7


  • Учителю
  • Тәтті бауырсақ урок по казахскому языку

Тәтті бауырсақ урок по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. 3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, кестелер,
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тәтті бауырсақ

Мақсаты:

1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.

2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мақал- мәтелдер, кестелер, мәтін, суреттер, бауырсақ, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәтті буырсақ» атты ашық сабақ өткіземіз

І. Қызығушылықты ояту. Неге бауырсақ тәтті? Сабақ соңында айту.

Ас дастарханға қалай келеді?Қандай тағам түрлері бар? Дастарқанның ең басты тағамы не?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

ІІ.Нан туралы не білесіңдер? Қандай ақыл - кеңестер бар?

 Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

 Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз. Үй жұмысы: Қандай мақал- мәтелдер бар?

«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі - нан»

«Ас жүрген жер - береке»

«Дастархан дәмі - киелі»

Топқа бөлу. Туған күннің санымен.

І бөлім «Дастархан басында сақталатын қандай ырым - тыйымдарды білесіңдер? 78 бет.

1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

3.Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің

4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

1 тапсырма. Үй жұмысының мақал- мәтелдері. Жеке бағалау.

2 тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3 тапсырма. Дайын мәтінмен салыстыру. Етістіктің шақтарын қайталаймыз. Осы етістіктермен сөйлем құру. Мазмұндау.

1 топ- жыртып, егеді, сақталады

2 топ- тасиды, түседі, пісіреді.

4 тапсырма. Венн диаграмасы. Жалпы тағамдарды еске аламыз. Ортаға шығып дәлелдейміз.

Үй тапсырма: Етістіктерді қайталау.

Бата беру

Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.

Амандық берсін басыңа

Қадір келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма

Жоқ екем деп жасыма

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа.

Ой қорыту:

Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым - тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , - демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің - ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу. Бауырсақты тарату. Ас болсын!

Сабақ аяқталды, сау болыңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал