- Учителю
- Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары қасым аманжолов өзім туралы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары қасым аманжолов өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Сабақтың мақсаты: Ақын шығармашылығымен таныстырып, өлеңнің мазмұнын меңгерту. Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
-
Оқушылармен амандасып, қатысымын қадағалау;
-
Назарларын сабаққа аудару;
Жаңа сабақ
Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы топырағында дүниеге келген. Ол жастайынан өлең шығарып, ән салып, домбырада, скрипкада, күйсандықта жақсы ойнаған.
Ақын Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыста оққа ұшқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев туралы «Абдолла» дастаны, «Орамал», «Дариға», «Туған жер» әндері, «дауыл»,«Өзім туралы» жырлары қалың қазақтың рухани мұрасына айналды.
«Өзім туралы» өлеңді мәнерлеп оқып беріп, кейін оқушыларға оқыту.
Оқулықпен жұмыс
Жасық - жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз
Көрік - ұста дүкенінде көмірді үрлеп, темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуіш
Торқа - ең қымбат жібек мата
Тымырсық - сыр ашпайтын, сөйлемейтін адам
Өлең құрылысына талдау
(25 шумақ, 100 тармақ, 11-12 буынды, а а б а түрінде қара өлең ұйқасы)
Тақырыбы:
Авторы:
Шумағы:
Тармағы:
Буыны:
Ұйқасы:
Сұрақ - жауап:
1.Өлең «Өзім туралы» деп аталған, ақын тек өзі туралы толғаған ба?
2.Ақын болашақты қалай болжайды?
3.Абайдың «өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасым өлеңінің қай жолы үндес?
4.Қасым Аманжоловтың қандай өлеңдерін білесіңдер? Жатқа айтып беріңдер.
5. Қасым Аманжолов кім?
Сабақты бекіту
«Егер де мен...» тақырыбында өз ойларыңды жеткізіңдер. Әр оқушы бір - екі сөйлеммен айтып шығыңдар.
Үйге тапсырма
«Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау