- Учителю
 - Урок не тему: Қос сөздер
 
Урок не тему: Қос сөздер
Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер
Мақсаты : Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту ,сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге ,қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі : СТО жобасы бойынша
Пәнаралық байланыс : Әдебиет , математика
Көрнекілігі : Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдты түсіндірме жұмыстармен тапсырмалар .
Күтілетін нәтиже :
- 
    
Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
 - 
    
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
 - 
    
Қосарлама қос сөздерді пайдалан отырып , фонетикалық талдау жүргізеді ;
 
Сабақтың барысы
1 Психологиялық дайындық :
Оқушының зейінін аудару , түгендеу.
Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын тапсырмның түріне қарай бөлінген графаға бір балдан қосып отырады .
2 Қызығушылықты ояту : «Кубизм» стратегиясы бойынша / Экранда кубиктің қырына сай сұрақтары шығып отырады./
1- қырының тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді?
2- қырының тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата
3-қырының тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не?
4-қырының сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ?
5- қырының сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ?
6- қырының сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?
3 Мағынаны тану
- Экранда жазулы тұрған өлеңді бір оқушыға оқыту
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап,
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап
Абай .
- 
    
Кімнің өлеңі ?
 - 
    
Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық
 
Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек
/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/
Құлын-тай көре-көре
Жоғары-төмен жарқ- жұрқ
Үйрек-қаз Үйді-үйге
Қыз-келіншек өз-өзіне
- 
    
Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
 - 
    
Неше түбірден қосарланған ?
 
** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді -қосарлама қос сөздер дейміз. / Экраннан көрсету /
- 
    
Енді қосарлама қос сөздер қалай жасалады ? Оны білу үшін мына экранға көңіл аударамыз
 
Елу түйесі , екі жүздей қой -ешкілері тағы бар .
- 
    
Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? / Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.
 - 
    
Олай болса , қосарлама қос сөздер , мағыналары бір- біріне жақын/ синоним/ сөздер я қарама-қарсы / антоним /сөздер қосарланады . Мысалы : қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні ,ауыл-аймақ , ағайын- туыс.
 
Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.
- 
    
Бір мағыналары мағыналы , екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.
 
Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа , қыз-қырғын т/б
Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен. Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай ,қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.
Сандалып келе жатты ақсақ киік
Бір тоқтап , анда-манда есін жиып
Ақ бөкен сахараның ботагөзі
Атты екен қандай мерген көзін қиып .
Сәкен Сейфуллин .
- 
    
Екі сыңарыда мағынасыз сөздер қосарланады . Мысалы : анда-санда, оқта-текте , ығы-жығы, некен-саяқ т/б.
 
Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.
- 
    
Кейіңгі кезде қалыптаса бастаған қосарлама қос сөздердің тобы . Олардың сыңарлары әртүрлі тұлғада кейде бір тұлғада келеді .Мысалы : Оқу-әдістемелік ,мәдени-ағарту ,қазақша-орысша үгіт-насихат т/б .
 
Оқулықпен жұмыс / ауызша/
№ 93 / Тізбектей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .
№ 95 / Тақтамен жұмыс /
Сөз тіркесін жасайды .
- 
    
Ойын-тойдың сәні, көші-қон қамы т/б .
 
«Жалғасын тап» ойыны
Дос- ....... Егжей -....... .......- Жарақ
Сәлем -..... ...........- Насихат .......- Сарсаң
.........- келбет Қант- .............. Ығы- ........
Математикалық талдау
3 топқа тапсырма
1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2- топ: Кескін-келбет сөзіне
3- топ : Ығы-жығы сөзіне талдау
Ой толғаныс :
- 
    
топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
 - 
    
Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
 - 
    
Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
 - 
    
Үйгетапсырма : №100 , ережелерді ереже дәптерге түсіру
 
Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру.