7


  • Учителю
  • Қазақ тілі, 5-сынып Антоним сөздер

Қазақ тілі, 5-сынып Антоним сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Антоним сөздер

Сабақтың тақырыбы: Антоним сөздер.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік - жаңа тақырыпты жүйелі түрде жете түсіндіре

отырып, жаңа тақырыпқа сай мысалды оқушының өзіне талдату жолымен ережені өздеріне қорыттыру, тақырыпты саналы түрде меңгерту.

ә) дамытушылық - оқушылардың бұрыннан бар білімін жаңа біліммен байланыстыра алу қабілетін, ойлауы мен зейінін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, талдау машығын дамыту.

б) тәрбиелік - ұлттық салт - дәстүрін, рухани байлығын құрметтеу,

тапқырлыққа баулу, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.



Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың түрі: жаңа материалды таныстыру

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, талдау жұмыстары

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары,

«Фонетикалық талдау» сызбасы, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, перфокарта.

Сабақтың барысы: 1 кезең

1. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылар шеңбер жасап,бір-біріне синоним сөздер айтады.

( Бір - бірімізді қол шапалақтап қолдап қоямыз )

2 - кезең.

Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақтар бойынша сұрақтар).

1. Лексика нені зерттейді?

2. Сөздің тура мен ауыспалы мағыналарына түсінік бер.

3. Сөздің көп мағыналығын қалай түсінесің. Мысалдармен дәлелде.

4. Омоним деген не?. Оны көп мағыналы сөзден айырмашылығын айт.

5. Синоним деген не?. Мысалдар айт.

Тестпен жұмыс

1 - қатар 2 - қатар



1."Биік" сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз.

A) Биік сезім.

B) Биік тау.

C) Биік ой.

D) Биік тұлға.

E) Биік сөз.

Дұрыс жауап: B

2.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз.

Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме.

A) Ниетің.

B) Қисық.

C) Болса.

D) Ағайынға.

E) Өкпелеме.

Дұрыс жауап: B



3.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз.

A) Тұмау аяғы - құрт, тұман аяғы - жұт.

B) Самат аяғын ауыртып алды.

C) Ол науқасынан айығып кетті.

D) Жел күшейе түсті.

E) Ол аяғын созып жатыр.

Дұрыс жауап: A



4.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

Бұлақтың көзін ашу - игі іс.

A) Бұлақтың.

B) Көзін.

C) Ашу.

D) Игі.

E) Іс.



Дұрыс жауап: B

5.Сөздің тура мағынасын табыңыз.

A) Сүт таңертең ұйып қалды.

B) Оң қолым ұйып қалды.

C) Әңгіме ұйып тыңдалды.

D) Олар сүттей ұйып отыр.

E) Сүттей ұйыған жанұя.

Дұрыс жауап: A



2 - кезең Слайдта берілген суреттерді көрсетемін. Қарама - қарсы мағыналы сөздерді айту арқылы оқушылар антонимнің ережесін шығарады

Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Антоним сөздер тағы былайша жасалуы мүмкін: антонимге жұрнақ жалғануы

арқылы немесе емес сөзін тіркесуі арқылы.

Мысалы: үлкен - үлкен емес

бар - барма

сулы - сусыз



3.« Сынарын тап» ойыны

1.Антонимдер және болымды-болымсыз антонимдер жаз.

Үлгі: Аш- тоқ

Аш- аш емес.

Мақта-датта

Мақта- мақтама

4- кезең Бір-біріне антоним болатын сөздерді тап.

Жаман,дос,жақсы,адал,үлкен,қас,арам,кіші,кең,жас,аз,ақымақ, ашық,ақылды,жабық, тар,кәрі,көп.

5 - кезең Оқулықпен жұмыс.

96 - жаттығу. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі

Қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып көріңдер.

Үлгі: биік тау - аласа тау....

6 - кезең Фразеологиялық антонимдерді табу.

Мысалы.Маза бермеу- мазасын алмау

Езу тарпайды-езуін жимайды т.б.





8.- кезең «Сәйкестендір»

9 кезең Сабақты бекіту. Тақырыпты перфокарта бойынша жұмыспен бекіту.

Мына сөздерге антоним және синоним болатын сөздер жаз.

Өжет, бар,жарық,алсы,мол,бейнет,оңай.

10 - кезең. Үйге тапсырма.

97 - жаттығу.

11 - кезең. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал