7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Сын есім (5 класс)

Открытый урок по казахскому языку на тему Сын есім (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сын есімдерден өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сын есімнің мағыналық,тұлғалық,құрамдық түрлері, сын есім тудырушы жұрнақтар бойынша оқушылар ізденісіне бағдар беру.

Тәрбиелік: қабылдау түйсігі, салыстыру және ой жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: сынау мәдениетін қалыптастыру, өрелі ой еркіндігіне баулу.

Сабақтың көрнекілігі: түрлі сызбалар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет пәнімен байланыстыру.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Әдіс-тәсілдері: ізденісті-зерттеу, салыстыру т.б.

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Психологиялық дайындық

IV Сын есімді қайталауға арналған сабақ

Сызбамен жұмыс.Сызбаға қарап ереже шығарыңдар,

мысалдар арқылы ережелерді дәлелдеңдер.

V Өткен тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар

VI Бағалау

VII Үй тапсырмасы

Мұғалім сөзі:

-Балалар, мектебімізде өтіп жатқан іс-шаралар неге арналады?

-Еліміздің тәуелсіздігінің 20жылдығына арналады.

-Отанға, тәуелсіздікке байланысты қандай өлең-шумақтарын білесіңдер?

Бейсенова Динара «Ғасыр шежіресі» өлеңінен үзінді Ақаев Арлан

Тәуелсіздік-тірлігімнің айғағы,

Татулығым-бірлігімнің айғағы.

Сөгілмесін еліміздің іргесі,

Әлі де бар ұрпағыңның арманы.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарланба, жарқыра!

Тарихымда таланттылар көбейсін,

Бас иемін ата-баба рухына!

Бойымда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана-

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

Қазақ тіліне төселу сәті:

-Қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

-Морфология саласы нені зерттейді?

-Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Сызба қарап ережені айтыңдар, мысалдар арқылы дәлелдеңдер

1-тапсырма. Тақтаға екі ағаштың суреті ілінеді.Оқушыларға жапырақтар таратылып,тапсырма беріледі: 1- адамның жақсы қасиеттерін, 2-топ жаман мінез-құлықтарды жазып шығыңдар.Жақсы мінез-құлықтарды түзу ағашқа,жаман мінез-құлықтарды қисық ағашқа іліңдер.Әр топ өз жұмыстарың туралы түсініктеме айтыңдар.

2-тапсырма. Негізгі сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар.Негізгі сын есімдерді бір бөлек,туынды сын есімдерді бір бөлек жазыңдар. Сын есім жасайтын жұрнақтарды пайдалана отырып, туынды сын есімдер жасаңдар.

а) есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар: лі, лы, ды, ді, ты, ті, сыз, сіз, ғы, гі, қы, кі, лық, лік, дық, дік, тық, тік, шыл, шіл, шың, шің, шаң, шең, дай, дей, тай, тей, қой, қор, паз, кер, ген, и, ы, і

ә) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: ғақ, гек, кек, ақ, ек, ық, ік, қ, ғыш, гіш, қыш, кіш, ғыр, гір, қыр, кір, шақ, шек, ынды, інді, нды, нід, малы, мелі, палы, пелі, балы, белі, ымды, імді, мды, мді, аған, еген, улы, улі, ма, ме, ба, бе, па, пе, ың қы, ің кі, ңқы, ңкі.

3-тапсырма. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар.

Темір, су, меірім, ою, тау, ақыл, өнер, сөз

Қазақстан қандай мемлекет?

4-тапсырма.Адасқан сөздерді лайықты сөзбне тіркестіріңдер.

Өнерпаз сөйлем

Түйінді бала

Жасанды жазушы

Басыңқы әнші

Әуезқой сөз

Атақты көл

5-тапсырма. Берілген сын есімдерді тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай талда .

6-тапсырма.Әуезді тіркестер құраңдар.

Үлгі:Теңіздей терең,…

Теңіз, күн, ай, дала, су, көңіл, талап.

7-тапсырма.Сын есімдердің бірінші синонимдарін одан кейін антонимдерін табыңдар

Сұлу-

Батыр-

Жылдам-

Сабырлы-

8-тапсырма.

Төмендегі мақал-мәтелдерден сын есімдерді табыңдар.

Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге бақ тұрар. Жақсы кеңес-жарты ырыс.Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Өткір пышақ қынға қас,өтірік сөз жанға қас. Тез қасында қисық ағаш жатпас.

9-тапсырма.Жаман мен жақсы туралы ата-бабаларымыздың айтқандарын оқи отырып,өздерің қандай мінез-құлықтарды жаман,қандай мінез құлықтарды жақсы деп есептейсіңзед,өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.

Жамандар-өтірікші өсегі көп,

Ер жұрттың іріткі салар арасына-ай

Жалған сөзбен бықсытар ел арасын

Жанбай қалған ағаштың шаласындай

Жақсы адам елдің басшы серкесіндей

Жұнғымды болар елдің еркесіндей

Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,

Қыранның қырдан байқар баласындай (Сүйінбай)

Өңкей жақсы қосылса

Бітіреді кеңесті

Өңкей жаман қосылса

Шығарады егесті

Мәмілемен іс бітер

Бас қосып қалса көп есті

Жақсының жолы жарық күн

Жаманның жолы көмескі. (Майлыққожа)

10-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, құрамына талдау жасаңдар. Сын есім тудырушы жұрнақтарды естеріңде сақтаңдар.

Қарап отырғанша, бір нәрсеге жарап отыр.

Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:

-Түзу мылтық,ұшқыр құс,жүйрік ат мақтаншақ жігіт,ұрыншақ ат жидым.Боз бала болып ерлік қылайынба,үлгі алып билік құрайынба?Еліңде кәрің болсаң жазулы хатың деуші еді,ақыл сұрай келдім депті сонда Төле би: «Өгізді өрге салмақанатың талар,наданға көзіңді салма сағың сынар.Досыңа өтірік айтпа сенімің кетер,дұшпанға сырыңды айтпа түбіңе жетер.Жақсының жағасынан алма өрісің тарылар.Қару жисаң,мылтық жи,жаяу жүрсең таяқ,қарның асша тамақ.Ит жүгіртіп құс салсаң әуеиі боларсың.Әйел алсаң көркіне қызықпа,тектіні ал.Тұмау түбі-құрт болар,тұман түбі-жұт болар.Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр.Кәсіп болмай нәсіп болмас.Менен ақыл сұрасаң,айтарым осы» деген екен.

ІV. Рефлексия.

V .Үйге тапсырма

VІ.Сабақты қорытындылау.

Білімдерін бағалау





































Сабақтың тақырыбы: «Сын есімді қайталау»



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру. Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.



- Қазір бізде қазақ тілі мен информатика сабағынан кіріктірілген сабақ. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сын есімдерді қайталау. Сабағымыздың мақсаты: сын есім туралы алған білімдеріңді жинақтау, бекіту, қорыту, шығармашылық тапсырмалар орындау.

Сабағымызды бастамас бұрын, осы күн сәтті өту үшін бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік:

Балалар: ақылды бол, білімді бол, ұқыпты бол, өнерлі бол, сұлу бол, жақсы бол, мәдениетті бол, әдепті бол, бақытты бол, үлгілі бол.

Мұғалім: Оқушы:



- Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат.

- Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық.

- Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

- Бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» деп аталады.

Бірінші сәт:



Ережені қайтала:

1. Сын есім дегеніміз не?

2. Сын есім сұрақтарын ата.

3. Негізгі сын есім деген не ?

4. Туынды сын есім деген не?

5. Негізгі сын есімге мысал келтір.

6. Туынды сын есімге мысал келтір.

Екінші сәт:

«Бір сын есімге көп зат есім жаз»

Үшінші сәт:

«Көңілділер мен тапқырлар»

Көктем қандай көңілді,

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Тапсырмалар:



1.Өлеңді жаттау.

2.Дәптерге жазу.

3.Сын есімдерді табу.

4. «Көңілді» сөзін сөз құрамына талдау.

5. «Күміс жаңбыр төгілді» сөйлем мүшесіне талдау.

Төртінші сәт:

«Сын есімге зат есімнің лайықтысын жаз»

Өнерпаз шопан

түйінді бала

жүйрік суретші

әуесқой ой

таңдаулы адам

сөзшең ат



(Өнерпаз бала, түйінді ой, жүйрік ат, әуесқой суретші, таңдаулы шопан, сөзшең адам)

Сын есімдерді сөз құрамына талдау.

Бесінші сәт:

«Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тап» ауызша.

1.Өтірік сөз өрге баспас.

2.Еріншек адамның ертеңі бітпес.

3.Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.

4.Жалған сөз - жанға қас, Жалқау қойшы - малға қас.

Алтыншы сәт:



«Көсемділікке ұмтылу»

1.Қандай сұрағына жауап беретін сын есім (жақсы )

2.Заттың түсін білдіретін сын есім. (қызыл)

3.Қандай жолдас болады? (жаман )

4.Бөлме қандай болады? (кең )

5.Алма қандай болады? (сары )

6.Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (шеткі )

7.Жемдеп тұрған мал қандай болады?

Жетінші сәт: Тест сұрақтары.

«Беске жету»



1.Сын дегеніміз не?

А) заттың аты

Ә) заттың түрі

Б) заттың қимылы

2. Сын есім сұрақтарын көрсет.

А) қандай? қай?

Ә) қанша? неше?

Б) не істеді? қайтті?

3. Туынды сын есімді көрсет.

А) сулы, күшті, білгіш

Ә) таза, әдемі, сұлу

Б) ақ, сары, көк

4.Сын есім нені білдіреді?

А) атын, орнын, мөлшерін

Ә) түсін көлемін, сапасын

Б) аумағын, көлемін, орындалғанын

5. Сын есімді тап.



А) келді

Ә) он

Б) әдемі

6. Негізгі сын есімді тап.

А) талапты, көлемді, икемді

Ә) жаңа, қызыл, ақ

Б) өнерлі, бойшаң, инабатты

7. Әдемі, сұлу, ұқыпты, ақшыл, қай сөз табына жатады?

А) зат есім

Ә) сын есім

Б) сан есім

8. Ақ, сары, қызыл сын есімдері

А) негізгі

Ә) туынды

Б) күрделі

9. Туынды сын есім неден құралады?

А) түбірден



Ә) түбір мен жұрнақ

Б) жалғау

10. Негізгі сын есім неден құралады?

А) түбір

Ә) түбір мен жұрнақ

Б) жалғау

Сабақты қорыту. «Мен қандаймын» ойыны

Шарты. әр оқушы өз аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді өз атының алдына қойып айтып шығады.



Мысалы:

Әдемі Әсем

Сымбатты Сандуғаш

Үлгілі Үміт

Жайдарлы Жанна

Нұрлы Нұржан

Инабатты Ислам

Ақылды Аяш

Рақымды Рүстем

Әдемі Әсет

Алғыр Аманжол.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал