- Учителю
- Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
ТАҚЫРЫБЫ: Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Сабақтың мақсаты: 1.Автоматты бөлшектеу және жинақтау ретін
түсіндіру, білдіру, меңгерту.
2. Елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға
дайын болуды, батылдыққа және бастамашылыққа
тәрбиелеу.
3.Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтауды
үйрету және қабілеттілігін арттыру, дамыту
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар: Плакаттар, кестелер, электронды оқулық, Калашников
автоматынің макеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 2 қатарлы сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, амандасу, сыртқы көрінісін тексеру, түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру
А) Калашников автоматының арналуы, жалпы құрылысы және ұрыстық қасиеттері туралы білімін төмендегі сұрақтар арқылы тексеру
1.Калашников автоматын қашан және кім шығарған және оның арналуы?
2. автоматтың негізгі бөліктері мен негіздері;
3. автоматтың ұрыстық қасиеттері;
Б) Тест тапсырмасымен жұмыс (электронды оқулық бойынша трек сызба арқылы жұмыс)
Жаңа сабақ
Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін;
Толық емес бөлшектеу - автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін;
Толық бөлшектеу- жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізеді, автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектелген ретімен қойылады, оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.
Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі
-
оқ жатарды бөлектеу
-
жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу
оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының
қақпағын пенал серіппенің
әсерімен ұядан шығатындай етіп
басады; пеналды ашып одан
сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты,
қаққышты шығару керек .
3.сүмбіні алу
Cүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса
Онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі.Оны сүмбініңбасындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартыпсуырып алады.
-
ұнғы қорапшасының қақпағын бөлектеу
Сол қолымен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолымен ұңғы қорабының қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпашыны алады
-
қайтармалы механизмді бөліп алу
автоматты дүмнің мойнынан сол қолымен ұстап тұрып, оң қолымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады, бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады
-
бекітпе жақтауы мен қоса газ поршеньді алу
автоматты сол қолымен одан әрі ұстап тұрып, оң қолымен бекітпе жақтауынан артқа тірелгенше тартып, оны бекітпеменбірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады
-
бекітпені бекітпе жақтауынан алу.
Бекітпе жақтауынан бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені ейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады
-
ұнғылық батырмасымен, газ түтігін босатып алу.
Автоматты сол қолымен ұстап тұрып, оң қолымен жабдық пеналын газ түтігін тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылауымен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ камерасының келе түтігінен шығарып алады
Жартылай бөлшектеуден кейін автоматты жинастыру тәртібі
-
газ түтікшесін ұнғылық батырмасымен қосу
-
бекітпені бекітпе жақтауына қосу
-
бекітпемен қоса, бекітпе жақтауын ұнғы қорабына қосу
-
қайтармалы механизмді қосу
-
ұнғы қорабының қақпағын қосу
-
шүріппені ұрыстық қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою
-
сүмбіні қосу
-
пеналды дүм ұясына салу
-
оқ жатарды автоматқа қосу
Электронды оқулық бойынша № 2 трек сызбаны қолдану
Жаңа сабақты пысықтау
-
Жаңа сабақты пысықтау мақсатында Калашников оқу қаруымен автоматты жартылай бөлшектеп және жинақтап көрсетемін.
-
бір оқушы тақтаға шығарып автоматты жартылай бөлшектейді, екінші оқушы автоматты жартылай бөлшектеуден кейін жинақтайды.
Жаңа сабақты бекіту
Электронды оқулық бойынша № 2 трек сызбаны қолдану
Бағалау
Үй тапсырмасына және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
Автоматты бөлшектеу және жинақтау тақырыбын оқып келу - 184 бет