7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'Қыс. Сын есім' 5-сынып

ҚАзақ тілінен сабақ жоспары 'Қыс. Сын есім' 5-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.

Сабақтың мақсаты: білімділік: «Қыс» тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, сын есімді қайталау; дамытушылық: оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздік қорларын молайту; тәрбиелік: қыстағы әдемі табиғат арқылы оқушыларды әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, сөйлем, тіл дамыту, дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Балалар, біз өткен сабақтарда қыс мезгілі туралы біраз мәліметтер алдық. Ендеше бүгінгі сабақта қыс жылдың қандай мезгілі, қыста табиғатта қандай өзгерістер болатындығы, қыс тақырыбына байланысты қандай сын есімдер білетініміз туралы білімімізді жинақтайық. Ол үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма:

Тақтада ілінген үлестірмелі қағаздарда сөздер мен сөйлемдер берілген. Қыс мезгіліне қатыстыларын бірыңғай топтастырамыз.

Қыркүйек, қазан, қараша,желтоқсан, қаңтар, ақпан

Күн ыстық болады.

Аяз болады.

Қар жауады.

Жаңа оқу жылы басталады.

Балалар көлге түседі.

Балалар шаңғы тебеді.

Жаңа жыл мерекесі болады.

Жаңбыр жауады.

Боран соғады.

2-тапсырма.

Қыс мезгіліне байланысты қандай сын есімдерді білесіңдер?Қыс қандай болады?Сын есім дегеніміз не?

(Оқушылар бірнеше сын есімдерді атайды. )

Суық, боранды, қарлы, қысқы, ат, қатты, жаңа, мұздай, қалың және т.б.

Осы аталған сын есімдерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

3-тапсырма. Қыс мезгіліне байланысты диалог құрастыру.

Мысалы:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Күн суық болады, қар жауады, боран соғады.

-Қыста адамдар қалай киінеді?

-Адамдар жылы киінеді.

-Қыста қандай мереке болады?

-Қыста Жаңа жыл мерекесі болады.

4-тапсырма.

Берілген суреттерден қысқы киімдерді тауып атаңдар. Тон, пима, қолғап, құлақшын. Осы сөздерді қатыстырып, сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастыру.

Жағдаят. Күн суық. Сенің қарындасың немесе інің , сіңілің далаға ойнауға шығайын деп жатыр. Сен оған қандай киімдер кигізесің?

Сергіту сәті:

Көздерін байлап, тақтаға аққаланың суретін салу.

5-тапсырма.

Екі топқа бөліну.

1-топ: Қыс мезгілі бізге ұнайды.

2-топ: Қыс мезгілі бізге ұнамайды.

(Екі топ өз пікірлерін қорғайды)

6-тапсырма. Берілген мәтінді қазақшаға аудару.

Зима. Декабрь, январь, февраль - зимние месяцы. Зимой дни становятся короткими, ночи динными. Дни стоят холодные, морозные. Деревья и дома покрываются снегом. Реки и озера замерзают. Дети катаются на коньках и лыжах.

Сабақты қорытындылау: сызба бойынша сабақты қорытындылау.


күн түн айлар

ҚЫС

киімдер ойындар



ауа райы табиғат

Бағалау.

Үйге тапсырма: Қыс мезгіліне байланысты сурет салып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал