- Учителю
- Етістіктің рай категориялары туралы
Етістіктің рай категориялары туралы
Сыныбы 7 Қазақ тілі | Күні: |
| |
Тақырыбы | Қалау рай | ||
Мақсаты | Қалау рай, оның жасалу жолы туралы түсінік беру | ||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады. | ||
Дереккөздер, құрал-жабдықтар | Қазақ тілі. 7-сынып, интерактивті тақта, ватман, маркер | ||
Сабақтың барысы: | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Ұйымдастыру кезеңі | 1.Тұлғааралық байланысты орнату. Сыныппен амандасу. Топқа бөлу: «Өз затыңды тап» | Өз затын табу арқылы үш топқа бөлінеді.
| |
Үй тапсырмасын тексеру | Қызығушылығын ояту. Топтық жұмыс | Оқушылар плакатқа жауаптарын жазады.Мысалдар келтіріп дәлелдейді. Қол шапалақтағанда уақыт бітіп, сағат тілімен айналып келесі топтың тапсырмасын оқып толықтыратындары болса жазады. Әр топтан бір - бір оқушыдан қалып жазғандарын қорғап шығады. | |
Тұсаукесер | Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, бағытталған ынтасы мен ниетін білдіреді. Жасалу жолы:
| Үш жақта тәуелдейді. Үш жақта жіктейді ІІ, ІІІ жақта жіктейді | |
Негізгі бөлім | 192- жаттығу 193- жаттығу Ойын «доп қағу» 1 - топ етістік айтып 2 - топқа доп лақтырады қағып алған оқушы сол етістіктен қалау райлы сөйлем құрайды сөйтіп 3 - топқа лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. | Берілген қалау райлы етістіктерді жіктейді І топ- оқығысы келді ІІ топ- барғайсың ІІІ топ- айтқысы келді
Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдайды.
Мысалы: Ойна. Мен шанамен ойнағым келеді. Ол таза ауада ойнаса игі еді. Сен онымен ойнағайсың. | |
Қорытынды | Сұрақ- жауап | Сұрақтарға жауап береді
| |
Үйге тапсырма.
| Ережені жаттау, қалау райлы етістіктерді қатыстырып, «Менің арманым» деген тақырыпта шағын шығарма жазу | Күнделіктеріне жазып алады. | |
Бағалау. |
|
| |
|
|
|
Бағалау парақшасы
№
Оқушының аты - жөні
«Галереяға саяхат»
Жаттығумен жұмыс
«Доп қағу»
«Ойлан тап»
Қорытынды баға