- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 'Мәтін туралы түсінік' тақырыбына арналған сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен 'Мәтін туралы түсінік' тақырыбына арналған сабақ жоспары
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 2
3. Күні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, әдеби тіл туралы алған білімдерін бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материал
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа сабақ:
Мәтін - «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.
V І. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
-
Тапсырма
І топ
16 - жаттығу
-
Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге бола ма?
-
Қанша сөйлемнен құралған?
-
Сөйлемдер бір - бірімен мағыналық жағынан байланыса ма?
-
Мұнда неге сипаттама берілген?
-
Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша айтылған әңгіме ме?
ІІ топ
17 - жаттығу
-
Мәтінге тақырып қойыңдар
-
Тірек сөздерді табыңдар.
-
Іле өзенін картадан көрсетіңдер.
-
Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма?
-
Тапсырма
І деңгей
-
Түркі тілдес тілдерді ата
-
Қазақ әдеби тілі және оның негізін салушылар турулы айт.
ІІ деңгей
-
Төмендегі мәтінге грамматикалық талдау жаса
-
Ап ашық күндерде де сахарада да аяқ астынан қара құйын шыға келді.
-
Шаңды, шөп - желеңді бұрқырата үйіріп, бойына жинап алып,найзадай шаншылып,құйын жүйіткіп ауылға жөнеді.
ІІІ деңгей
-
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді айт және көркем шығармада әдеби тілге жатпайтын сөздерді жазушы неге қолданатынын түсіндір.
-
Қазақ тілінің грамматикасын жазған кім?
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау.
2.Үй тапсырмасын беру:
-
Мәтін туралы түсінік.
2.18 -жаттығу