- Учителю
- ҚАзақ тілінен 1-сыныпқа арналған 'Асхана' тақырыбына сабақ жоспары
ҚАзақ тілінен 1-сыныпқа арналған 'Асхана' тақырыбына сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: АСХАНАДА. 1 сынып
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:оқушыларды тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерді үйрету және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға дұрыс тамақтануға, асханада тәртіпті сақтауға үйрету.
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, аударма,түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну., ойландыру.
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу , түгендеу.
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру.
Кеспемен жекелік жұмыс. Қалпына келтіру стратегиясы.
Мынау-кітапхана. Кітапханада........................... бар. Балалар ................................... келді.
Артем кітап............................ . Айнұр кітап .............................. .
Мектепте нелер бар?
Тамақты қайда ішеміз?
Сондықтан сабақтың тақырыбы: АСХАНА. Сабақтың мақсатын айту.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Асхана нешінші қабатта?
Асханада нелер бар ?
Мен асханада не істеймін?
Бір-бірімізге не дейміз?
Бір-бірімізге «Ас дәмді болсын!» дейміз.
Асханада.
Біздің мектепте асхана бар. Асхана бірінші қабатта. Асханада тамақтар бар.Мен асханада тамақ жеймін . Біз бір-бірімізге « Ас дәмді болсын!» дейміз.
3-тапсырма. Сөйлеп үйренеміз.
ІV.Сабақты бекіту жалпылама сұрақтар арқылы.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерді жаз
асхана........ бар........... . асхана........ бар............. .
Мен тамақ ал........ . Мен тамақ ал........... .
тамақ же........... . тамақ же........... .
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасы: мәтінді әңгімелеу.
Асханада.
Біздің мектепте асхана бар. Асхана бірінші қабатта. Асханада тамақтар бар. Мен асханада тамақ жеймін . Біз бір-бірімізге « Ас дәмді болсын!» дейміз.