7


Өгіз бен бақа 5-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру, оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. «Өгіз бен бақа» мысалының тақырыбы, идеясын, түсіндіру;

2.Дамытушылық: Оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды, тұжырым жасаудағы машығын дамыту, ой-өрісін, сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айыра білуге, мақтаншақтық, көрсеқызарлықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жинақтау сабағы

Сабақ әдісі: әңгімелеу, баяндау, талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, көрсету

Пәнаралық байланыс: өнер, қазақ тілі, сурет

Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Ана- өмір тірегі» тақырыбына жазған эсселерін оқыту.

Мінеки, балалар, «Толағай» ертегісі де, «Әйел-Ана» ертегісі де қандай ертегі?

  • Әдеби ертегі.

  • Екі ертегіде біз адам бойындағы қандай жақсы қасиеттермен таныстық?

  • Еңбексүйгіштік, отансүйгіштік, батырлық, адамгершілік...

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, адам бойында жақсы қасиеттермен қоса, жағымсыз қасиеттер де кездесіп жатады.Қандай жағымсыз қасиеттерді білесіңдер?

Тақтаға жақсы және жаман қасиеттерді топтастыру стратегиясы бойынша жазады.

(жалқау, еріншек, өтірікші, қызғаншақ, күншіл, көрсеқызар, еліктегіш)

  • Балалар, бүгін біз сабағымызда осындай жаман қасиеттерді көрсететін мысал өлеңмен танысамыз.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

1. Мысалдар туралы түсінік.

Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

  1. Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

  2. Мысалды мәнерлеп оқу.

  3. Түртіп алу әдісі бойынша оқушылар түсініксіз сөздердің астын сызып отырады.

  4. Сөздікпен жұмыс.

  5. Сұрақ-жауап.

  • Мысалда Бақаның Өгізді күндеп, әлін білмей, өгіздей боламын деп ісініп, кеуіп, қарны жарылғаны туралы айтылады.

  • Қызғаншақ, көрсеқызар адамның бейнесін көрсеткісі келді.

  • Бақаның денесі кішкентай болғандықтан.

  • Әлін білмеген әлек, біреуді күндеп, қызғанған пенде ешқандай пайда таппайды.

  1. Тест жұмысы.

  2. Мәтінді түзету.

Шығармашылық жұмыс.

Шығарма кейіпкерлеріне талдау жаса және мінездеме жаз.

Инсценировка.

Бекіту сұрақтары.

Қорытынды.

-Балалар, бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, айтар түйін мынау: Бақаның бойындағы көрсеқызарлық, күншілдік сияқты жаман әдеттерден бойларыңды аулақ ұстаңдар. «Әлін білмеген-әлек» нақыл сөзі есте сақтап, шамаларың келетін істі істеуге дағдылануларың керек.

Үйге тапсырма.

Бағалау.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал