7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку на тему Қоршаған ортаны қорғау (6 класс)

Урок по казахскому языку на тему Қоршаған ортаны қорғау (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6сынып. Қазақ тілі

Мұғалімі: Сағынбаева Ф.М.

Тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау

Мақсаты:

Оқушыларға экологиялық білім беру.

Міндеттері:

А) Білімділігі: қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті екенін түсіндіру.

Ә) Дамытушылығы: ауызекі сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Б) Тәрбиелілігі: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: дәстүрлі проблемалық әдіс, мәтінмен жұмыс,суретпен жұмыс, ойландыру.

Оқыту формасы: топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтада слайд, фильм, сурет көрсету, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Сөз басы: Ей, Қазақстан ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер - суын қорғау бабаңның

Емес пе еді басты ұраны?!

II. Жаңа сабақ:

Оқушылар суреттер арқылы 3 топқа бөлінеді.

1. «Қоршаған орта» туралы фильм көрсетіледі.

  • Бұл фильм не туралы?

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Өйткені, бүгінде адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі, өнеркәсіптің өркендеуі, ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғуда.

Табиғат - адамның күнкөріс көзі. Бірақ оны есепсіз шашып - төгіп пайдалануға болмайды. Жер шарының қай жерінде болмасын адамның өмірі, қызметі, өзінің және ұрпағының бүгіні мен ертеңі басатын жерге, демалатын ауаға, ішетін суға тікелей байланысты. Демек, адам баласы болашақты ойласа барды күтіп, аялап сақтаумен қоса қалпына келтіру, көркейтуге мән беру керек.

3.Сөздікпен жұмыс:

жарылыс - взрыв шара - мероприятие

қасірет - горе, печаль тіршілік - существование

лас - грязный улы - ядовитый

сақтау - хранить аялау - ценить

қауіп-қатер - опасность мақтаныш - гордость

қорғау - защищать борыш - долг

азаматтық - гражданский апат - бедствия

міндет - обязанность ластанған - загрязненный

тұрғын - житель мөлшер - количество

4. Топ мүшелері фильмнен көргендері бойынша жаңа сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап, оқып шығады.

5. І топ мүшелері сурет бойынша жаңа сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

ІІ топ мүшелері берілген мәтінді оқып түсінгені бойынша сурет салады.

Табиғат - қоршаған орта. Адам сол табиғаттың бір бөлшегі. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның азаматтық борышы. Табиғатты қорғау үшін, өсімдіктерді, жануарларды, барлық табиғат атаулыны қорғауымыз керек.

5-маусым - Қоршаған ортаны қорғау күні. Бұл күні адамдар ағаш отырғызады, сурет салады, саябақтарды тазалайды, түрлі ойындар өткізеді.Табиғат - біздің байлығымыз.Біздің борышымыз келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір, таза өзен-көл, таза ауа қалдыру.

III.Қорытынды.

Топ мүшелері «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында ой бөлісіп, қортындылайды.

1. Жарнамалау. 1-топ. Құрған мәтіндерін жарнамалайды

2-топ. Салған суреттерін жарнамалайды.

2. Үзіліс. Фонетикалық талдау. Әр топ мүшелері берілген сөздің дыбыстарына талдау жасайды.

1-топ. «Табиғат» сөзі

2-топ «Қоршаған» сөзі

IY. Рефлексия:

Соңында әр топ мүшесі табиғатқа тілегін, алғысын айтады.

Табиғаттың панасымыз.

Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас

Гүл де жұлқып, жұлғанды

«Неге өйтті!» - деп сөге алмас.

Аю байғұс аяғын

Алса жырып, қанатып,

Жарасын кім таңады?

Кім бар бағып-қағатын?!

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы-

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы

Үй жұмысы.

1. Табиғат, қоршаған орта туралы өлең, мақал-мәтелдерді айту.

2. «Мен табиғатпын» эссе жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал