- Учителю
- Урок по казахскому языку 'Ақын қазасы' (9 класс)
Урок по казахскому языку 'Ақын қазасы' (9 класс)
9 сынып қазақ әдебиеті 25.11.2009 жыл
Тақырыбы: Ақын қазасы (Махамбет Өтемісұлына байланысты).
Мақсаты: 1.Махамбет Өтемісұлы өмірбаянына арнайы көңіл аудару
оның өлеңдерінің әсерлі қабылдануына жағдай туғызу;
2.Сахнада көрініс жасау арқылы оқушылардың қазақша
ойлау, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту;
3.Халықтың қаһарлы күш екендігі, ханның әрқашан
халықпен есептесуі керек екендігі астарлап берілген
Махамбеттің сөздері халықпен бірге екеніне балалардың
көзін жеткізу арқылы, Махамбет сияқты батыр-ақындарға
деген зор құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сахнадағы жабдықтар, ұлттық киімдер, ыдыс-аяқтар,
музыка, магнитофон, т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: сахналық көрініс
Әдіс-тәсілдер: диалог, әңгімелесу, өлең айту, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың ұраны: «Атадан туған ардақты ер бол!»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыз - ерекше сабақ, өйткені бұл сабақ сахнада өтеді. Балалар, алдымен менің қойып отырған сұрақтарыма жауап беріңдер.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
-
Бүгін қай тақырыпқа қорытын шығарып отырмыз?
-
Махамбет Өтемісұлы деген тақырып бойынша қандай жұмыс түрлерін жасадық? (өлеңдерді жаттадық, оларға талдау жасадық, М.Өтемісұлы жайында материал жинадық, реферат жаздық).
-
Махамбет қай ғасырда өмір сүрген?
-
Оның өмір жылдарын кім айтып береді?
-
Махамбет туралы не білесіңдер?
ІІІ.Сахналық көрініс. «Ақын қазасы».
Жарайды, жарайсыңдар! Ал енді «Ақын қазасы» деген қысқаша ғана көрінісін көрсетейік.
І\/. Қорыту.
1.Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
2.Сахна көрінісі кім туралы болды?
3.Ол кім?
\/.Үйге тапсырмасын беру.
Шоқан Уәлиханов жайында мәліметтер дайындап келу.
\/І.Бағалау.
Печников С (Баймағамбет)- , Беков М (Ықылас)-
Тапаева Б (Жәңгір хан)- , Букатич А (түкті жігіт)-
Есенеева Р (Алтай би)- , Усанина А (қара сақал)-
Юсупова Б (Фатима)- , Куроченко А (автор)-
Войтюлевич О (Салиха)-
«Қырым орта мектебі» ММ.
ГУ «Крымская средняя школа».
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Тауқанова Сұлушаш Сайымқызы.
25 қараша 2009 жыл