7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Етістіктің шақтарын қайталау

Ашық сабақ Етістіктің шақтарын қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау.

Дамытушылық мақсаты: Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу. Адами құндылықтарды бойларына сіңірту.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру, шығармашылық әдіс, ой толғау

Сабақтың жабдықталуы: Тірек - сызба, кесте, кеспе қағаздар, интерактив. тақта

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Смайликтер арқылы сыныпты 3 топқа бөлу.

2. 1 Мұғалім сөзі: Оқушылар, бүгін біз етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.

Біліміңді байқап көр (үй тапсырмасын тексеру)

1. Етістіктің шақтары дегеніміз не?

2. Шақтың қандай түрлері бар?

3. Осы шақ дегеніміз не?

4. Нақ осы шақ қалай жасалады?

5. Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?

6. Ауыспалы өткен шақпен ауыспалы келер шақтың ұқсастығы мен айырмашылықтары қандай?

7. Келер шақ деген не?

8. Келер шақтың қандай түрі бар?

9. Келер шақ қалай жасалады?

10. Өткен шақтың қандай түрлері бар?

Қай топ жылдам

</<font color="#0070c0">Әр топ «Осы шақ», «Өткен шақ», «Келер шақ» тақырыптарында жоба қорғайды.

Тапсырма Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауынан үзінділер беріп, етістік шақтарын табу.

1 - топқа осы шақтағы етістігі бар сөйлемдер



Біз бүгін тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз. Қазақстан 21 - ғасырдың басында тәуелсіз, әрі өзіне сенімді болып отыр. Біз өз жетістіктеріміз үшін мақтаныш сезіміне бөленеміз. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Адамзат үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Әлемде не болып жатқанын біздің бәріміз көріп отырмыз.



2 - топқа өткен шақтағы етістігі бар сөйлемдер



Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясын қабылдадық. Сол кезде алға қойған міндеттер соншалықты асқақ болып көрінетін. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан рәсімдедік. Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. Халықаралық қауымдастық қазақстанды ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Жаратқан бізге көп табиғи байлық сыйлаған. «Қазақстан - 2030» стратегиясы біздің мемлекеттілігіміздің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын.



3 - топқа келер шақтағы сөйлемдер



Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты - өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.



Оқулықпен жұмыс

159-жаттығу. Мәтінді оқып мазмұндау

Шығармашылық тапсырма

Берілген сурет бойынша өлең немесе әңгіме құрау

.........................................................................ойнайды

.........................................................................тоймайды

...........................................................................................

........................................................................... алмады

Болмасаң да ұқсап бақ

Кез келген затты немесе жан-жануарды, табиғат құбылыстарын қимыл іс-әрекет арқылы бейнелеу керек. Бейнеленген іс-әрекет қай шақта тұрғанын айт.

СТО,«Болжау» стратегиясы

Оқушылар сыни ойланып, шығармашылық қабілеттері артады.

Топ болып мәтіннің жалғасын ойлап, өз шақтары бойынша сөйлем құрастырады. 5 мин



3. Шығармашылық жұмыс

Мақал - мәтелдерді көшіріп жазып етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтау және сөз құрамына қарай талдау жасау. Әр топ өз мақал - мәтелінің мағынасын ашатындай етіп эссе жазу.

І топқа: Үйдің жылы - суығы, Қыс түскенде білінер.

Адамның алыс - жуығы,

Басыңа іс түскенде білінер

ІІ топқа: Атадан жақсы ұл туса, Есіктегі басын төрге сүйрер. Атадан жаман ұл туса, Төрдегі басын есікке сүйрер

ІІІ топқа: Ата - ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Қаралы болғанда білерсің. Жанашырдың қадірін Жалалы болғанда білерсің



Дәптермен жұмыс.

168 - жаттығу Етістіктерді теріп жазып, талдау

Елбасы жолдауындағы үш тұғырлы тіл саясатымен байланыстырып, слайдтағы Астана суреттеріне сай келетін етістіктерді орыс, ағылшын тілдерінде айту

«Сауал -бізден, жауап сізден» «ИӘ,ЖОҚ» (топ басшылары сайысқа түседі)

1.Заттың қимылын , әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз бе?

2 Етістіктің үш шағы бар ма?

3Етістік сөйлемде етістік бола ма?

4. Мен тұрмын осы шақ па?

5.Есімдіктің төрт түрі бар ма?

6.мен, сен, сіз, ол жіктеу есімдігі ме?

7.Өз,өзім,өзің сұрау есімдігіне жата ма?

8.Жіктеу, сілтеу есімдіктің түріне жата ма?

9 .лар,лер, дар,тер көптік жалғауы ма?

10.Қазақ тілінде жеті септік бар ма?

11.Көптік жалғауы жуан, жіңішке болып бөліне ме?

12.Заттың атын білдіретінді зат есім дейміз бе?

13. Түбір негізгі және туынды болып бөліне ме?

14.Дыбыстар үшке бөліне ме?

15.Буынның үш түрі бола ма?

Берілген етістіктерді жекеше. көпше жіктеу

Алып келді

Келе жатыр

Оқытты

Күледі

Жылайды

Тыңдайсың



Венн диаграммасы

1 - топ Осы шақ пен келер шақты

2 - топ Келер шақ пен өткен шақты

3 - топ Ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақты салыстыру



Бекіту

Интерактивті тақтамен етістіктің шақтарын қайталауға арналған тест жұмысын орындау



Үйге тапсырма Етістіктің шақтарын қайталау

Қазақстан-кеше-бүгін-ертең (ойтолғау жазу)

Бағалау (топ басшылары бағалайды)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал