7


  • Учителю
  • ӨЗін - өзі тану пәніне арналған 1сыныптың сабақ жоспары Арайлап атсын әр таңым!

ӨЗін - өзі тану пәніне арналған 1сыныптың сабақ жоспары Арайлап атсын әр таңым!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: Алабас негізгі мектебі

Мерзім: 28.09.15 03.10.15

Тақырып: №3-4 сабақ Арайлап атсын әр таңым

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: жан тыныштығы

Мұғалім: Едіге Саягүл Едігеқызы

Класс: 1 Оқушылар саны: 5.


Сабақ мақсаты:

«Жан тыныштығы»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

әр бір атқан таңға,бейбіт күнге қуанып,ризашылық жасауға түсінік беру

айналасындағы адамдардың бір біріне қуаныш сыйлаға тәрбиелеу

өзіне деген сенімділігін арттыру;

Ресурстар:

(құралдар, материалдар)

Электронды оқулық, жұмыс дәптері

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2. Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
1.Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

2.Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

« Әрбір таңғы қуаныш өмірге шаттық сыйлайды.»

Халық даналығы
2 -рет ұлдарға, 2 -рет қыздарға айтқызу.

Бәрі қосылып 1 -рет айтады.


5. Әңгімелесу (сұхбат).

«Таңғы сәулелер » суретпен әңгімелесу


Сергіту сәті:

Қуан,шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!


6. Шығармашылық жұмыс.

Жағдаяттар шешу.

Суреттерге қарап, олардың қалай әңгімелескендері туралы айтып беріңдер.
• Суреттегі балалардың орнында өздерің болсаңдар,қандай әрекет жасар едіңдер?


7. Топпен ән айту.

« Бала тілегі »
Сөзін жазған:С.Молдасанұлы
Әнін жазған:Ф.Жолдасова 21бет


8. Үй тапсырмасы

22бет Күзгі қуаныш оқып келу.

Дәптер: 3сабақ жазып келу


9. Соңғы тыныштық сәті.

/баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді/Сабаққа қатысқандарына рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал