- Учителю
- Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс іс-шара (5-7 сыныптар)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сыныптан тыс іс-шара (5-7 сыныптар)
«Павлодар қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
ГУ «Средняя общеобразовательная школа №6 города Павлодара»
Тақырыбы:
«Жүзден жүйрік,
Мыңнан тұлпар»
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру,білімді,жан-жақты болуға үйрету,бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру,ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту,балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі:интерактивтік тақта,слайд көрмелері
Жоспары
1 бөлім: «Суреттер сөйледі»
2 бөлім: «Тіл-өнер»
3 бөлім: «Қызықты ұйқастар»
4 бөлім: « Мықты болсаң тауып көр»
5 бөлім: «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».
Кіріспе:
Тіл- адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген ,мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді ,дүниені ,өмірдің құнды таңылымдарын таниды да ,келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы,тіл- ұлттық қазына,тіл -біздің намысымыз, арымыз,байлығымыз,барымыз.
Қайырлы күн,құрметті көрермендер,қонақтар,сайыскерлер.Бүгін біздің «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты сайысымыз «Ана тілім-тәуелсіздік тірегі» апталығы аясында өткізіліп отыр.Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
І кезең: «Суреттер сөйлейді»
Екі топқа сурет беріледі, әр топ сол сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.( 5 -7 минут беріледі)
ІІ кезең Тіл өнер
Мақалдың жалғасын табу керек.Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Ең тәтті де тіл,...( ең ащы да тіл)
Оқу -білім бұлағы,...( білім-өмір шырағы)
Өнер алды ... (қызыл тіл)
Ашу дұшпан ,...(ақыл-дос)
Тіл қылыштан ...(да өткір)
Отан ...(оттан да ыстық)
ІІ топ
Шебердің қолы ортақ,...(шешеннің тілі ортақ)
Отансыз адам-... (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт елі үшін туады , ... (елі үшін өледі)
Мектеп кеме, ...(білім -теңіз)
Жақсы жолдас жанға серік, ...(жаман жолдас малға серік)
Қыз елдің көркі ,...(гүл жердің көркі)
1топқа:
Оқу білім бұлағы, (білім -өмір шырағы)
Өнер алды (қызыл тіл)
Ашу-дұшпан, (ақыл- дос)
Тіл қылыштан (да өткір)
Қыз елдің көркі, (гүл жердің көркі)
2топқа:
Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
Шебердің қолы ортақ, (шешеннің тілі ортақ)
Отан (оттан да ыстық)
3 бөлім: Қызықты ұйқастар
1.Жизнь-өмір,уголь-(көмір)
Число-сан,кровь-(қан)
Молоко-сүт,жди-(күт)
Человек-адам,ручка-(қалам)
Таможня-кеден,пол-(еден)
Зуб-тіс,дело-(іс)
2.Возьми-ал,мед-(бал)
Рыба-балық,народ-(халық)
Дверь-есік,колыбель-(бесік)
Город-қала,ребенок-(бала)
Лето-жаз,гусь-(қаз)
Игра-ойын,шея- (мойын)
4 бөлім: Мықты болсаң,тауып көр
1.А)Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас(жұлдыз,звезда)
Б) Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама(кітап,книга)
В) Сырты тәтті,іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты(алма,яблоко)
2.А) Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің(ауа,воздух)
Б) Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен(су,вода)
В) Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді(қалам,ручка)
5 бөлім: «Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы».
Әр топтың жетекшілері мәнерлеп өлең оқып беруі тиіс.
Бұл кезеңде тілдің машықтығы,оқудың тазалығы бағаланады.