7


  • Учителю
  • М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті 11 сыныпМ. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қазақ әйелдерінің бейнесі

Мақсаты: М.Әуезов шығармасын, өмір жолын тереңірек оқыту;

Эпопеядағы қазақ әйелдерінің бейнесін топтау,қорытынды жасай білу;

2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, өмірге көзқарастарын дамытып, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;

3. Сөз өнеріне, қызығушылыққа баулу, анаға, әйелге, деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: дамыта оқыту

Сабақ типі: жаңа білім үйрететін сабақ

Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс, топпен жұмыс, баяндау, талдау, қосымша әдебиетпен жұмыс, проблемалық сұрақтарды шешу, іздену.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Абай, Мұхтар портреттері, буклеттер, қосымша әдебиеттер, қанатты сөздер:

«Абай жолы» - ХХ ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі

Л. Арагон.

«Әуезов - Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді»

Н.Погодин.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. (оқушыларды Абай атамыздың «Қыс», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлең жолдары бойынша 3 топқа бөліп отырғызу)

ІІ. Кіріспе сөз.

Ол халқының түйсігінің тынысы,

Кенеулі ойдың ең шоқтығы ,ірісі.

Асқақ рух бойымызға үстейді,

Жаухар сөзі, иманы мен бар ісі, - деген өлең жолдары ұлы Абайға арналған.Абай - қайта тумас бір әлем. Абай өмірінің қыр-сырын, өсу жолдарын, қоршаған ортасын заманының заңғар биік жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында жан- жақты суреттеген. /Слайд

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: Абай өмірін тереңдей оқып, қайнарына бас қою, үйрену, талдау.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау./5 минут

1. «Екі шеңбер» (Өз білетіндері бойынша ішкі шеңберсыртқа,сыртқы шеңбер ішке сұрақ қояды)

1.Семейдегі М.О.Әуезов алғаш жүйелі білім алған оқу орны (Бес кластық қалалық училище)

2.М.Әуезов қай жылы, қай қаладағы оқытушылар семинариясына түсті? (1915, Семей)

3.М.Әуезовтің орыс әдебиетінен 1 жасында ең жоғары бағаға жазған шығармасы? (Ураган -Дауыл)

4.Ағылшын тіліне «Абай» романы қашан аударылды? (1957)

5.М.Әуезов Москва университетінде қай жылы дәріс берді? (1954)

6.М.Әуезов Ленинград университетінде қай жылдары оқыды?(1923-1928)

7.М.Әуезов қазақ ертегілерін нешеге бөлген? (6)

8..Абайдың арғы атасы кім? (Ырғызбайдың Өскенбайы)

9.«Абай» деген сөз хакас тілінде қандай мағына береді? (Сұңғыла, зерек)

10.Абайдың бір әкеден туған туыстары кімдер?(Құдайберді, Тәңірберді,Ысқақ, Оспан, Халиулла, Ысмағұл)



2./топтарға маркерлер, парақтар тартылады/Таймер-уақыт қосылады./5минут

1.М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің жоспарын құрыңдар.

2.Роман-эпопеяда орын алған халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсінік беріңдер.

3.Келешекке бастаған «Абай кемесінің жолын» символдық түрде қалай бейнелер едіңдер?

ІV.Жаңа сабақ.

Абайдың ақылына ақыл қосып, ең алғаш махаббат сезімін оятқан, қайратын танытып, жүрегін тебіренткен бір топ бар. Ол кімдердің тобы деп ойлайсыңдар? (Жауаптар тыңдалады)

Жауаптарыңыз дұрыс па, жоқ па, көз жеткізу үшін мына бір сөзжұмбақты шешіп көрейік(АКТИВ-СТУДИЯДА) /5 минут

-«Абай жолы» романының 1-ші кітабының 1-ші тарауы қалай аталады? - Қайтқанда

«Өлім де жеңбес жан бар. Олар аз да болса, соның бірі сенсің. Бұл өңірде өткендердің ішінде ол жалғыз болса, соның өзі сенсің!» деген мазмұндағы жоқтауды Әйгерім кімге арнады?- Абайға

Эпопеядағы «Жаман неме, маған бұрын келмей,әкеңе кеттің жаман неме!» деп Абайды қарсы алған кім?- Зере

1936 жылы М.Әуезовтің С.Мұқановпен бірге жазған пьесасы?- «Ақан -Зайра»

«Жетім» әңгімесіндегі мына сөз кімдікі? - Айыбым қуарған қу жетімдігім бе?- Қасымдікі

Абай әкесі Құнанбай бейнесін кімге арнаған өлең жолдарына қосқан?- Әбішке

«Желсіз түндегі жарық не? - АЙ

М.Әуезов өзінің қай пьесасының қойылымында суфлер болған?- «Еңлік - Кебек»

«Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздеріне қатысты зерттеу жазған М.Әуезовтің қызы - Ләйла

Эпопеядағы Барлас ақынның түп бейнесі - Дулат

«Әй, керім! Әй, керім!» деп Шүкіманға Әйгерім есімін қоюға себепші болған Абайдың досы кім?- Ербол

1967 жылы 1 қыркүйекте «Қазақ әдебиеті» газетінде «Қилы заман қандай туынды?» деген мақала жазған әдебиет зерттеушісі- Рымғали

Абайға Оспанның туыстық жақындығы- Інісі



А

Й

Т

Қ

А

Н

Д

А

А

Б

А

Й

Ғ

А

З

Е

Р

Е

А

Қ

А

Н



З

А

Й

Р

А

Қ

А

С

Ы

М

Д

І

К

І

Ә

Б

І

Ш

К

Е

Й

Е

Ң

Л

І

К

-

К

Е

Б

Е

К

Л

Ә

Й

Л

А

Д

У

Л

А

Т

Е

Р

Б

О

Л

Р

Ы

М

Ғ

А

Л

И

І

Н

І

С

І



- Романдағы әйелдер туралы қандай деректер жинақтадыңдар?/5 минут

Ү. Мәтінмен жұмыс. Әйелдер бейнесін ашу.

«Абай жолы» романы 1,2-кітап

Зере. 11-бет, 51,132,134,168,212,267,304

Ұлжан,56,96,361,

Айғыз, 92-93

4.Нұрғаным. 333,352-353-бет

5. Ділдә. 238-239, 241,242,361

6.Тоғжан-141,146,148,222,223,269

7. Шүкіман-Әйгерім

8. Керімбала.272,275-бет

9.Қуандық-312,318

Топпен жұмыс.

І. Тақырыпқа сай әйелдер бейнесін қалай топтауға болады?

Кестені толтырыңдар./1 минут +3 минутКерімбала,

Қуандық, Салтанат

Өнерлі қыздар,адал дос, жаңа заман аруының келбеті





ҮІІІ. Үйге тапсырма: М.Әуезов шығармаларынан алған әсерім / Ой толғау

ІХ. Бағалау.

Х. Рефлексия/ Әр топқа «адам қолы»таратылады.Әр саусаққа пікір жазылады./2минут

Әйел жерден шыққан жоқ-

Ол да еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ-

Әйел оның анасы - демекші, Абайдай дүниеге ұл әкеліп, өмір сыйлаған ата-анаға, жаны жомарт әйел-аналарға бас иеміз!/

Әйел-Ана деген сөзді алақандар ортасына орналастыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал