- Учителю
- Ашық сабақ «Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгейі».
Ашық сабақ «Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгейі».
«Мектеп-лицей» КММ
Ашық сабақ
Тақырып: «Жалпы орта білім - үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей». Сынып:11 Мұғалім : Нұрлыбаева Г.С.
Қазақ тілі 11-сынып Сабақтың тақырыбы: Жалпы орта білім -
үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: : Жаңа тақырып туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар
арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық: грамматикадан алған білімдері жаттығу жұмыстары арқылы
дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс
жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық
белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру, топтастыру,
өзіндік ізденіс, талдау.
Көрнекі құралдар: оқулық, , кеспелер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Жаңа сабақ . Жалпы орта білім - үздіксіз
білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей . Сабақтың мақсаты мен
міндетін айту Айтылым «Ой шақыру» тәсілі . Сұрақтар: 1.Білім қандай
құрал болып табылады? 2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы »
Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы қалай бөлінеді?(жалпы
білім беру және кәсіптік білім беру ) 3. Мектепке дейінгі тәрбие
қайда жүзеге асырылады? 4. Жалпы білім беретін орта мектептің
сатылары қандай? (бастауыш 1-4 сыныптар, негізгі 5-10 сыныптар,
жоғары 10-11 сыныптар ) Оқылым. Мәтінмен жұмыс «Жалпы орта білім -
үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей» . Мәтінді түсініп
оқу. Жазылым 1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын
түсіндіру,сөздік дәптерлеріне жазу: айқындау- выяснить , уточнить ;
іске асыру-выполнить, беімділік,қабілет- способность, аралау-
отбирать, көздеу -намечать, саты- ступень,стадия, зияткер-
интеллектуал, қадағалау-следить, проверять,наблюдать, іріктеу-
отбирать, қағида-норма, положение,закон,правило. 2. Сөздерді дұрыс
айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың
дауыстап қайталауы; б)оқушылардың тізбектеп оқуы. 3. Сөздерден сөз
тіркестерін құрау. 4. Сөйлемдер құрау. Айтылым. Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап беру . 1. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. 2.
Гимназия мен лицейдің анықтамасын тап. 3. Гимназия мен лицейдің
ерекшеліктерін айырмашылығын анықтау. - Мәтіннің негізгі ойы қандай
? - Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңдер Жоспар 1. Жалпы орта
білімінің 3 сатысы. 2. Гимназия -жалпы орта білім беретін оқу орны.
3. Лицей- жалпы білім беретін оқу орны. 4.Лицейлердің ең басты
ерекшелігі. Жазылым . 2- тапсырма . Сөйлемдердегі сөздердің тиісті
жалғауларын қойып жаз. 3 - тапсырма . 2- тапсырмадағы берілген
сөйлемдер бойынша диалог дайындау. Жазылым. .
Бекіту
Тапсырмалар: 1).Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаз Заң
қабылданған- оның мәртебесі- құқық- жалпы білім беру- бағдарлама-
оқу орны- жоғары оқу орны- кәсіби- оқыту- орта білім- даярлау-
жастарды қабылдау- мүмкіндік- ерекшеліктер- бала дамуы- білім алу-
болашақ мамандығына- қабілетіне қарай- меңгеру- көмектесу- арнайы-
дайындық- 2) Жоғарыда сөздермен 2 салалас ,2 сабақтас құрмалас
сөйлем құрастыр.. 3). Білім беру сөзін септе. 4). Басты ерекшелік
сөзін тәуелде. 5). Зияткер сөзін жікте 6) . Берілген сөздерге
морфологиялық талдау жаса: Ақыл ойының, бағдамаларының ,қабілеттері
. 7). « Мен лицейдің оқушысымын» тақырыбы бойынша эссе жазу. ( 7
сөйлем). 7. Сабақты қорытындылау. 8.Үй тапсырмасы.сөздерді жаттау