7


  • Учителю
  • ӘДебиет-өнердің бір саласы күнделікті сабақ жоспары

ӘДебиет-өнердің бір саласы күнделікті сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған -

әдебиет туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.

Оқыту нәтижесі

Оқушыларды ана тілді құрметтеуді ұғына білуі,АКТ пайдалана алуы

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау


BLUB TREE-ді қолдана отырып бастауышта не үйренгендерін білу

Мағынаны тану


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Әдебиет - ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.

Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл - күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.

Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып - білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.

Сондай - ақ әдебиеттің үлкен бір түрі - ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.

VІ. Түсінік тексеру:

  1. Әдебиет не туралы ғылым?

  2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

  3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

  4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

  5. 5- сыныпта біз көрке әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?

  6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

Ой қозғау

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/

Ана тілі дегеніміз не?

Ұлт тілі,ділі дегенді қалай түсінеміз?

Топқа стикерлер арқылы бөлу

І топ «Қазақ тілінің кешегісі»

ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы

Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

Топқа бөлініп ,пікір таластырады.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығуоңай-ақ.


Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату

Үй тапсырмасы

Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал