- Учителю
- ИЛИЯС ЖАНСУГУРОВ КУЙШИ ПОЭМАСЫ
ИЛИЯС ЖАНСУГУРОВ КУЙШИ ПОЭМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданының білім бөлімі ММ
«№1 Теректі орта мектебі» КММ
Тақырыбы: І. Жасүгіровтің
«Күйші» поэмасының көркемдік қуаты
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9 «а» сынып
Өткізген мұғалім:
Шаяхметова Гаухар Мамыровна
Санаты: 2
Деңгейі: 3
Теректі ауылы
2015-2016 оқу жылы
Сабақ жоспары
Әдебиет сабағы
Өткізген сынып : 9 «а»
Сабақтың тақырыбы: І. Жасүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік қуаты
Сабақтың мақсаты: шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу арқылы шығармадағы өнер құдіретімен адамдар арасындағы психологиялық тартысты,оқиға шиеленістерін зерделеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәсілі - сұрақ -жауап, топтық жұмыс, АКТ, бағалау.
Сабақтың типі - білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ой қозғау сабақ
Көрнекіліктер - Слайдтар, тапсырмалар жазылған қима қағаздар, бағалау парағы, топқа бөлетін қима қағаздар, АКТ
Кезең ,уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Қолданылған модуль
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
3 минут
-
Сәлеметсіздер ме?
Қалдарыңыз қалай?
Кезекші кім?
Сабақта оқушылар түгел ме? Сабаққа дайынсыздар ма?
-
Көңілдерін көтеру үшін «Сәлем жолдау» позитивті стратегиясы ұйымдастырылады.Осы стратегия арқылы топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлап алуға ұсыныс жасау.
-
Амандасады!
-
Сабаққа келгендегі қал-жағдайларын айтады!
-
Кезекші орнынан тұрып, сабаққа оқушылардың қатысуы туралы ақпарат береді.
-
Оқу құралдарын дайындайды.
-
Оқушыларға көңілашардың әсері туралы айтады. Ниет білдіреді.
-
Әр оқушы өз тобына отырады.
-
Топ атаулары: «Елім-ай» және +++«Сарын»
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту
Үй тапсырмасын тексеру
7 минут
-
Тест - Руно стратегиясы.
Поэманың мазмұнын қалай меңгергендеріңді байқау мақсатында поэманың әр жерінен алынған үзінді беріледі, оны сендер рет-ретімен орналастыруларың керек....
-
Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетуі.
-
Күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды, табиғат та тып тыныш бола қалды».
-
Қарашаштың күйге де, күйшіге де ықылас пейілі ауып, ағасы Кене ханға келіп, осы күйшіні беруін өтініп, қолқалап күйшіні алады.
-
Күйші ханшаға басыбайлы құл болдым-ау деп ойлайды.
-
Қарашаш күйшіге «айдаһар, әзірейіл, ажал... жын патшасы тажал түсті» болып көрінеді.
-
Күйшінің ханышаға деген көңілі жылиды.
-
Күйші «Еліме, үйіме қайтарыңыз» - деп ханшадан өтініп сұранады.
-
«Жаңа күй жаңа жолмен кетті лағып».
-
Әлімқұлдың тентек ұлы ханша сарайын дүр сілкіндірді.
-
Ханшаның күйшіні ақтап алуы.
-
Өздеріне ұсынылған тапсырмаға жауап беру арқылы өткен тақырып бойынша өз беттерімен ізденістерін көрсетеді, тақырыпты меңгеру дәрежесін айқындайды.+++++++++
-
АКТ, бағалау
Жаңа сабақ
15 минут
-
-
-
«Иә, жоқ» стратегиясы.
-
-
«Сарын» тобына: Ханша жігітті үйіне, жалғыз анасына өнерді қадір тұтқандықтан жібермей ұстап отыр ма?Жоқ,...
«Елім-ай» тобына: Поэманың аяқталуында «Келген соң
аман-есен ауылына
Арманды «Азат» дейтін бір күй шертті.» деп автор күйшінің ханшаға
деген махаббатынан азат болуын айтты ма, әлде армандаған азаттығын
алғанына байланысты айтылды ма?
-
«Саты» стратегиясы.
Поэма мазмұны бойынша композициялық талдау жасату.
1.Авторы - Ілияс Жансүгіров
2. Тақырыбы - Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы
тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
3. Жанр түрі - поэма
4. Негізгі идеясы - Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы
күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін
түсіндіру.
5. Шумақ саны -
6. Тармақ саны -
7. Буын саны - 11
8. Бунақ- 3
9 .Ұйқас - Қара өлең
Басталуы: Алатау күй тыңдады ауылдай боп,
Тас болып, толқып жатты бауырдай боп.
(күй құдіретіне тамсанған табиғат)
Дамуы: Өзінің ордасында батыр Кене
Тарттырып домбыраны отыр Кене.
(Хан Кене ордасындағы жиын)
Шиеленісуі: Ордадан бұдан артық тілемеймін,
Бер маған осы адамды басы бүтін.
(Қарашаштың Кенеге қолқа салуы)
Шарықтау шегі: Соғады кейде суық мұздың күйі,
Толғанған жар сағынып қыздың күйі.
(Қарашаштың күйшіге деген сезімі)
Шешімі: Домбыра бостандықтың ырғағын тарт!
(Күйшінің бостандық алуы)
3. «Шаңырақ» стратегиясы.
Теңеу: Күлдірлеп қоңыраудай, жүйрік аттай, қымыздай балға
ашытқан, оймақтай аузы, сұлтандай сүйігімді.
Эпитет: Зарлы күй, ащы күй, алтын күрек, мақпал бау, құс
мамық, қылаң қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу,
ақиық қыз.
Кейіптеу: Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап мінбей
тұрды тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ-сылқ күлді, ауырып
домбыра да ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды.
Метафора: Кенем-құтым, мен-тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып,
жаңа толқын-жасыған күй.
Градация:Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып,
тамшылатып,
сығып, сарқып т.б.
Портрет:
Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз,
Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы.
Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.
… Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін. Бетінде Қарашаштың қызыл
да жоқ. Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр, Қыз емес,қарсы алдында
албасты отыр. Жыландай жиырылған кесерткі қыз…
-
Әр топ өзіне берілген жауап бойынша ойыларын айтады.
-
Берілген қима қағаз бойынша поэмаға сатылай кешенді композициялық талдау жасайды.
Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, оқытуды басқару және көшбасшы, бағалау, СТО
Сергіту сәті
1 минут
-
Күй «Әлқиса». Авторы Н. Тілендиев
-
Орындарынан тұрып би билейді. Ой тынықтырады, бой шынықтырады.
Бекіту кезеңі
13 миут
-
-
«Салыстыру» стратегиясы.
-
Сарын тобы: Ханша мен күйші.
Елім-ай тобы: «Күй» мен «Күйші» поэмаларындағы айырмашылық.
-
-
«Сыр сандық» стратегиясы. Сөздікпен жұмыс.
-
Қорытынды: берген тәрбиесі, менің көзқарасым.
-
Сабақ бойынша түсінгендерін айтады, ой қозғап, ой қорытады.
АКТ, СТО, Деңгейлік тапсырма, бағалау,
Қорытындылау
4 минут
Сабақ бойынша қорытынды шығарту, ұсыныс жазу. «Бәйтерек» стратегиясы.
«Бәйтеректей» биік, білімді болу үшін қол жеткізу.
СТО
Үй тапсырмасын беру
2 минут
«Күй құдіреті» тақырыбында эссе жазу.
Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды.
АКТ