- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Одағай' 9 класс
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Одағай' 9 класс
Әбдіқалықова Индира, Ш.Уәлиханов атындағы
№ 26 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Күні 3.03. 2014ж
Класы 9 «Б»
Пәні Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Одағайға байланысты қойылатын үтір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: одағай сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, одағайдың басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту.
Дамытушылығы : үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлану қабілеттерін дамыту..
Тәрбиелілігі: арнайы тапсырмалар арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тыныс белгілерді орынды қолдануға,тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді беру сабағыСабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, кестелер, слайд,семантикалық кесте ,"Инсерт" кестесі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 178-жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту.
Берілген ұғымды есепке алу
Пунктуация дегеніміз не?
Тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтіндегі ойды дұрыс оқу, түсіну мүмкін бе?
Ой жеткізудегі бет-жүз құбылысын, қол қимылдары мен дауыс ырғағын қағазға түсіре аламыз ба? Бұларды қандай белгілер алмастыра алады?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді ата.
Үтір қайда қойылады?
-
Семантикалық кестені толтыру
Мысалдар
Қаратпа сөздер
Оңашаланған айқындауыш сөздер
Қыстырма сөздер
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын
сотқар болып едің.
+
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
+
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
+
Ойбай, білсем Құдай ұрсын!
ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің кіріспе сөзі
Өз заманында А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті - ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал-тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік.
Б
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
із бүгін одағай сөздер қатысқан сөйлемдерде үтір қалай қойылатынын меңгереміз.
Жаңа сабақты электронды оқулық арқылы түсіндіремін.
Кітаппен жұмыс. 180-жаттығу (ауызша). Уа,бәрекелді,ойбай-ау,әй,ой.
Интерактивті тапсырмалар Электронды оқулықтан 51, 52- тапсырмаларды орындату.
51-тапсырма.Берілген одағайларды қатыстырып,сөйлем құрау.
52-тапсырма.Көп нүктенің орнына одағайдың тиістісін қойып,тыныс белгісіне көңіл бөлу.
Әттеген-ай,Ей,Пай-пай,қап ,бәлі,япырай,бәсе,тәйірі, Шіркін.
Тақтамен жұмыс 179- жаттығуды орындату( жазбаша)
Сабақты қорыту Электронды оқулықтағы 54-тапсырманы орындату.
Дұрыс бұрыс,бұрыс,дұрыс,дұрыс,бұрыс,дұрыс
Үйрендім
V. Үйге тапсырма: «Өзіңді тексер» тапсырмасын орындау
VІ. Бағалау.