- Учителю
- Қазақ хандығының 550 жылдығы
Қазақ хандығының 550 жылдығы
Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне міне, биыл 550 жыл толды.
«Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз». Мемлекет басшысы Астана қаласы активімен 22 қазандағы кездесуінде осылай деп күллі қазақ баласын қуантты. Яғни 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының республика көлемінде атап өтілуі-қанында бабалар рухы бар,өткенін құрметтейтін әр қазаққа, кіндік қаны тамып, бұлағынан су ішкен әр қазақстандықты толғандырмай қоймайды.Бұл дегеніміз,Қазақстан халқының өткенді білуге деген құлшынысын көрсетеді. Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек - Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.
Міне,біз,тәуелсіздіктің ұрпақтары,қазақ халқы егемендікке қол жеткізгенге дейін талай қиындықтар мен тағдырдың соққысын көргендігін ел тарихынан білеміз.Біліп қана қоймаймыз, ел басына күн туған шақта халқын бір тудың астына жиюды мақсат еткен хандарымыздың кемңгерлігінен үлгі алуға тырысамыз. Бүгін де өткен тарихты айту оңай болғанмен,өз кезінде білгір де қайратты көшбасшылар қажет болды. Себебі ең алғаш туын тіккен елдің болашағы қашанда бұлыңғыр болады ғой.
Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ хандығы Қасым хан, Есім хан,Тәуке хан, Абылай хан,Кенесары хандармен жалғасуы-халқымыздың болашағының жарқын екенін көрсетті. Әр хан өзі билік құрған заманында халық үшін пайдалы, жан -жақты саясат жүргізіп отырғаны бізге аян.
Кейіннен Кеңес үкіметі орнаған тұста Алашордашылардың көсемі Әлихан Бөкейхановтың, Қазақ КСР-ін сонша жыл басқарып,орасан еңбек сіңірген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі қазақ тарихы беттерінде алтын әріппен жазылды. Осындайда ойыңа:
...Ерлерді ұмытса да елі ұмытпас,
Ел жұртының ойлайтын есендігін!
Ерің болса-сол ханың,осы елдігің.
Қымбат емес алтын тақ, Хан ордасы
Қымбат бізге бабалар көсемдігің-деген өлең жолдары еріксіз орала береді
Ел қамын ойлап « ереуіл атқа мінген» батырларымызды айтпағанның өзінде, сақ ,ғұн дәуірлерінен ,ежелгі түркілерден яғни Күлтегін, Білге қағандардан бастау алған көсемдеріміз бен хандарымыздың асқақ арманы орындалды. Кеңес үкіметі құлап,әр халық егемендік алуға ұмтылып жатқан тұста қазақты қиын кезеңнен алып шыққан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының баянды екенін уақыт өзі көрсетті..
Бабаларымыз «Ошақтың бұты - үшеу, жағар оты - біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды.
Бұл орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті қасиетті Ұлытауда сан қатпарлы тарихымыздың түп тамырын толғаған мағыналы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтты.
Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұлан ғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі - Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқыны» атты кітабында «Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды», - дейді.
Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде билеуші әулеттердің есімімен байланысты атаса, Қазақ хандығы отанымыздың негізін қалап отырған ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек - Қазақ халқының ежелгі заманнан елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін-келбеті сомдалып, тарих толқынында ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді.Бүгнігідей жаһандану заманында қазақ елі өз стратегиясы бар Қазақстан атты көп ұлтты «Мәңгілік ел» мемлекетіне айналып отыр.
Қазақтың дарқандығы,ұшқан құстың қанаты талатындай жерінің кеңдігі екінің біріне жаза бермейтін жаратушының сыйы сияқты көрінеді маған.Қаншама ғасыр өтсе де, талай тарихқа куә болған қазақ жері ішіне сыр сақтаған бейне бір дана қарт секілді.Шыңына көз жетпейтін асқар-асқар тауларды ел мен жерді қорғаған алып тұлғалы батыр, көсем, хандар ма дерсің.Заңғар шыңдардың « елім, еңсеңді көтер, ешқашан мойыма,тату бол!»-деген жаңғырығы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп жатқандай.Бүгінде сол жаңғырықты қазақ елін мекендейтін түрлі ұлт өкілдеріне тура жеткізуге,қайтсе қазақты әлемге танытуға, «Есім ханның ескі жолын», «Қасым ханның қасқа жолын»,біртұтас мемлект құрам деген Абылай хан жо-
лын ту етіп ұстаған Қазастан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаетың
саясаты бабалар аманатының эстафетасы жалғасын тапқандығы екендігі бәрімізге аян.
Біз,бүгінгі ұрпақ, республикалық қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесінің қазақстанды әлемге танытудағы рөлі бабалар арманының орындалғаны, ұрпақ алдындағы жауапкершілік деп түсінеміз.
.
Начало формы
+1дауыс
Конец формы
Начало формы
+1дауыс
Конец формы