7


  • Учителю
  • Диктанттар жинағы бастауыш сыныптырға

Диктанттар жинағы бастауыш сыныптырға

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дос.

Менің досым Жансаяның бүгін туған күні. Ол тоғыз жасқа келді. Жансая кітап оқығанды ұнатады. Мен досыма орыстың ертегі кітабын сыйлаймын.

(20 сөз)



Тазалық.

Менің атым - Саша. Мен қолымды,бетімді жудым. Бетімді сүлгімен сүрттім. Тісімді таңертең және кешке тазалап тұрамын. Әр қашан таза жүремін.



(20 сөз )

Күздік киім.

Күзде күн суық. Біз жылы киім киеміз. Күзде бас киім, жылы пальто, күрте, шарф, етік киеміз. Киімді күтіп кию керек.

(20 сөз )

Менің отбасым.

Анашым менің! Мен туралы басқалар жылы сөз айтса,алдымен саған қарыздармын. Маған ана махаббаты жайында үлкен сабақ бердің. Отбасымыздың ұйыткысысың.



(20 сөз )

Менің отбасым

Менің атым - Олжас. Мен тоғыз жастамын. Менің отбасым шағын. Алты адам бар. Олар: атам,әжем,әкем,анам,інім және мен. Інім бірінші сыныпта оқиды. Мен үшінші сыныпта оқимын.

( 28 сөз )

Сағат.

Менің атым - Сағат. Үш тілім бар: ұзын тілім - минутты, қысқа тілім - сағатты, ал жіңішке тілім секундты көрсетеді. Бір сағатта алпыс минут бар.Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар.

( 28 сөз )

Отандық мультфильм.

Балаларға кішкентай кездерінен мультфильм көру өте тиімді. Көбінесе балалардың сүйіп көретін мультфильімдері "Жеті лақ", "Бауырсақ", "Қасқыр мен қоян" тағы басқа ертегілер. Әсіресе, "Балапан" арнасынан көрсетілетін мультфильмдердің тәрбиелік мәні өте көп.



( 30 сөз )



Менің жазғы демалысым.

Бүгін менің туған күнім. Туған күніме достарым келді. Олар маған ойыншықтар сыйлады. Айгүл қуыршақ сыйлады. Жазда күн ыстық. Біз суға шомыламыз. Сыйлықтар маған өте ұнады. Барлығымыз дастарханға отырдық. Қызықты ойындар ойнадық.



( 31 сөз)

Күзгі бақ.

Күз жылдың ең жылы мезгілі. Күзде күн салқын. Күзде адамдар жылы киінеді. Олар:шалбар,жейде және жеңіл аяқ киім. Айбектің басында құлақшыны,астында тоны,аяғында етігі бар. Айбек жылы киінеді. Мынау-Арай. Арайдың үстінде пальто, мойынорағыш,аяғында жылы етігі бар.



(40 сөз )

Мамандық.

Өмірде мамандықтың түрі өте көп.Біреулер мамандықты жас кезінен таңдайды. Оларға мамандық таңдауға ең бірінші айналасындағы ортасы, жолдастары, туысқандары әсер етеді.Көбіне балалар кішкентай кезінде дәрігер,одан кейін өмірдің бірінші баспалдағында танысатыны мұғалім. Одан кейін ер жеткен соң саналы түрде мамандық таңдайды.



( 42 сөз )



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал