- Учителю
- Урок казахского языка и литературы
Урок казахского языка и литературы
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері.
Сабақтың мақсаты: 1) Сөздік қорын байыту.
2) Дене мүшелерінің қажеттілігі жайлы мәлімет алу
3) Алған білімдерін 63 пайыздық көрсеткішке жеткізу.
Сабақтың түрі: Биоақпараттандыру және синергетика технологиясы. Ауызша сабақ - 1.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а)сәлемдесу; ә)түгендеу; б)сөйлесу; в) мақсат, міндеттерін айту
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Қазір қай мезгіл?
-Қазір көктем мезгілі.
-Қазір қай ай?
-Қазір наурыз айы.
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1.Дене мүшелерін кім атайды?
2.Олар адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
3.Сан есім деген не? Сұрақтары қандай? Мағыналық жағынан неше түрі бар?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дене мүшелері.
І кезең. Тірек сөздермен жұмыс:
1.Адам
2.Дене
3.Мүшелер
4.Бас
5.Көз
6.Аяқ
7.Қол
Сөздерді тақтадан оқып, естерінде сақтап, дәптерлеріне жазады да, дәптерлерін алмастырып бірін- бірі тексереді. 5 сөз дұрыс болса жауап дұрыс болады.
ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)
ІІ кезең Оқушыларды мәтінмен таныстыру. 4 минут уақыт беріледі
Дене мүшелері
Дене мүшелері: бас, қол, аяқ,көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс. Адам баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақ ішеді, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.
Адамның екі қолы, екі аяғы болады. Адам қолмен еңбек етеді, жұмыс істейді.
Қыста адамдар басына жылы бөрік киеді, қолына қолғап, аяғына пима немесе етік киеді. Бөрікті елтіріден жасайды, қолғапты жүннен тоқиды, етікті былғарыдан тігеді, пиманы жүннен басады. Бөрік, қолғап, етік, пима дүкенде сатылады.
Дене мүшелерін таза ұстау керек.
ІІІ кезең. Мәтін бойынша дұрыс сұрақтар қою. (сұрақтар оқушы санына қарай беріледі) 1 жауапқа 3 секунд беріледі
1.Дене мүшелеріне нелер жатады?
2.Адам немен ойлайды?
3.Ауызбен не істейді?
4.Адамның неше қолы, неше аяғы болады?
5.Адам тілмен не істейді?
6.Адам немен естиді?
7.Қыста адамдар басына не киеді?
8.Бөрік, қолғап, етік, пима қайда сатылады?
9.Адам немен еңбек етеді?
10.Қолғапты неден тоқиды?
11.Тамақты немен шайнайды?
12.Етікті неден тігеді?
13.Дене мүшелерін қалай ұстау керек?
ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)
ІІІ кезең. Кері сұрақтар (балалар не иә не жоқ деп жауап береді)
1.Дене мүшелері: бас, қол, аяқ, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс. (иә)
2.Етікті жүннен тігеді. (жоқ)
3.Тамақты тілмен шайнайды. (жоқ)
4.Қолғапты жүннен тоқиды. (иә)
5.Бөрік, қолғап, етік, пима азық- түлік дүкенінде сатылады. (жоқ)
6.Адамның үш қолы, аяғы бар. (жоқ)
7.Қыста адамдар басына жылы бөрік киеді. (Иә)
8.Адам құлақпен көреді. (жоқ)
9. Мұрынмен дем алады. (иә)
10.Адам тілмен сөйлемейді. (жоқ)
11.Дене мүшелерін таза ұстау керек. (иә)
12.Адам қолмен жүреді. (жоқ)
13.Қыста адамдар аяғына пима немесе етік киеді. (иә)
ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)
ІҮ кезең Тақырыптық сөздік қор. 63 сөз немесе мәтін жазуға болады.
ООМ (Отырғызу орындарының матрицасына белгілеу)
Ү.Кезең Рефлексия: Не үйрендік? Не білдік?
Бағалау
Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, сөздерді жаттау.