7


Конспект

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ұдайы шығармашылық пен ізденімпаздықты талап ететін ұстаздық мамандықты таңдаған әрбір адам әр сабақтың алдында «нені қалай дайындау керек?», «нені қалай берсем тиімді де түсінікті болады?», тағы сол сияқты сұрақтар мазалайтыны анық.ХХI ғасырдың жаңа тұлғалы мектептер
предварительный просмотр материала

ФИО участника

область

Место работы

Должность

(тема)

Адрес электронной почты

Контактные телефоны


1

Байжанова Рая Махмутовна

Г.Алматы

КГУ школа- гимназ№68

Учитель

каз.яз и литер.



87773834407

Жаңа көзқарас - жаңа форматта оқыту

Ұдайы шығармашылық пен ізденімпаздықты талап ететін ұстаздық мамандықты таңдаған әрбір адам әр сабақтың алдында «нені қалай дайындау керек?», «нені қалай берсем тиімді де түсінікті болады?», тағы сол сияқты сұрақтар мазалайтыны анық.

ХХI ғасырдың жаңа тұлғалы мектептерінде өткізілетін әрбір сабақтың форматы, мазмұны өзгерген, жаңарған.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - Мұғалім.

Өзім беретін сыныптарды әр сабақта топтарға бөліп оқытамын. Топтарға әр түрлі әдістермен бөлемін мысалы: «Жыл мезгілдері», «Пән аттары», «Гүлдер» «Кинолар» (фантастика, комедиялар,триллер, экшн)

Топтағы жұмыс оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.


Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?» деген сұраққа жауап іздейді. Мамандық таңдау-өте жауапты іс. Статистика бойынша жылына 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады, 12% қайтадан өз орнына оралады. Бұл деген өз мамандығын дұрыс таңдамаған.

Инновациялық технологияларды пайдаланғанның нәтижесін, өзгерістерін көру үшін зерттеу жүргіздім. Ол үшін 10 «А» сыныбын таңдадым. Топтың үш оқушысын бақылап отырдым.

«А» оқушы Айгерім-үздік оқушы

«Б» оқушы Миша- орташа оқитын оқушы

«В» оқушы- төмен оқитын оқушы

Зерттеу барысында ақпаратты жинау әдістерді пайдаландым: «А», «Б», «В» оқушыларды бақылау, бейнетүсірілім, фото, сауалнама, сұхбат, оқушылардың жұмыстары (эссе, тесттер т. б)

Сабақты сергітуден бастаймын.

Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері табу үшін «10 сұрақ» әдісін пайдаландым. Бұл тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

  • Жанды ма, жансыз ба?

  • Адамдар пайдаланады ма?



Оқушылар сабақтың тақырыбын атайды. Ол «Мамандықты таңдау».

  1. Қызығушылықты ояту үшін -«Алфавит жолымен» әдісті қолданамын

  1. I-топ А-дан Л-ға дейін

  2. II-топ М-дан Я-ға дейін мамандықтардың атын жазу

  1. Топтар постер жасап, қорғайды.

1-топ «Адаммен байланысты мамандықтар»

2-топ «Техникамен байланысты мамандықтар»

Мұғалім, дәрігер, заңгер, шаштараз, әртіст, сәнгер I-топ

Программист, құрылысшы, тракторшы, сәулетші II-топ


  1. Мәтінмен жұмыс. Инсерт стратегиясы ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында «V»- «білемін», «-» -«мен үшін түсініксіз», «+» - «мен үшін жаңа ақпарат», «?» - «мені таң қалдырды» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT- оқығаның түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру-аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден- бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни, байланыстар құруға дағдыландырады.



  1. «Cөйлемді аяқта» әдісі. Постер жасау, қорғау. Жақсы маман болу үшін-- . Флипчартпен жұмыс.

Диплом керек, өз ісінің шебері болу керек, компьютер білу керек, бірнеше тіл білу керек.

  • Ой толғау:

-Болашақ мамандық қаншалықты адам өмірінде маңызды деп ойлайсыңдар? Тірек сөздер арқылы: өте зор, адамның өмірі, күнделікті істейтін ісі, жақсы көрсе, шаршамайды, рөлі, дамытады, жетістіке жетеді.

  • «Дәрігерде» тақырыбын оқыған кезде «Жұпта талқылау» әдісін пайдаландым. 1-топ Тіс дәрігерінде. 2-топ Лор дәрігерінде «Мини қойлым» көрсетеді. Оқушылар бұл тапсырманы өте қызығушылықпен орындайды. Диалог құрастырады, тақтаға шығып мини қойлым қояды .

  • Синквэйн:

  1. Дәрігер

  2. Мейірімді, білімді

  3. Емдейді, шыдайды, көмектеседі

  4. Дәрігер-қиын мамандық

  5. Өмір

  • Презентация: «Ең қажет етілетін мамандықтар»

  • «Шеңбер» стратегиясы.Оқушылар шеңберге тұрады. Тақырып бойынша сұрақтар қояды, мысалы:

- Дәрігер болу үшін қандай пәнді жақсы білу керек?

-Тісті қандай дәрігер емдейді? стоматолог

-Балаларды қандай дәрігер емдейді? педиатр

Зерттеушілік әңгіме. Мәтінді оқып болған соң «Бағдаршам» стратегиясын пайдаландып оқушылар, өзін - өзі бағалайды. Олардың партасында жасыл, сары, қызыл түсті фишкалар. Жасыл фишка- толық түсіндім, сары фишка - жартылай түсіндім, қызыл фишка - ештеме түсінбедім. Жасыл фишкасы бар оқушылар, сары және қызыл фишкасы бар оқушыларға түсіндіреді.Бұл бағалаудың заманауи тәсілдерінің бірі.

-Зейнептің ойынша, дәрігердің мінезі мейірімді және шыдамды болу керек.

Осы пікірге қосыласыңдар ма? Өмірден мысал келтіріңдер.

1-топтың әңгімесі:Игорь.

- Дәрігер 1 жыл шыдамдылықпен қан ауруымен ауырған туысқан баланы емдеп, жазып шығарды.

2-топтың әңгімесі: Әнель.

-Хирургтер менің атама 5 сағат операция жасады, сондықтан шыдамдылық өте керек.

3-топтың әңгімесі: Сабыржан

-Балалар дәрігерлеріне мейірімділік пен шыдамдылық өте керек. Менің інім ауырғанда ол ауырған жерін айта алмайды, тек жылай береді.

Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар бір тұжырымға келді.

Соңғы жылдары білім беру ұйымдарында жаңа ақпараттық коммуника-циялық технологиялар оқыту үрдісінде қолданыла бастады. Оқыту үрдісінде мектептер компьютерлік техниканы пайдаланудың жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде электронды оқулықтар, электронды басылымдар, т.б. бар. Оқушы Web-беттерінде орналастыра алады.

  • АКТ-ны пайдалану «Дұрыс-бұрыс стратегиясы»

  • Эссе жазу «Менің болашақ мамандығым»

Рефлексия: беткескіндер арқылы. Жаңа көзқарас- жаңа мүмкіндіктер.

«Кері байланыс» парағы - стикелерге жазып қалдыру.

Сабақтарымда бақылағанымды кестеге жазып отырдым. Диалогтық оқуды қолдану арқылы ауызша сөйлеудің деңгейі өсті.

-Келесі ақпаратты жинау әдісі-бейнетүсірілім. Сабақтарды бейнетаспаға түсіріп, оқушылардың топтағы жұмысын, жұптағы жұмысын зерттеп, кеңес беріп отырдым. Ауызша сөйлеудің деңгейі

Зерттеуге дейін

Оқушы

Монолог

Диалог

Дискуссия

А

Жақсы

Жақсы

Жақсы

Б

Төмен

Орташа

Орташа

В

Төмен

Төмен

Төмен

Зерттеуден кейін

Оқушы

Монолог

Диалог

Дискуссия

А

жақсы

жақсы

жақсы

Б

жақсы

жақсы

жақсы

В

орташа

жақсы

орташа


Сауалнама жүргізу де көп ақпарат береді.


Зерттеуге дейін, зерттеуден кейін оқушылардан сұхбат алдым. Айгерім сұрақтарға толық жауап берді. Миша мен Влад орташа жауап берді. Мұғалімнің рөлі өте зор.

-Оқушылардың жұмыстары: эссе, тесттер, жазба жұмыстар ақпарат жинау әдістерінің бірі. Миша эссе жақсы жазды, Влад тестті жақсы жазды.

Әр сабақты өткізгеннен соң оқушылардың сауалнамасын, жұмыстарын, тілек жазған стикерлерін оқуға асықтым. Бейнетүсірілімді көріп, сұхбаттарын тыңдап көп жақсы әсер алдым. Сабақта бұрын байқалмай қалған мәселелер бойынша жауаптар іздедім.


Инновациялық технологиялар оқыту арқылы оқушыларға көзқарасым өзгерді. Әр сабақты талдап отырдым. Сабақтан сабаққа оқушылар сенімді жауап беруге үйренді. Топпен жұмыстың арқасында қарым-қатынастары жақсарды. Кейбір оқушыларда көшбасшылық қасиеттер білінді.

Зерттеу барысында бақылағаным:

-жаңа әдістерді жақсы қабылдайды

-қызығушылық танытады

-топта жұмыс істейді

-сенімді жауап береді

-диалог құрастырады

-жұппен жұмыс істейді. Инновациялық технологияларды белсенді түрде енгіздім.

Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе- төмен тәртіптегі мақсаттың дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксономияның мақсаты : танымдық, эмоционалдық және психомоторлы жағынан оқушыларды оқыту.

Қазақ тілі мұғалімдеріне жүктелген мемлекеттік тілді дұрыс оқыту - үлкен жауапкершілігі мол жұмыс, ендеше осы жолда атқарып жүрген жұмыстарымыз әрқашан мәнді де нәтижелі болсын дегім келеді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал