7


  • Учителю
  • Статья по казахскому языку ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Статья по казахскому языку ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кусманова Батжамал Муслимовна

Инновациялық Еуразия университеті,Павлодар қ, Қазақстан



ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫ



Функционалды грамматика белгілі бір тілдік категориялардың бірлігі негізінде қызметке ие болады. Функционалды грамматика бірнеше тілдік категориялардың жүйелілік принципіне негізделетіндіктен, оның етістіктің етіс категориясымен де тікелей байланысудың арқасында функционалдық қызметі жүзеге асады.



Функционалдық грамматика қарастыратын: аспектуальдылық, темпоралдылық, персональдылық, етістілік, посесивтік, ком-паративтік, каузальдық, кондидициональдық, локативті, таксис, модальділік, сандық, кеңістік, жағдаяттық түрлерін жеткізуде етіс категориясының рөлі ерекше.

Шындап келгенде, функционалды грамматиканың әр түрі мәтін көлеміндегі сөйлемдермен нақтылана түсетіндігін біле тұра,сөйлем құрамына назар аударарлықтай тура келеді.



Сөйлемді адамдар арасындағы пікір алмасудың үлкен құралы ретінде қабылдай отырып,оның ішіндегі қимыл мен іс-әрекетті білдіретін етістік сөз табының қызметі айқындалатындығы белгілі.



Функционалды грамматиканың негізгі міндеті тілдегі барлық байланысы бар құбылыстардың ортақ қасиеттерін қарастыруы болып табылатындықтан,

аталмыш грамматика мәселелерінің көріністерін қазақ тіл білімінде, көбінесе, етіс категориясы арқылы анықтауға болатындығы сөзсіз.

Функционалды грамматиканың өзіндік объектілерінің біріне:темпоралдылық- мезгіл, персональдылық- жақтылық, посесивтік- меншіктілік,компаративтік- салыстырмалы, каузальдық- себеп, локативті- мекен, таксис, модальділік, сандық, кеңістік түрлерін жатқыза келе, олардың барлығы мәтін көлеміндегі сөйлем ішіндегі қимылды жеткізетін етістік сөз табы арқылы айқындалып, субъекті мен объектіге іс- әрекеттің қатыстығын білдіреді. Ойымызды нақтылау үшін, төмендегі кестеге назар аударайық:

Функционалды грамматиканың топтау жүйелерін қарастыра келе,бұлардың барлығына етістікке тән етіс категориясының қатысы бар екендігін атап кетуге болады. Өйткені етіс категориясы әр сөйлемнің негізі ретінде белгіленетін предикативтілікпен және де, жақтылықпен тығыз байланысты.

Предикативтілік- қимылды білдіретін, етістік сөз табы,баяндауыштық қызмет атқаратындықтан,сөйлемнің негізгі қазығы болып саналады,етіспен қимылдың субъекті мен объектіге қатысы көрсетіледі.







Мысал ретінде Ж.Аймауытов шығармасынан келтірілген үзіндіде:

«Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі аттандырды» -өзгелік етісті хабарлы сөйлем. Бұл сөйлемде өзгелік етіс арқылы өтіліп жатқан қимылды жан- жақты қарайтын болсақ, функционалды грамматиканың бірнеше түрлерімен ұштасып тұрғандығын аңғаратын боламыз.

Осы жерде уақыт кеңістігі де орын алып,оқиғаның жеделділігін «дереу» сөзі арқылы жеткізе тұруымен қатар, қимылға басқа бір субъектілердің қатыстығын, солармен іс- әрекеттің өтетіндігін байқаймыз, бұған қоса,таксистік құбылыс та орнығып, қимылдың әрмезгілділігі айқын көрініп тұр. Шығарма мазмұнына үңілсек, ең әуелі,адамдарды жинатқызып, содан кейін Ақбілекті іздеуге бес кісіні аттандырғызады. Шынын айту керек, бұл жерде етістің жақ категориясына қатысы бар екендігін анықтауға болады. Қандай қимыл- әрекет болмасын,белгілі бір жақтағы (бұл жерде 3 жақта) субъект арқылы жасалады. Біз келтірген сөйлемде іс-әрекет бір адамның басқаларды қимылға тарту негізінде өтетіндіктен, етіс түрі функционалды грамматиканың формадан мазмұнға бағыт беруде бұл жерде ерекше рөль атқарады.

Етіс мағынасының сипаттамасына субъект пен объектінің арасындағы қарым-қатынастығы енеді: субъект - іс-әрекетті жасаушысы болса, объект іс-әрекетке тап болып, қимылдың бағытын көрсетеді.



Етістің әртүрлі формалары, әртүрлі сөйлем құрылымдарында қолданылатындықтан, бұл - етістікке тән, етіс категориясын, етістіктің басқа категорияларынан айырмашылығы бар. Басқа сөзбен айтқанда, етістіктің морфологиялық категорияларына қарағанда, етіс категориясы сөйлем синтаксисімен тығыз байланыста болады.



Негізінен, етіс морфология мен етістік семантикасында көрініс тапқан, қимыл-әрекеттің субъектіге қатыстығын білдіретін категория есебінде болса, екінші жағынан, сөйлем ішінде етістіктің баяндауышы мен бастауыш арасындағы қатынастықты білдіреді.



Етіс етістікке тән категория болғандықтан, функционалдық тұрғыдан оның лексика-грамматикалық табиғаты сөйлемнің нақты қазығы болатын, тек қана етістік сөз табы шеңберінде ғана айқын ашылады.



Темпоралдылық - функционалды-семантикалық категория.

Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өрісі бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі - потенциалдық жағы, екіншісі - соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты.

Семантикалық функциялардың актуалдануының - өзектелінуінің бірнеше жолдары бар.



Олар:

1)таза грамматикалық тәсіл арқылы;



2) лексикалық құралдар, немесе сөзжасамдық құралдар арқылы;

3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар;

4) морфологиялық категориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.



Етіс тікелей етістікке тән грамматикалық категория болғандықтан, бұл жерде сабақты етістік табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгеретін, яғни табыс септігін керек ететін етістіктер екенін айтуға тура келеді. Сабақты етістік объекті арқылы ғана пайда болады дейтініміз сөзсіз. Объекті болмаса, сабақты етістіктер болмайды. Мұнда етістің қайтесе де объектіге қатыстығы туындайды.



Етістің кеңістік ұғымына тікелей қатыстығы бар екендігін келесі сөйлемдерден аңғаруға болады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романынын бірнеше үзінділер алатын болсақ, мысалы:



«Орысшаласу, түтін салысу, күлісу... мидай араласты».

«Әңгіме былай: Доға, Төлеген, Тыпаңдар бас болып, Мұқашты Сартауға болыс қылмаудың әрекетіне кіріскен еді». «Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді». «Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды»(Ж.Аймауытов).

«Осының бәрі Қартқожаның еңсесін көтертпей, жүдетіп жүрген үстіне аяғына шарапнелдің сынығы тиіп, лазеретке жіберілді» »(Ж.Аймауытов).

Кеңістік ұғымы обьектілерді бақылау мен тәжірибелік пайдалану негізінде қалыптасты.

Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады.

Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт үғымы қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі.

Жалпы салыстырмалылық теориясында кеңістік- уақыт қатынастарының материалдық процестерге қатысының жаңа жақтары ашылды.

Кеңістік пен уақытты қабылдау-кеңістік пен уақыт - материяның өмір сүруінің негізгі формалары.Кеңістіктегі обьектілерді қабылдау өте күрделі процесс. Тек адамның нақтылы тәжірибесі арқылы арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен -бірінің қашықтығын,бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі бір көрініс түрлері болады, мысалы: ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б.









Сондай-ақ, олар бірден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көру (монокулярлық көру ) оларды тереңінен игеріп алуда бір сәттен дәл мағлұмат алуымыз қиындай түседі.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипау, сезу түйсіктері де елеулі рөль атқарады. Кеңістікті дұрыс қабылдап, қоршаған заттарды тез меңгеріп алу,осыған үйрету кішкентай кезден басталады.



Заттардың кеңістікте орналасуын дұрыс біле алудың адамның іс-әрекеті үшін қаншама маңызды екендігі түсінікті. Уақыт та кеңістік сияқты қозғалушы материяның өмір сүруінің обьективтік реалды формасы.

Дүниеде қозғалушы материядан басқа еш нәрсе жоқ,ал қозғалушы материя Әлемнің соңғы кездерінде тілдің қалайша кеңістікті құрайтындығына кеңістік грамматикасындағы арнайы мақсатты зерттеулерге, яғни кеңістік қатынастарды көрсететін тәсілдерге ерекше назар аударылып жүр.

Кеңістік жүйесінің грамматикалық типологиясын құруға талпыныс етілгендігі байқалды.



Тіл білімінде соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқан функционалдық бағыт тілдің динамикалық аспектілерін зерттеуге жол ашады, яғни тілді қимыл-күй тұрғыдан қоса меңгеруді талап етеді.

Бұндай бағыт тіл жүесін толық сипаттауға, тілдік элементтері мен объективтік болмыс арасындағы байланысты аңықтауға, осыдан тиісті нәтиже шығару жағдайларын көрсетуге мүмкіндік береді. Кеңістік қатынастарды функционалдық тұрғыдан қарастыруы объектілердің жылжуымен байланысты динамикалық, заттық, жағдаяттық күйде өтіп, бұл категорияның әртүрлі деңгейде көрінетіндігін есепке алуымен жаңаша меңгеруге мүмкіндік жасайды.



Кеңістік сөйлеу әрекетінің әмбебаптық түрдегі ұйымдастырушылық мәні бар тіл орталығы ретінде саналады.



Кез-келген ақпарат берудің кең түрі бойынша мәтіндегі әлемдік кеңістік болмысының орын алуымен сипатталады.

Қазіргі таңда түркі тіл білімінде кеңістікті білдіретін етістіктердің толық лексика-семантикалық жақтары әлі де күні бүгінгі дейін толық жүйелі түрде қарастырылмаған. Бұл қатардағы етістіктер объективті болмыста болатын кеңістік қатынастарды тіл арқылы жеткізуге белсене араласатындығын атап кетуге тура келеді..



Сондықтан болар, бұл етістіктер тобының жүйелі түрде көп деңгейлі мәселелерді әрі жүйелі, әрі толық көлемде сипаттауы - осы етістіктерден құрылған жай сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық қалыптарын қарастырып, соларды аңықтау ісі- тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне жатады. Кеңістіктің функционалды-семантикалық категориясы бойынша көптеген тілдердің зерттеу нысанына еніп келгендігін байқаймыз.

Тілдің етістік жүйесі зерттеу нысаны ретінде ену арқылы бұл жерде негізгі мен көпмағыналы етістіктер назардан тыс қалмай, сөйлемдегі кеңістікті білдіретін септіктерді басқарудың нәтижесінде лексикалық, морфологиялық пен синтаксистік тұрғыдан тілдегі кеңістікті білдіретін категориясы кеңістіктің предикаты ретінде қарастырылды.

Көптеген ғылыми еңбектердің зерттеу мақсатына кеңістік категориясының көп аспектілі жағымен сипаттауы жатады.

Кеңістік категориясын функциональдық тұрғыдан зерттеу-бұл категория төңірегінде оның құрылымдық өрісіндегі функционалды біркелкі емес жақтарын шектеп,анықтауға мүмкіндік береді.

Кеңістік саласындағы функционалдық аспектідегі лексикалық пен грамматикалық құрылыстардың арақатынастық көріністері кеңістік мағынасы бар заттардың функционалды-семантикалық тұрғыдан бөлінуін, кеңістік қатынастардың лексика-грамматикалық құрылымдары болып табылатын сипаттамалары қарастырылады.

Сонымен қатар, тілдегі кеңістікті білдіретін етістіктерді белгілеп,олардың семантикалық ерекшеліктер кешендігін анықтау.



Кеңістік категориясын көп қырлы тұрғыдан қарастыруда тіл саласының отандас пен шет елдерінің озық ғылыми зерттеулері негізге алынды.



Тілде функционалды-семантикалық тұрғыдан: кеңістіктің функционалды-семантикалық өрісі талқыланып,кеңістіктің функционалды біркелкі емес: жағдаяттық, заттық, субъектінің бағыт-бағдарын анықтайтын салаларды шығаруға болады.



Негізінен,кеңістік кең түрдегі қарым-қатынастарды көрсетуде кешендік сипаты күрделене түседі, себебі олардың сөйлем жүйесіндегі көріністері көбінесе кеңістіктік сипаты бар етістіктер арқылы өтетіндіктері рас.

Қазақ тіл білімінде кеңістік категориясының функционалдық жүйесін қарастыру ісінің теориялық пен тәжірибелік маңызы зор.

Етіс мәселесі төңірегінде актив пен пассив құрылымдардың үш мүшелік құрылымын құрастырып, сөйлемдегі субъект пен объектінің бір-біріне өзара тәуелділігі анықталды.

Пассивтік айналымдар, былайша айтқанда, ырықсыз етісті құрылым, сабақты айналымға жатады да, етістің актив пен пассив деген екі формасын белгілеуге болады. Демек, барлық етістіктер етіс саласының қатынастығына енеді, себебі олардың әрқайсысы сабақтылық пен салттық мағынасына ие .

Етісті сөз еткенде, бұл категорияны етістікке тән екендігін ескере отырып, етістікке қатысты барлық лексика-грамматикалық жақтарымен байланыстыра қараған дұрыс сияқты. Бұндай пікір грамматика мен лексиканы байланыстыра меңгерудің қажеттілігінен туындайды. Етісті субъект пен объектіге қимыл-әрекеттің тілдік семантикалық қатынастығын көрсететін, функционалды-семантикалық категориясы ретінде қарастырылды.

Етіс өзіндік табиғатын тек сөйлем ішінде ғана толық ашады. Етіс етістікке тән категория болғандықтан, етістіктің сөз табы ретінде барлық ерекшеліктері де етіс жүйесіне ықпалын тигізетіндігі сөзсіз.

ФСӨ-ті, көбінесе, грамматикалық құралдарына аса мән беріп, қарастырып жүрсек те, оның лексикалық жақтары бүгінгі күнге дейін толық зерттелген емес. Осыған байланысты, етісті (ФСӨ) функционалды-семантикалық өріс аясында қарастыру арқылы, бұл категория төңірегінде кешенді зерттеу өткізуі - етістің лексикалық деңгейін ескеруді талап етеді. Функционалды-семантикалық өріс сатылай құрылым ретінде болып, орта (ядро) мен сыртқы қоршалымға бөлінеді.

Функционалды грамматика төңірегінде етістің кеңістік категориясымен де ұштасуы мүмкін.

Кеңістіктік категориясы тілдік туындыларда үнемі болған және де ақиқаттың кез-келген жағдайы қандай да бір жолмен кеңістікте және уақытта шектеліп тұрады.

Кеңістік категориясына деген функциялық (қызметтік)-семантикалық тәсіл оны функциялық (қызметтік)-семантикалық өріс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кеңістіліктің ФСӨ құрамында үш негізгі субөріс: жағдаяттық, топология және эгоцентристік бөлініп көрсетіледі. Олар тиісті деңгейде дерек, мазмұны жағынан да, баяндау құралдары жағынан да ерекше болып келеді. Тілдің кеңістікті элементтеріне жағдаяттық, топологиялық және эгоцентристілік мән-мағына тән (олардың бірі басым болғанда), көбіне бір-біріне негізделеді.

Түркі тілдерінде кеңістіліктің тілдік негізі ретінде: 1) кеңістік шектеудің предикаттық жүйесі және оларды түзетін құрылымдар; 2) кеңістіктік септік формалары мен бұрыс тіркестер жүйесі; 3) кеңістікті сөз таптары жүйесі; 4) үстеулік сөздер; 5) есімдікті дейктивті сөздер мен сөз формаларының жүйесі қызмет етеді. Кеңістіктік қатынастардың барлық үш түрін көп дәрежеде кеңістіктік шектеу предикаттары білдіруге қабілетті.

Сонымен бірге етістің функционалды грамматиканың басқа да түрлерімен байланысы бар екендігін атап кетуге болады.

Мәселен, аспектология ұғымының сөйлемдегі қимылдың басталып, тікелей аяқталмай, не аяқталып өтуіне қатысты,сол себептен жалпы қимылдың өтуімен байланысы тығыз болғандықтан,оның ерекшеліктері етістіктен етістік шығаратын етіс категориясымен айқындалатындығын аңғарамыз,мысалы, «Күнікейдің жазығы» шығармасында:

«Күзден жатқан Күнікей-жазға жетті ілініп:күдері ғой, жан шіркін, үзілмейтін созылып» ( Ж.Аймауытов).



Шығарманың басты кейіпкері кедей қызы Күнікей. Повесть тақырыбы- әйел тағдыры. Біз Күнікейдің жалғыз,қараңғы үйде жатқанын көреміз. Бұл жерде автор ырықсыз етіс жұрнақтары арқылы жалғыз ауру әйелдің маңында неге ешкім жоқ, жазығы не бұл әйелдің деген сұрақтарды оқырмандарға іштей қойғызуымен, жазушы осындай тәсілмен қазақ әйелі теңіне қосылды дегенімен, әлі де теңдікке толық жеткен жоқ екендігін, елдің ескілікті тұрмысы, ұғымы әлі де болса кері тартып, әйелдердің ауыр тұрмыс жағдайларын көрсетеді. Шығарма басындағы суреттеліп тұрған оқиға желісінің

өзіндік себебі бар екендігі- функционалды грамматикада орныққан түрлерінің ішінен, бұл жерде аспектуалдылық- қимылдың өту сипаты мен персоналдылық- жақтылық ұғымдарымен ұштасып алға шығады.

Повесть оқиғасының шегініс арқылы дамуында қимыл әрекеттің етіспен

көрінетіндігін байқауға болады. Жақтылық түрі функционалды грамматиканың кең көлемдегі объектісі ретінде қабылдауымыз жөн.

Жақтылыққа негіз болатын жіктеу есімдіктері. Сондай- ақ,жақтылықтың объектісі ретінде: морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және етістіктің жақ категориясы мәселелерін көрсететін болсақ, жақтылық етіспен де тығыз байланысқа түседі. Шығарма бетінде кейіпкерлер бейнесін көрсетуде қимыл- әрекетті білдіретін етістік сөз табы басты орын алып, сол қимылдың субъекті мен объектіге қатысы мен бағыты, байқағанымыздай, етіс категориясымен білінеді. Демек, қазіргі тіл білімінде қалыптасқан етістің бес- төрт түрі оқиға желісін жеткізуде ерекше орын алады.

Сонымен бірге Күнекей бейнесінің жеке тағдырын көрсетумен қатар, Ж.Аймауытов жалпы қазақ қызын қорлатып жатқан сол кездегі адамдардың тұрмыс- тіршіліктерін, ел өмірін суреттейді.

Осы жақтан алғанда,функционалды грамматиканың кеңістік категориясымен де етістің ұштасуын байқаймыз. Мұнда көшпелі елдің жауапсыз тіршілігінен туған жағдайларға автор көбірек үңілгендігін байқатады. Сөйтіп,жақтық қатынастың етістіктің етіс түрлеріне қатысы бар екендігі анық көрінді.

«Екі жақтан бірталай кісі аударылды.Бара жауырыннан алып төңкеріп кетті де,қалған екеуін кезекпе- кезек аударысып,жұлысып жүріп тағы түсірді» (Ж.Аймауытов). Келтірілген сөйлемдерді оқығанда, жоқшылыққа душар болған,азып тозып жатқан адамдардың мораліне күйінуге тура келеді.

Сондықтан болар,етістің функционалды грамматиканың модальділік категорияны шындауда қосары мол.

Етістің кеңістік ұғымына тікелей қатыстығы бар екендігін келесі сөйлемдерден аңғаруға болады:

Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романынан бірнеше үзінділер алып,шығарма мазмұнына назар аударған сайын,өзіміз байқағанымыз -тіл білімінде қалыптасқан функционалды грамматиканың жеке ұғымдары орын алып,олардың барлығы адам мәселесі төңірегінде бола тұрып,көбінде қимылды білдіру арқылы оқырман ойына қонымды жетеді.

Бұл жерде функционалдық грамматиканың қайсыбір түрін бөлектетпей,бір- бірімен тығыз байланыста екендігін байқаймыз.

Жазушының халықтық көзқарасы романдағы байлар мен кедейлер өмірін ( функционалдық тұрғыдан сипат беретін болсақ, оқиға желісі кеңістік категориясының шеңберіне түсіп, онымен байланысы нақты көрсетілсе) ,олардың арақатынасын,рушылдық жақтары (аспектуалдық пен жақтылық арқылы) , кейіпкерлердің ұсақ мінездерінен туған әртүрлі қимыл әрекеттерге (іс- қимылдың уақытпен ұштаса, шығармадағы кейіпкерлердің қатынасқа түсу бағыттары негізінде) әлеуметтік сипат бере отырып,тілдік бірліктерді ұтымды қолдана суреттеуінен көрінеді. Мысалы, «Ақбілек» романының мазмұнындағы көрсетілген адам тағдырындағы мәселелерді шешуде көбінесе қоданыста болатындарын атап кетсек,мәселен, қимылды, іс- әрекеттерді білдіретін етістік сөз табының етіс категориясы жиі кездесетіндігі рас.

«Ауылдың кісілерін дереу жиғызып алып, Ақбілекті іздетуге бес кісі аттандырды» (Ж.Аймауытов).



Функционалды грамматиканың басты базалық ұғымдарының ішіне темпоралдылық, аспектуальдылық, жағдаят, таксис категорияларымен бірге кеңістік категориясы да тиісті орын алады.

Кеңістік категориясы етістіктің етіс категориясымен де ұштасуы мүмкін.



Ойымызды дәлелдеу үшін ,Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесінен бірнеше сөйлемдер келтіреміз:



«Анадай жерге сегіз қанат ақ отау тігіліп, іші кілем, киіз,алаша,көрпе жастық,түс киізбен безелді».



«Дөңгелек кигізген жалғыз бақанды тікесінен жерге орнатып,бақанның басынан үш жіпті салбыратып дөңгелектің үш жағынан байлайды да құданы

дөңгелекке мінгізіп, шыр көбелек айналдырып,басына шығарып қоя береді».

«Шапқызған жетпіс аттың отызына бәйге тігілді:алды- қасқа тоғыз,арты- он сомға дейін» ( Ж.Аймауытов)

.

Ж.Аймауытов өз шығармаларында сол кездегі ел ішіндегі қыз ұзату,жастардың ойын сауық ұйымдастыруы,халықтық әзіл қалжындар сияқты тұрмыстық суреттер мол екендігін қимылды білдіруде етістің,әсіресе,өзгелік,ортақ түрлерін қолданылуы арқылы кеңістік құбылыс ұғымын жекеден- көпшілікке, біреуден- баршаға сілтей білу шеберлігімен астарлы ойдағы бағытты көрсете білген.

Сонымен, етістіктердегі жақ категориясын басқа сөз таптарына қарағанда, басымырақ екендігін біле тұра, өзіндік тарапысынан шығатын функционалды грамматиканың қайсыбір түрі етістіксіз нақты көріне алмайтығана көзіміз жетіп отыр.



Сайып келгенде, етістіктің етіс категориясы функционалдық грамматиканы шындауда, оның барлық түрлерімен ұштаса келе,әрқайсысын нақтылай отырып, грамматика ұғымдарының мәнін ашуда қызметінің рөлі ерекше.











Әдебиет

1. Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. - Л., 1970.

- 165 с.



2. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. - М., 1989. - 766 с.



3. Кононов А.Н. Грамматика современного-турецкого литературного языка. - М.-Л., 1956. - 189 с.



4. Оразов М. Етістік. - Алматы, 2001. - 387 б.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал