру. Алдыңғы сабақтармен байланыстыру арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту, тіл байлықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Мәтін мазмұнын әңгімелету арқылы өз тілдерінде мәдениетті, дұрыс сөйлеуге баулу, берілген жаттығулардағы мәтіндер мазмұнын ұғындыру арқылы ата-бабаларына, еліне, жеріне деген құрмет сезімдерін ояту, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, проблемалық, эвристикалық, кітаппен жұмыс

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карточкалар, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

- Сөйлем деген не?

- Сөйлемге тән белгілер?

- Құрылымына қарай түрлері?

- Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығы?

Жаттығулары тексеріледі.



3. Жаңа сабақ

а). Жаңа материалды проблемалық ситуация арқылы меңгерту

- Сөйлем түрлерін анықтату. (Тақтадан көрсетіледі.)

Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр.

- Сен театрға барасың ба?

- Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың-ау!

- Шық сыртқа тегіс, көз айырма малдан! Бізбен бірге жүрсеңші.



Айтылу мақсатына қарай сөйлем төрт түрлі болады: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

- Сөйлемдердің мағынасына, мазмұнына назар аударыңдар. Қандай айырмашылықтары бар? Қандай мазмұнға құрылған? (Тақтадан көрсетіледі.)

Ахметов сөйлеп тұр. Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сөйлейді.

Ол ешкімге тіс жармады. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Кімде-кім қазіргі уақыта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. (М. Әуезов.)

- Сонымен хабарлы сөйлем дегеніміз не? Ережені шығарту.

- Хабарлы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?

ә). Жаттығулармен жұмыс

15-жаттығу. (ауызша)

16-жаттығу. 1. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.

2. Неше абзац, әр абзацта қанша сөйлемнен?

3. Мазмұнына қарай топтастырыңдар ( белгілі бір шақта, болымсыздық мағынада айтылған, айтушының көзқарасы, пікірі білдірілген.)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал