7


  • Учителю
  • Жеңіс күніне арналған сцунарий

Жеңіс күніне арналған сцунарий

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»1-жүр: Айналып тұрсадағы жер өсінде,Сұрапыл сойқан жылдар ел есінде.Желпініп, желбірейді мен мұндалап,Жеңістің алау туы жел өтінКеудесін шаттық кернеп ардагерлер,Тұр бүгін жетпіс жыл
предварительный просмотр материала

9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий

«Мәңгілік естен кетпес отты жылдар»

1-жүр: Айналып тұрсадағы жер өсінде,

Сұрапыл сойқан жылдар ел есінде.

Желпініп, желбірейді мен мұндалап,

Жеңістің алау туы жел өтінде...

Кеудесін шаттық кернеп ардагерлер,

Тұр бүгін жетпіс жыл белесінде.

Соғыстың жаңғырығы әлі есінде.

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас әрі көптен күткен күн - 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.

2-жүр: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

1-жүр: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осы сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерінде қашап жазылған.Халқымыздың зердесіне бұл дата 1945 жылдың 9 мамыры мәңгілік сақталады, ғасырлар бойы ұмытылмайды.Бұл Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталған күні, әлем фашисттік құлдық қауіпінен азат етілген күн. Бұл Жеңіс күні!

2-жүр: Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске алайық.

1-жүр: Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашисттік Грмания жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 - мамыр күні бұрын соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.

2-жүр: Біздің Қазақстанда да соғыс өрті шарпымаған шаңырақ кемде кем. 1 млн 870 мың қазақстандықтар соғыстың алғашқы сәтінде - ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

Алғашқы құттықтау сөз Нұрлыкен ауылдық округінің әкімі Мүсірепбеков Жексенбек ағайға беріледі.

Ән: Төрткүлбаева Айдананың орындауында «Жеңіс туы желбіреп» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүр:Жеңіс деген келер дәйім күреспен,

Жеңіс үшін қарт бабалар күрескен.

Жеңіс үшін арпалысты әкелер,

Тек жеңіске қол созумен ұл өскен.

2-жүр: Жерден, көлден, аспаннан,

Соқты жауды ел күнде.

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс берлинде.

Фашизмнің ордасы Рейхстагқа лейтенант Рақымжан Қошқарбаев ту тікті.

(Сахналық көрініс) «Соғыс қасіреті»

1-жүр: Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын,

Жас жеткіншек, ұланы бар, елі бар.

Ән: Айбекова Салтанаттың орындауында «Ән салшы сарбазым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүр: Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрына жұзіңді жуған күнің.

Жеңіс күні - өзіңдей көзі тірі

Майдангерлер бәріңнің туған күнің!

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Умарбекова Гүлсара Жарылқасынқызына беріледі.

Би: 10 сынып оқушыларының орындауында «Әскери патриоттық би»



1-жүр: Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

2-жүр: Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың

Ерлігіне таң қаламын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн.

Құттықтау сөз Ауған соғысының ардагерлеріне беріледі.

Ән: Айдарова Райханның орындауында «Алға қазақ жігіттері» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүр: Мне қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген

Болашақты алға бастап жетелер.

2-жүр: Бақыт деген келер дәйім күремпен

Бақыт үшін қарт бабалар күрескен.

Бақыт үшін арпалысты әкелер

Тек бақытқа қол созумен ұл өскен.

Құттықтау сөз Тыл ардагерлеріне беріледі.

Би: Айтбаева Замира мен Болысбай Әлиасқардың орындауында

«Егемен Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүр: Қақ жүрегім, дүрсіліңді ұлғайт сен,

Жеңісіңді бар әлемге , күнге айт сен.

Не десең де сенің сөзің қуатты,

Күнім сөйле, тағы да сөйлей түс, таңым,

Самға, самғай бер менің Қазақстаным!

2-жүр:Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

Құттықтау сөз Нұрлыкен ауылының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Керпиков Нұрғали Ақатайұлына беріледі.

Ән: Айтбаева Замираның орындауында «Нұраға» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүр: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.

2-жүр: Құрметті қонақтар алдарыңызда № 5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушыларының орындауында 9-11 сыныптар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауы.

1жүр: Ешқашан соғыс болмасын,

Аспанымызды соғыс бүлты торламасын.

Аналар жесір, балалар жетім қалмасын

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Құрметті ардагерлер, қонақтар!

Осымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік шарамыз аяқталды келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал